Тұңғыш президент

Мақсаты: Елбасы туралы мағлұмат беру.Балалардың өз еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Отанын сүюге тәрбиелеу.Еліміздің астанасы елтаңбасы,туы,әнұраны туралы түсініктерін шыңдау.

Көрнекіліктер: слайд,ақ қағаз беті,түрлі-түсті көк қағаз, тұз,уақ моншақтар,желім.

Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,үйрету,сергіту жаттығу,интерактивті тақта,тапсырмалар,сұрақ-жауап.

 

Мотивациялық қозғаушы.

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Елін сүйген –Елбасы»

-Олай болса,оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың алғашқы айымен,ең алғашқы күні –Президент күні болып мерекеленеді.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Жарайсыңдар!  Біздің ұлтымыз қандай?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біздің қазақ екенімізді білдіретін рәміздерімізді білесіңдер ме?Қане кім айтады?

-Өте жақсы.Рәміздеріміздің бірі Ту туралы кім маған айтып береді?

әкімшіліктерде,мектептерде басқа да мекемелерде биікке іліп қояды.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туынаң авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

-Келесі рәмізіміз Елтаңбаны кім сипаттайды?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбаның авторы Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

-Өте жақсы.Балалар келесі рәмізіміз Әнұран туралы кім айтады?

-Балалар,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

       Жарқынай

Көк туымыз бетінде

Қыран бүркіт қанаты

Сол қырандай еркіндеп

Біз өсеміз талапты.

  Айару

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.     

         Саламат

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

-Жарайсыңдар балалар! Балалар біздің елбасымыз кім?

-Ия балалар ,біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз Нұрсұлтан атамызға арналмақ.1-желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз сайланған күн.Сондықтанда бұл күн мереке ретінде тойланады.Елбасымыз жайлы білу үшін бәріміз слайдқа назар аударайық.

Міне,балалар Нұрсұлтан атамыз осылайша елбасы болып сайланған екен.

-Елбасымыздың отбасынды жұбайы-Сара Назарбаева және де 3қызы бар.Олар Дариға Назарбаева,Динара Назарбаева,Әлия Назарбаева.

-Елбасымыз көптеген кітаптары басылымға шықты.

-Елбасымыздың өмірбаяны атқарған қызметі,елбасы болып сайланғанға дейінгі еңбегінің нәтижесін айқындайтын фильмі жарыққа шықты.

-Ендеше елбасымыз туралы кім қандай тақпақ біледі?

            Нұртілек

Елбасымыз ол біздің

Нұрлы жолға бастаған

Болашаққа жол ашып,

Білімді жасты қолдаған.

Ясин

Елбасы елді қорғайды.

Халық қамын ойлайды,

Осындай жақсы адамның

     Жақсылығы жарайды.

-Жарайсыңдар балалар.

-Біздің еліміздің астанасы қай қала?

-Ал,Астанада қандай ғимараттар  бар?

-Дұрыс айтасыңдар! Балалар бәйтеректің биіктігі 97 м екен,ол өте биік.Ехро-2017ж ұйымдастырылып бүкіл әлемге танылды,Алматы қаласында алғаш рет Елбасы мұоажай ашылды осының  бәрі Елбасымыздың арқасы.

— Ендеше елбасымыздың нақыл сөздері бар кім айтады?

Айзере-Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін.

Мадияр-Жақсыдан бақ қалады.

Бейбарыс-Тәрбие ошағы-мектеп.

Нұрдана-Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.

 

  1991ж16желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін алды.Тәуелсіздік жолында Қайрат

Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхамеджанова,Ләззат Асанова сияқты қазақ жастары құрбан болды.Тәуелсіздік үшін қаныңдыда,жаныңдыда

аямады.Осы кісілердің арқа-сында тәуелсідігімізді алдық.Елбасымыздың даналығының арқасында  осындай әдемі көркейген Қазақстанда бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз.

-Балалар Тәуелсіздік,Туған жеріміз,Астана туралы кім қандай тақпақ біледі?  

  Нұрдаулет

Астана-арман қала.

Бағы бір жанған қала

Тұрады жап-жас боп

Мен үлкен болған да.

          Нұрай:

Қазак елі ежелден

Ынтымағы жарасқан

Аты шығып әлемге

Ғасырлардан сыр ащқан.

           Назым

Тәуелсіздік-ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбеден

Сен жасай бер мәңгі-бақи

Қуанышқа бөлеп де

-Балалар орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

        Сергіту сәті

Құлпыра берші кең далам

Аспандағы күнімдей.

Отанымды сүйемін,

Құшағыңа енемін

 Шығармашылық жұмыс.

-Балалармен бірлегі отырып  Елбасымыздың үшінші жарлығы «Рухан жаңғыру» бағдарламасының белгісі ретінде тұрған қыран құсымыздың бейнесін жапсырамыз.

-ақ қағазға түрлі-түсті қағаздардан қиылған қиындылар жапсыра отырып қыран құстың бейнесін  жапсырамыз.

-Балалар бүгін оқу қызметінде кім туралы өттік.

«Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтаймыз

 

                                     Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері айта біледі.

Болуы керек:1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні екенін түсініп,игереді.

Қолынан келуі:Отанға құрмет көрсету,рәміздерді құрметтеуге дағдылануды меңгереді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *