Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдана отырып, сабақтың кезеңін ұйымдастыру

 

Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін анықтаған. Осы дәйектеу түрлерін сабақ үрдісінде қолдануынан шығатын нәтижеге тоқталайық. Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту аясында сабақ үрдісінде әңгіме-дебат әдісін қолдана отырып, оқушылар бойында  бәсекелестік пайда болып, басқа адамдардың көзқарасын  қабылдамай, өз ұстанымын дәлелдеді. Топырақ зоналарын анықтағанды үш зонаға қарама-қайшы мәтіндер беру арқылы, оқушылардың қазақ жеріндегі топырақ зоналарын дәлелді сипатауға бағыттап, статистикалық деректер арқылы бекітіп отырды. Қазіргі таңдағы топырақ түрлерінің эрозиясы тақырыпшасына келгенде кумулятивтік-әңгімеге көшеміз. Себебі  мұнда оқушылар бір –бірінің  үлесін   сынамайды  және  сындарлылыққа негіздейді. Яғни әркім өз ой-пікірінде қалады. Ойлар ортаға салынып, тыңдалады. Топырақ эрозиясының түрлерін айта отырып,оған қарсы  жүргізілетін жұмыстарды ортаға салғанда әрбір жеке тұлғаның  ой-пікірі құнды. Және оған келісе отырып, мен былай жасар едім деген қосымша дәлелдер келтіріледі. Сынып ұжымын екі топқа бөліп «Қазақстан өсімдік және жануарлар түрлеріне бай немесе бай емес» тақырыбында зерттеушілік әңгіме жүргізгенде, ұсыныстар жайында   күмән  туып, қарсы дау  айтылып, негізделген  дәлел  мен сын тұрғысынан ойлау арқылы жасалды. Бірінші топ жануарлар мен өсімдіктердің байлығын, орналасқан жерін айта отырып, статистикалық дәлелмен келтіргенде, екінші топ олардың бұрынғы түрі мен санын айта отырып, проблемалар ашылды. Байлықты қорғай алмау себептеріміз ортаға салынып, оқушылардың биология, тарих пәндеріндегі білімдері де байқалды. Оқушылар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне жағдай туады.Оқушылар идеясын тыңдап, балама көзқарастарын қарастырып, бір-біріне икемделуі құрмет сенімге негізделеді.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы мынадай дағдылар қалыптасады: көру арқылы немесе ауызша дәлелдермен алынған деректер жадыда ұзақ сақталады; жеке, топтық пікірлерді салыстыра отырып, сыни тұрғыда тұжырым жасауға, өз ойын қорқынышсыз айтуға дағдыланады; дұрыс қойылған сұраққа жауап беру арқылы мүмкіндіктер мен қиял-ойларын шыңдауға мүмкіндік береді.

Сабақ үрдісінде алынған білімді ұзақ мерзімде есте сақтау үшін мнемониканы пайдаланған жөн. География пәнінде нысандар биіктігі, ұзындығы, көлемі, халық саны статистикалар көп кездеседі. Осы сандарды Loci әдісі арқылы сақтауға мүмкіндік жасаймыз. Яғни, ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген  мнемоникалық әдіс. Елдерді әйгілі суреттер арқылы, сандырды туысқандардың туылған күні, жылы, мекен –жай бойынша, нысан атауын күнделікті кездесіп жүрген заттармен салыстырмалы түрде, яғни визуалды образдарды құру бойынша жаттауға жағдай туғызу.Мысалы: Қазақстандағы мұздықтар атауын жаттағанда, картасхема арқылы орнын, ал атауын  зерттеушілер Тегі, ақындар аты деп алсаңыз тез есте қалады. Салыстырмалы түрде: Берг мұздығы, ол Арал теңізін зерттеген, жағалау аудармасына ұқсас(берег), Жетісу Алатауында Безсоновпен көрші.Осындай алыстырмалы түрде күнделікті сабақта нысандарды бес минутта жаттап, оны дәптерге түсіртіп, берілген уақыт ішінде қанша сөз жаттағанын жазып алып, өзіне қайта тексертіп, толықтыру жұмысын жүргізіңіз.Күн өткен сайын оқушыда сөздер саны көбейіп, есте сақтау қабілеті шыңдала түседі.

Қорыта келгенде сын тұрғысынан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдар мен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Оқушылар сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу дағдылары қалыптасады. География пәнінде диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту заманауи талаптарға сай келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *