Ат пен есек

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыта отырып, негізгі ойды анықтауына  мүмкіндік туғызу.

Білімділігі: Мысалмен таныстыру арқылы  мәтіннің мәнін ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын, логикалық ойлауын, белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың  түрі: шығармашылық ізденіс сабақ.

Әдістері: Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,хат жазу,мультик  құрау,сахналау,зерттеу,талдау-жинақтау.

Көрнекілігі:маскілер,слайдтар,көрініс

САБАҚТЫҢ  БАРЫСЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,                        Армысың,ару күн!

Ақ ниетті тілекпен                            Армысыздар,қонақтар!

Амандасып алайық                           Армысың,қайырымды , дос!

Біз жадырап қалайық                        Бос өтпей әр күнің,

Біліміңе білім қос!

-Балалар бүгін ерекше күн,ерекше сабақ . Барлығыңа сәттілік тілеймін.Сендерден ерекше жауап,терең білім,шығармашылық жұмыстар күтем.

«Ұшқыр ой»

2.Үй тапсырмасын «Уақыт шеңбері» әдісімен бастайық

1.Оқиға қай елде болды?                                   2.Африка неге жатады?

3.Акула қандай балық?                                      4.Кемеде кімдер болды?

5.Екі бала не істеді?                                          6.  Қарт артиллерист кім?

7.Акуланы кімдер көрді?                                  8.Балалар акуланы неге көрмеді?

9.Балалар қалай аман қалды?

  1. Осы тақырыптан өзіңе не алдың?  Достарыңа не айтасың?

11.Екі баланың орнында болсаң не істер едің?

12.Осы мәтіннің мазмұнына байланысты мақал-мәтел айт.

1.Бойыңа сенбе,ойыңа сен!

2.Сақтықта қорлық жоқ.

3.Сақтансаң ,сақтайды

Қортынды; Біз бұл мәтіннен « Сумен ойнама-батарсың , Отпен ойнама-күйерсің»  деген ескертулерді еске ұстап сақ жүруге ,әрқашан қауіпсіздік ережесін еске ұстауды үйрендік.

Жаңа сабақ: .Біз бүгінгі сабағымызда үш топпен жұмыс жасаймыз.  Топқа бөліну.

І-топ «Баяндаушылар»

ІІ-топ «Зерттеушілер»                                                                                             ІІІ-топ «Әдебиетшілер

«Қызығушылықты ояту» . Үш топ жаңа сабақ мазмұнын ашады.

Б. Ат жүрісі

З. Ат дауысы

Ә. Есек дауысы.

10-сұрақ  ойыны.

Ат пен есек деген сөзді  балаға маска қылып кигізіп,  сұрақ  қойғызады. Сол сұрақ  арқылы сөзді табу.(-Адам ба?  Жануар ма? Жүйрік пе? Жыртқыш па?)

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-Биыл  қай жыл кірді?

-Ат, есек деген жануарларды көргенің бар ма?

— Олар қандай жануарлар?

-Адамға қандай пайдасы бар?

Мұғалім.Ат пен есек мысалының авторлары орыс жазушысы И.А.Крылов өмірі.                                          слайд-1.

Ал оны аударған Ы.Алтынсарин.Алтынсарин туралы біз білеміз. Ол кісінің кім екенін мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білесіңдер. Сабақ барысында  ол кісі туралы білімдеріңді көрсетесіңдер.

1.Бір оқушы оқу.2.Жаппай  іштей оқу. 3.Тізбектей оқу.4.Сөздік    жұмыс

 «Мағынаны тану»

  1. «Баяндаушылар» тобы—Ы.Алтынсарин өмірі. слайд-2.
  2. «Зерттеушілер»— Мысал деген не? Өткенді еске түсір, мысалдар келтір.
  3. «Әдебиетшілер» Мысалда не туралы айтылады?

Кейіпкерлерді ата (ат   ,есек,иесі). Автордың айтайын деген   негізгі ойын тап.

Үш қадамнан тұратын сұхбат» әдісі.

«Зерттеушілер»-сұхбат алады.

-Есек қандай жануар?

-Адамға қандай пайдасы бар ?

-Есек Атқа қандай өтініш айтады?

— Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді?

«Ат құлақ салып, қарамады, Ойланып тереңірек бара алмады…» дегенді қалай түсінесің?
Тәкаппарлық керекті қасмет пе? Керексіз қасиет пе?

-Қай кейіпкерге риза емессіңдер?

-Көңіл-күйлерің қалай өзгерді?

-Қандай сезімде отырсыңдар?

«Баяндаушылар»-жауап береді.

«Әдебиетшілер»-жинақтаушылар

-Өлеңнен Есектің сөзін тауып, мазмұнына сәйкес ырғақпен оқы.

-Теңеулер мен ұйқастарды тап.(Дәптерге жазу)

СЕРГІТУ СӘТІ:

«Ой толғаныс»  Шығармашылық жұмыс

Балалар сендер қазір атқа деген ,есекке деген көңіл күйлеріңді айтыңдаршы.Барлығыңның  айтайын деген ойларың бар сол ойларыңды хат жазу арқылы білдіріңдерші.

«Б»—Атқа хат жазу

«Ә»-Есекке хат жазу.

«З»- Сахналау

«Ғылым жолы бастауыштан басталады»  Кіші зерттеу жұмысы

«З»-жылқы  туралы зерттеу жұмысы.

«Б»-есек туралы зерттеу жұмысы.

«Ә»-ВЕНН диаграммасы мінездерін салыстыру.

Қортынды.  Мысалға түйін.

З.  Қайырымдылық керек пе,керек емес пе? Қазіргі заманда қайырымдылық керек.Бір бірімізге көмек жасап жанашырлық танытып,береке бірлігіміз арттса жақсы өмір сүреміз,  мемлекетіміз  де дамиды,алға басады.2050 стратегиясын орындау үшін қоғамға жақсы адамдар керек.

Б.     Кластер құру.   «Қайырымдылық»

Ә.    Мысал мазмұнына сай келетін мақалдар жаз.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 285 бет мәнерлеп оқу. «Менің қайырымдылық істерім» шығарма  жазу..Эрих Распе неміс жазушысы туралы  ізденіс.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *