Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тренинг

«Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» тренинг.

Бұл тренинг ата-аналарымен өткізіледі.

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Тренинг сабақты өткізуге түрлі-тусті қағаз, желім, плакат керек.

Тренинг барысы:

  1. Сәлемдесу рәсімі
  2. Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»
  3. «Жанұя бақыты» жаттығу.
  4. Ситуациялық сұрақтар
  5. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
  6. Жаттығу: «Тілек шамы».
  7. «Сиқырлы жүрек» ой-түйін

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті  ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық  білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

Жаттығу – «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Барлық  ата – ана шаңырақтың астына жиналып тұрамыз.  Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы: Мен нұрлы – Нұргүлмін;

Мен көрікті — Әсеммін;

Мен дарынды – Дидармын.

Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.

Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,

ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.

Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

 Жаттығу: «Жанұя бақыты» жаттығу.

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

 «Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отьасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.

  • Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
  • Отбасы бұл….
  • Отбасым бақытты болу үшін….
  • Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі….
  • Мен қалар едім отбасымның….

Жаттығу: «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынсатың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя-жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. 

 

 

Ситуациялық сұрақтар:

  1. Ата – ана қандай болу керек?
  2. Нағыз мұғалім қандай болу керек?

 

Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет

  1. «Жалғасын тап» ойыны.
    Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
    Талдау: өлең шумағын бір — бірден оқып талдайды.
    6. Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:
    Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
    Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
    Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
    Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі «Мен және жанұям» атты тренинг — сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ән: Ана-әке Әбдіғаппар Әлқожамен бірге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Ой жинақтау .

Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ.    Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар.

2 топ.   Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?

  1. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
  2.  Балаңыздың туған  күні?
  3. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?
  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
  5. Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?

5     Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  1. Балаңыз кеше қандай баға алды?
  2. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
  3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
  4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
  5. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
  6. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12.Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

6.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен  үлестірмелі қағаздарды  бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

 

  1. Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

 

  1. Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,…..деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да

сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

 

  1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген

бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды»

деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

 

  1. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әәрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

 

  1. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

 

6 .Балаңыз  күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

 

  1. Балаңыз мектептегі  бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.Балаңызға қандай кеңес бересіз?

 

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

 

9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

 

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

 

11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз  тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата — ана мен бала арасындағы қарым — қатынас

Жарияланды 16-10-2016, 10:05 Категориясы: Психология

ТРЕНИНГ
Тақырып: Ата — ана мен бала арасындағы қарым — қатынас
Мақсаты: Отбасындағы ата — ана мен бала арасындағы қарым — қатынасты үйлесімді ету, жақсарту. Ата — ана және бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру.
Қажетті құрал жабдықтар: А 3 — форматтағы ақ қағаздар, түрлі — түсті қарындаштар мен маркерлер, қағаздан қиылған алмалар, шарлар, ватман, музыка ырғағы.

Жұмыс барысы:« Ой салу» ата — анаға көрсететін презентация
1. Психолог: Сәлемдесу сергіту: ана және бала
Амансың ба досым — қолмен амандасады
Қалың қалай? – иығынан ұстаймыз
Қайда болдың? – құлағынан ұстаймыз
Мен сені сағындым ғой — қолдарымызды жаямыз
Сен келдің — құшақтасады.

2. Тәрбиеші:«Сиқырлы сөздер ойыны»
Сиқырлы сөздерді білесіңдер ме? Қандай? Барлығың айтыңыздаршы……
— Таңертең тұрғанда аналарың не дейді?
— Қазір біз сиқырлы сөздердің көмегін көреміз! Егер мен бір нәрсені істеуді өтінемін деген сөзбен айтсам ғана орындаңдар. Егер ұмытып кетсем, орындамайсыңдар.
Тапсырма.
Өтінемін қолдарыңды көтеріңдер! түсіреміз.
Қолдарыңды жандарыңа қарай көтеріңдер!
Өтінемін оң қолдарыңды көтеріңдер! түсіреміз
Қолдарыңды белдеріңе қойыңдар!
Өтінемін қолдарыңды бастарыңның артына апарыңдар түсіреміз
Өтінемін қолдарыңды белдеріңе қойыңдар
Өтінемін сол қолдарыңмен оң қолдарыңды ұстаңдар! түсіреміз
Қолдарыңды көтеріңдер!
Өтінемін қолдарыңды жандарыңа қарай көтеріңдер! түсіреміз

3. Тәрбиеші: ата — аналар үшін ойын: Өз балаңыздың 3 жақсы қасиетін айтыңыздар.
Сіз мақтан тұтатындай балаңыз шағын орталықта нені үйренді?

4. «Сөйлемді аяқта» ойыны
Алдымен анасы, содан кейін баласы айтады.
«Мен……… ұнатамын»
«Мен………. ұнатпаймын»

5. Психолог: Жұлдызқұрт ойыны. Бір — бірімізді жақсы сезініп, бір бірімізден энергия алу үшін бір сергіту сәтін өткізейік.
Нұсқау: Қатысушылар бойларыңмен сапқа, бір — бірлеріңнің алдарыңа тұрыңдар. Қолдарыңды белдеріңе қойыңдар. Шарлар алдыңғы қатысушының белі мен іштерінің арасына ұсталып тұрады. Шарларды қолмен ұстап түзеуге болмайды. Алдыңғы қатысушы шарды, қолдарын алдыға соза отырып, ұстайды. Сонымен, бір тізім шықты. Енді тізім үзілмейтіндей етіп, шеңбер жасап жүріңдер.( Қатысушылардың шарларды түсірмей жүре ала ма екендігі, балалардың өз әрекетін қалай үйренгендігін, біреуі лидер рөлін алды ма екендігі қарастырылады)
Өздеріңді жұлдызқұрттың бір мүшесі ретінде сезіндіңдер ме? Кім сезінді,
Қолдарыңды көтеріңдер.
Бұл неден көрініс береді? (мен тез жүруге қорықтым)

6. Психолог: Психологиялық сәт: Уақыты 5 минут
Қатысушылар, анасы мен баласы өмірлеріндегі ең бақытты кездерін айтады. ( Музыка ырғағы ойнап тұрады)

7. Тәрбиеші: «Өнеріңді сына»Ата — ана мен бала бірігіп өнерлерін ортаға салады
1. Биге жақын ата — ана мен баласы «Қара жорға» биін билейді.
2. Спортқа жақындар бір спорт түрін көрсетеді.
3. Шебер қолдар бар болса, шеберлігін көрсетеді. (сурет салу т. б.)

8. Психолог: «Отбасы суреті». Қатысушылар екі топқа бөлініп, бірігіп ақылдасып, қандайда бір образды ұсынады. Ватманға отбасы портретін салады. Салынған сурет талқыланады.

9. Тәрбиеші: Аналармен өзіндік жұмыс.
1. Балалармен карта ойнауға бола ма?
2. Егер бала сізге онымен бірге ойнауды өтінсе, ал сіз осы кезде теледидар көріп отырсаңыз не істеу керек?
3. Егер ойындағы кез — келген сәтсіздік балада қайғы мен уайым, жылауды туындатса не істеу керек?
Тәрбиеші: Қортынды сөз. Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» — деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні — баласының алдыңғы
қатарлы азамат болып өскені. Ата — ананың жеке басының әсері балаға күн
сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес. Сондықтан баладан жүрек жылуын аямай, бір сәт болса да бала көзімен қарау керек.

10. Психолог: Қоштасу рәсімі. Қатысушылар қағаздан қиылған алмаларды алады. Онда әркім бір жағымды сурет салуға, не жақсы тілек жазып, бүгінгі кешімізге естелік болатындай етіп, мына талға ілуді ұсынамыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *