Сандарды салыстыру. Алыс – жақын

Мақсаты:1-ден 4-ке дейінгі сандар туралы білімдерін бекіту; сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • үлгі бойынша және аталған сан бойынша санап үйрену;
  • сандардың байланысын түсіндіру (2-3);
  • 1, 2, 3, 4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді әрі қарай жалғастыру;
  • санмен берілген жұмбақтарды шешу жолдарын үйрету;
  • цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету;
  • кеңістік ұғымын қалыптастыру (алыс, жақын);
  • шеңбер, шаршы, үшбұрыш сынды геометриялық пішіндер туралы ұғымды бекіту;
  • логикалық тапсырмаларды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешуге үйрету;
  • Жаңа жылға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі:1, 2, 3, 4 цифрларын, «алыс – жақын» ұғымдарын;

түсінеді: үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;

қолданады: «ұзындау, қысқалау» ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш сынды геометриялық пішіндер туралы ұғымды.

Қажетті көрнекі құралдар: демонстрациялық материал ( №5 кесте), № 1 жұмыс дәптері, балалардың әрқайсысында 12–18 см ұзындыққа дейін жететін 3 жолақ.

Билингвальді компонент: төрт – четыре, ұзынырақ – длиннее, алыс –далеко, жақын –близко.

ҰОҚ -нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

– Балалар, жұмбақтарды мұқият тыңдаңдар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі.

Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы.

Төрт қырлы, өзі аппақ, 42

 

Тақтадағы ізі аппақ.

Екі атым бар тынбайтын,

Өзімді ғана тыңдайтын.

  1. Негізгі кезең.

 

1-тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді:

– Суретте неше шырша бейнеленген?

– Төменгі қоршауға сонша дөңгелектің суретін сал.

– Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық?

Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балалармен бірге жолақшаларды бір-біріне қойып салыстырады. Педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрайды. Содан соң тапсырма береді:

– Енді бір-біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы қайсысы екенін анықтаңдар.

Сергіту сәті.

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты … деп жүреміз.

2-тапсырма.

Педагог әр карточкадағы шыршаның ойыншықтарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма береді.

Содан соң мынадай сұрақ қояды:

– Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?

3-тапсырма.

Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және тапсырма береді:

– Балалар, Аязата өте асығыс. Ол балабақшаға тез жетуі тиіс. Ол жол айрығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек.

Демонстрациялық материалдың №5 кестесі бойынша тақырыпты бекіту және қайталау.

4-тапсырма.

Педагог балалардан жоғарғы қатардағы пішіндерді атап берулерін сұрайды.

– Жоғарғы бұрыштағы пішіндерді рет-ретімен атап беріңдер.

– Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған пішіндердің суретін салыңдар. Қандай пішіндердің суретін салдыңдар?

  1. Рефлексия.

 

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды ҰОҚ-де белсенділік танытқаны үшін мақтайды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *