Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

Ұстаз – өзгелерге  үйретуден  шаршамайтын, өзі де үйренуден, ізденуден тынбайтын  мәртебелі  мамандық. Осы  мамандықты  таңдауыма не себеп болды екен… Мүмкін  білім  берген  ұстазыма  еліктегендіктен  болар.

Алғаш мектеп табалдырығынан  аттап, бейтаныс  жанның  бала  көңілінен орын алып, оны  білім  нәрімен  сусындатқан  жан – ұстаз.

Осындай  қасиетті, таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың ыстық  аялы  жүрегі  мен  шәкірт  үшін  ұмытылмас  күндер еді.  Арадан  қанша  жыл  өтсе де  ұстаздың  берген  білімі  мен  тәрбиесі  ұмытылар  емес.

Академик , жазушы З.Қабдолов:  «Ұстаз  көрмеген  кісі – үлгі, өнеге көрмеген кісі.  Ал  үлгісіз,  өнегесіз  кісіде  қандай  қасиет  болмақ.  Асылы адам өзінің  азаматтығы  үшін  алдымен  ұстазға  қарыздар!» —  деп  жұрттың  көңіліндегі  ойды  жазушылық  құдіретімен   шебер  жеткізген.

Сол секілді  шәкірттердің көңілінен жол  таба білген  жан.

Қызығы  мен  қиындығы  қатар бұл мамандық – менің өз  қалауым еді.  Арадан  қанша  жылдар өтсе де  шәкірттерімнің бірі  қалада, бірі ауылда, тіпті біреулері  көршілес елдерде  өмір  сүріп бірі – ұстаз,  бірі- дәрігер  т.б  салада  маман  иесі. Мен оған  қуанамын, жігеріме  қанат  біткендей  болады, шәкірттерімнің  түрлі  салада  маман иесі  болғанына  ризамын.  Кей  шәкірттерімнің  балалық  қылығына қынжылатын  да  кез болды. Ұстаз болу – оңай емес екендігін  өз  тәжірибемнен, әріптестерімнің  тәжірибесінен  де  көріп  жүрмін.  Ұстаз болу – жүректілікті, даналықты  кезі  келсе  керек  жерінде  бала болуды  талап  етеді.

Бүгін кіп – кішкене бала – ертең  азамат. Азамат – Отанның тірегі.  Олай болса,  ұстаз  ел  іргесін  бекітетін  болашақ  иелерін  тәрбиелеуші.

Осы  болашақ  иелерінің  жүрегінен   орын   таба   білу  міндетім.

Бүгінгі  Тәуелсіздіктің  көк  туын  көкке  желбіретіп,  ізгіліктің  игі  мұраттарын

әлемге  паш  еткен   Қазақ  елінің  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  енгізетін   еңсесі  тік , білімі  биік  шәкірт   тәрбиелеуден  жалықпаймын ,  қуанамын . Қуанып тұрып:

Ақырын  жүріп , анық  бас ,

Еңбегің  кетпес  далаға.

Ұстаздық  еткен  жалықпас

Үйретуден  балаға,-

деп   ұлы  Абай   айтқандай  барлық  ұстаздарға  мәртебелерің  биіктей  берсін  деп тілеймін!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *