Коучинг сабақтар арқылы мұғалім тәжірибесіндегі жаңашылдыққа бетбұрыс

Жас ұрпаққа  білім беру ,оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп  тәрбиелеу — әр ұстаздың,әр мектептің міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім  беру саласында  елеулі  өзгерістер  өрістеуде. Бұл жерде бүгінгі білім беру жүйесіндегі «үйрену мен үйрету тек өзара  белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады » және тек «әрекеттесу арқылы ғана үйренуге ,үйретуге болады»  деген мәселелерді басты назарға алуға болады деген ойды толықтай қолдаймын.

Коучинг-бұл тиімділікті барынша арттыру мақсатында адам мүмкіндіктерін ашу. Коучинг үйретпейді,үйренуге көмектеседі. Жаңашыл педагогтарды толғандыратын сұрақтардың бірі-оқушылардың қызығушылығын ояту,оның сыни тұрғыдан шығармашылық  ойлауын, өмірде қолдана алатын дағдыларын дамыту.Мектеп мұғалімдерінің тәжірибелеріне осы  бағдарламаның  жетістігі мен жеті модулін ықпалдастыруына көмек көрсету мақсатында  коучинг сабақтар өтудің маңызы зор.  Коучинг  барысында  мұғалімдер идеямен бөліседі, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім  өз жұмысының жекелеген  салаларын жетілдіреді, алған кәсіби білімдерімен , игерген дағдыларымен тәжірибелерін бөлісе отырып ,жетістікке жететінін білуіміз керек.Сол себептенде коучинг сабақтарын өту –бүгінгі күннің талабы деп түсінуіміз керек. Коучингтен алған білімдерімізді сабақ кезінде толық пайдалануға мүмкіндіктер көп.Бірақ тиімді жағын  ойлауымыз керек.Әсіресе , оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту жолдарына көбірек көңіл бөліп, жұмыс жүргізу керек  деп ойлаймын. Мұғалімдер сабақ үстінде  дарынды  оқушылардың  таланты әр салада әр түрлі екенін ескеріп , сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының дұрыс дамуына бағыт береді.Сын  тұрғысынан ойлау модулі арқылы іс-әрекеттің жаңа немесе түрленген тәсілдерін енгізу, баламалы шешімдер қабылдау және де бір нәрсенің екі жағын қарастыра алатын ойлар туындатуына түрткі болу керек. Осы шешімдерді қабылдау,  ойларды дәлелдеу үшін екі немесе бірнеше адамдарды  қатыстыра отырып ,әркімнің ойы өзінше құнды екенін түсіндіру  қажеттілігі туындайды.

Нәтижесінде  топтық жұмыста  жекелеген мүшелердің  қабілеті мен тапсырмаға  қосқан үлесін құрметтеу керектігін және топта жұмыс істегенде  әр топ жұмыс істеудің басқа тәсілін ұсынатынын байқап ,бұны  жетістік ретінде  бағаласа  белсенділік артады деген ойдамын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *