Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

Білімділік:        Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы таныстыра отырып, білімдерін кеңейту. Шығармаларын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. Қаламгер шығармаларының мазмұнын талдау, негізгі идеясын, тәрбиелік мәнін ашу.

Дамытушылық:  Студенттердің өз ойын ашық айтып, өз көзқарасын қорғай білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармаларын нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа оқу, мазмұндау, мәнін ашу, ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармалардың ерекшелігін жете талдай білу дағдысын және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Елі бар адамның бақытты екенін саналарына жеткізу, елге, жерге,                                Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру, қаламгер шығармаларының мәңгілік екендігін                                ұғындыру. Әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға баулу.

Күтілетін нәтиже: Шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашады, мазмұнын толық меңгереді. Зерттеу жұмысымен айналысып, әңгімелерін қазіргі заманмен байланыстырады.

Сабақтың типі: білімді бекіту

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО, мәтінмен жұмыс,  талдау, ой қозғау,            К. Бітібаеваның конструкторлық технологиясы, салыстыру, мағынаны ашу, интербелсенді әдістер т.б.

Пәнаралық байланыс: педагогика, өзін-өзі тану, тарих, әдебиет теориясы, бүгінгі өмір

Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, портрет, газет-журнал материалдары, көркем әдеби кітаптар, оқулықтар, бейнефильм, слайд. т.б.

Сабақтың барысы:

5-Т: Тәртіп; Талап; Тыныштық; Татулық; Тазалық.

                        І Ұйымдастыру кезеңі.

а) студенттермен амандасу;

ә) студенттердің сабаққа қатысуын тексеру;

б) студенттердің назарын сабаққа аудару.

Сабақтың жоспары:  

  1. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолы.
  2. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.
  3. Қаламгер шығармаларының тәрбиелік мәні.
  4. Қорытынды

 

Психологиялық дайындық. Тренинг. «Жылы сөз»

Топқа бөлініп, топ басшысын сайлайды. (түстерді таңдау бойынша)

Ы.Алтынсарин өмірінен сыр шертетін бейнефильм көрсетіледі.

І.  Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолы

Бүгінгі сабағымыз данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында дүниеге келген ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстазы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің (1841 – 1889) өмірі мен шығармашылығына арналады. Мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ Ыбырай өлеңімен сусындап өскен сіздерге бұл тақырып қиыншылық тудырмасы анық. Сол себептен үйге Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы жайлы ізденіс жұмыстары берілген болатын.

Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан аса мешеу кезінде өмір сүріп, қазақ халқының демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра салада жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.

Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашан да болсын уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өзінің туысқан халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Ыбырай Алтынсарин өмірінің басты кезеңдері жайында айтып беріңдер.
  2. Ыбырай неге әкімшілік қызметтен гөрі мұғалім болуды таңдады? Оның мұғалімдік, мектеп инспекторы қызметіндегі еңбегін еске түсіріңдер.
  3. «Қазақ хрестоматиясын» жазуға не себеп болды? Ыбырайдың оны жазудағы мақсаты мен принциптері қандай?
  4. Ыбырайды неге қазақ балалар әдебиетінің атасы дейміз?
  5. «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар» өлеңдерінің мазмұны мен идеялық-көркемдік ерекшеліктері жайында айтыңдар.
  6. Ыбырайдың табиғатты суреттеуге арналған қандай өлеңдерін білесіңдер? Ол өлеңдердің қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы, көркемдігі жайында әңгімелеңдер.
  7. Ыбырай әңгімелерінің тақырыптық, көркемдік, идеялық мазмұнын ашыңдар. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімелеріндегі өмір суреттерінің реалистік сипатына назар аударыңдар.

Ы.Алтынсариннің шығармалары

Поэзиясы Прозасы Аудармалары
«Кел, балалар, оқылық!»,

«Өнер – білім бар жұрттар»,

«Жаз», «Өзен»,

«Әй достарым», «Әй жігіттер», «Өсиет өлеңдер», «Береке кеткен елдерде», «Азған елдің хандары», «Азған елдің молдасы», «Азған елдің байлары», Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз», «Залым төреге» т.б.

 

«Талаптың пайдасы, «Әке мен бала», «Бақша ағаштары»,

«Шеше мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Жәнібек батыр»,

«Қыпшақ Сейітқұл»,

«Әділдік», «Өтіріктің заласы»,

«Надандық», «Жиренше шешен», «Дүниеде жамандық неден», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» т.б.

Л.Толстойдан, Паульсоннан «Жаман жолдас», «»Алтын ханым», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Әдеп» т.б.

Ы.Алтынсариннің шығармалары

Этнографиялық очерктері Педагогикалық мақалалардан, хабарламадан Хаттары
«Өлген адамды жерлеу», «Құда түсу, қыз ұзату» «Торғай облысындағы оқу жұмысының жайы», «Қазақтың облыстық мектептері туралы» Катаринскийге жазған хаты – 27 желтоқсан 1879 жыл, 14 ақпан 2 сәуір 1880 жыл.

А.Мозохинге жазған 1881 жыл 16 желтоқсан, 17 қарашадағы хаттары.

Н.Ильминскийге жазған: 1861 жыл, 19 қаңтар, 1871 жыл 31, 1876 жыл 3 желтоқсан, 1879 жыл 25 қараша, 1884 жыл 14 қыркүйекте жазған хаттары т.б.

Педагог-жазушы  жайлы тың деректер мен естеліктер жайында айту.

                                                           «Деректер сөйлейді»

ІІ.  Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

Балаларға арналған шығармаларының ішінде Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Дүниеде жамандық неден», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Кел,балалар, оқылық!», «Өнер – білім бар жұрттар», «Ананың сүюі», «Жаз»,«Өзен» әңгімелері мен өлеңдері т.б.

Бастауыш сыныптың оқулықтары  бойынша шолу жасау.

Электронды оқулық бойынша шолу.

Түсініктеме күнделігі. Студенттер Ыбырай шығармалары бойынша түсіндірме пікір айтып, әдебиет теориясына талдап, жазбаша, ауызша айтады.

ІІІ. Қаламгер шығармаларының тәрбиелік мәні

«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары. Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз» өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, ата-ананы, досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік: «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».
Шағын әңгімелері. Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Бай ұлы» т.б.

Ыбырайдың жастарды, ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі, төзімді болуға үндеген «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.

Орыс жазушыларынан аудармалары:

И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.

Топтық  жұмыс. (сыртқы интеграция) Шығармашылық жұмыста тәртіппен қызмет ету.

Әр топқа мәтіндер  бөлініп беріледі:

І топ.

Ұсақ әңгіме ертегілер: «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит»

ІІ топ.

Үлкен кісілер турасындағы әңгімелер: «Ғалым кісі», «Сәттемір хан», «Малды пайдаға жарату»

ІІІ топ.

Жер, қолөнер кәсіптері туралы әңгімелері: «Киіз үй мен ағаш үй», «Қыпшақ Сейітқұл»

ІV топ.

Әр түрлі өлең-жырлар: «Әй, достарым», «Әй, жігіттер», «Береке кеткен елдерде»

Әр топ шығармаларды оқып, өзара талқылап, танысады. Мазмұнын ашу мақсатында төмендегі кестені толтырып шығады:

Шығарма тақырыбы Кейіпкерлері Қысқаша мазмұны Тәрбиелік мәні Қазіргі өмірге сәйкестігі Өздерің қойған тақырып
           

Әр топ мәтін шығармаларына байланысты сурет салады, топтар алдында постер қорғайды.

 

  1. Қорытынды

Ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің жасаған еңбегі ерен. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды. Оның өлеңдерін оқи отырып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйренесін. Ағартушының еңбектері өміршеңдігімен мәңгілік мұра болары сөзсіз. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. «Еркін эссе» жазу

  1. Бекіту. «Зымыран» сұрақтары
  2. Ыбырай қай жылы дүниеге келді?
  3. Балқожа би кім?
  4. Қай жылы мектепке қабылданады?
  5. Ыбырайдың арман еткен мектебі қай қалада, қай жылы ашылды?
  6. Кімге жолдаған хатында 14 қазақ баласын оқытуға аш қасқырдай кіріскенін баяндайды?
  7. Оның қандай шығармалары бар?
  8. Қай жылы Омбыда тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды?
  9. Ыбырай қай жерде дүниеге келген?
  10. «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы, қай жерде басылып шықты?
  11. Ғалым, профессор В.В.Григорьевпен қай жылы, қай жерде танысады?
  12. Қай жылы Торғай облысы мектептеріне инспектор болып тағайындалады?
  13. «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы басты мақсаты не?
  14. Ыбырай мектепті қай жылы аяқтап шығады?
  15. «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқулығы қай өлеңімен басталады және қай

жылы жарық көрді?

      Интервью әдісі. Бір студент ортаға журналист болып шығып, әр түрлі сұрақтармен студенттерден бүгінгі сабақ туралы ойларын сұрайды.

Соңғы тыныштық сәті. (Жайлы әуен жіберіледі) Осы тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіңдер.

 

VІ. Бағалау: Белсенділік танытқан студенттерді бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: «Ы. Алтынсарин шығармалары – балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу. Шағын тест құрап келу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *