Мектепке дейінгі білім беруде табысқа жетудің технологиясы

Қазіргі таңда жан-жақты жетілген,білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет.Бала – болашағымыз десек,сол балаға жүйелі білім беріп,ынта – ықыласын дұрыс бағыттауды,қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді.Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп,оны тиімді пайдаланып,балаларға сапалы білім беру, жан – жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.                                  Ойын – балалардың танымын,тіл байлығын,сөздік қорын дамытудың ең тиімді жолы болып саналады. Мектепке дейінгі мекемеде ойынның бірнеше түрі (дидактикалық,театрлық,сюжетті-рөлдік,қимылды т.б) кеңінен қолданылады. Мен өзімнің іс – тәжірибемді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасын басшылыққа ала отырыпВячеслав ВладимировичВоскобовичтің  технологияларын қолдандым.  Ойын арқылыдамытушылық        ойындарын меңгереді;сандар мен әріптердіүйренеді;түс пен түрді танып есіне сақтайды;санауға,кеңістікті бағдарлауға үйренеді; қолдың ұсақ моторикасын жаттықтырады; тілін,ойын,зейінін,есін,қиялын жетілдіреді; Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда  жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп,оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан-жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық ,қатынастық технология құралдарын пайдалану – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастырады.Ал технология дегеніміз – педагогтық білім,біліктілік,интеллектуалдық  кәсіптік әдіс – тәсілдер жүйесін қолдану арқылы білім беру мақсатындағы педагогпен балалардың өзара қарым-қатынас үрдісі.Осы технологияларға ойын технологиясы кіреді.  Ойын арқылы оқыту технологиясы.Дидактикалық,тәрбиелілік,дамытушылық мақсатқа

жету.Баланың бойында білімділік,танымдық,шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Баланың бірінші әркекеті – ойын,сондықтан да оның мән мағынасы бала үшін ерекше.

Воскобовичтің теремоктары. Бұл балаларды ерте оқуға дайындау үшін арналған керемет оқу моделі.Бірегей құрылым,әріптер жиынтығы,көрнекілік,бейнелілік,буындар мен сөздерді «құрастыру» жеңілділігібұл ойынды «Ұзақ ойналатын шатыққа»айналдырады. Воскобовичтің теремоктары — базалық құрылым.Текше бар,теремок бар.Текше теремокқа салынады – буын шығады.Осындай құрастыру балаларға дыбыстардың буынға айналупринципін түсінуіне көмектеседі.

Теремоктар текшелермен байланысады  және сол арқылы сөздер құрастырылады. Балаларға бағдарламаны меңгеруге дамытушылық орта ұйымдастыру керек. Дамытушы орта деп ойын материалдарын және табиғи заттармен қамтылған рацональді түрде ұйымдастырылған және табиғи заттармен жабдықталған кеңістікті айтамыз. В.В Воскобовичтің ойындары дамытушы ортаға өте жақсы енеді.Оның ойындары көп функционалдығымен ерекшеленіп балалардың ойынға деген құштарлығын оятып,көңілін аудартады.Мысалы:«Математикалық себет» Балаларға шотты бекіту,сандар құрамын анықтауға және қосу мен азайту ұғымдарын түсінуге көмектеседі.Ертегі сюжеті бойынша жануарлар мен сандар:Кірпі-бір,қоян – екі,тышқан – үш және т.б саңырауқұлақтарды себетке жинайды,оларды санап,жануарларға тең саңырауқұлақтар санын таратады да қайсысында аз,көп екенін табады.

«Брызг брызг» кемесі ойыны баланың логикалық қабілеттерін дамытады:1.Ой – өрістерін,зейіндерін,есте сақтау қабілеттерін,тіл байлығын,зеректілігін. 2.Ұсақ бұлшық еттерін жаттықтырады.3.Баланың сан,санау,сан құрамы туралы білімдерін жетілдіреді.

«Баулау»  Балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамытуға қолайлы ойын болып саналады.Сонымен қатар түрлі-түсті баулар арқылы түстерді ажыратуға үйренеді.

Қорытындылай келе мұғалімнің міндеті-баланың өзіне деген сенімін арттыру,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу,өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру,түрін жетілдіру,балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,олардың ізденуін,танымын қалыптастыру.Күтілетін нәтижелер:1.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 2.Оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 3. Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; 4.Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; 5.Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;                                          6.Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс жасау;

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *