Білім берудің мазмұны

1.Білімділік : Білім беру мазмұнын  талқылап, жаңа мәлімет беру,білімділік көлемдерін жетілдіру.

2.Тәрбиелік : Білім бере отыра адамгершілік,эстетикалық тәрбиеге баулу,мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

3.Дамытушылық : Танымдылық қабілеттеріне сүйене отыра,ойлау, сөйлеу,қиялдау т.б процестерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдісі:

Пәнаралық байланыс : Психология,әдебиет,тарих.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : ватман, карточкалар, таратпа лекциялар, еңбек құралдары, мультимедиялық проектор

 Сабақтың құрылымымен мазмұны :

1.Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу , түгелдеу, психологиялық әзірлік.

“Комплимент” тренингімен бастап, бір біріне жақсы комплимент айтқызып,
студенттер арасында жағымды ахуал қалыптастыру.

2 «Космос» ойыны

Студенттер тақтаға бір бірлеп шығып планеталарды таңдап алады. Әр планетаның артында жасырылған сұрақтар болады. Сол сұрақарға жауап береді.

Сұрақтар:

Оқыту процесінің заңдылықтары?(Марс)

Принцип сөзі қай тілден енген?(Юпитер)

Оқытудың неше принципі бар?(Сатурн)

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған?(Нептун)

Оқыту принциптері дегеніміз?(Венера)

Көрнекілік принципінің түрлері?(Меркурий)

Ынталандыру принципі?(Уран)

Оқытудың ғылымилығы принципі?(Жер)

 

3 . Жаңа материалды түсіндіру. Білім берудің мазмұны
Тақырыптың жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы ұғым.
2. Білім беру құрылымының бөліктері.
3. Білім беру түрлері.
4. Білімнің мазмұнын анықтайтын құжаттар.
1. Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша «білімнің мазмұны дегеніміз — оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі».
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
2. Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
•  күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
•  көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
•  болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
•  белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
•  ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
•  әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
Білім — өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі — әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б.
Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көркемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.
Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені танудық маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі.
Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Көркемөнер іс-әрекеті әстетикалық дүниетінымды дамытып, әдемілікке сүранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді.
Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтың бет-бейнесін қалыптастырады.
Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі.
Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды.
Білімнің үшінші элементі — шығармашылық жұмыс тәжірибесі «дайын» білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді.
Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп ешкім талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы. Оқушыларға ғылымда, өндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай жұмыстар атқарылғанын, нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда, техникада үлкен өзгерістер әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін күрескен, баланың адамгершілігіне игі әсерін тигізетін ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстырған дұрыс.
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады. Оқушыларғылыми әдістер қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді өз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сөйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі — тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.
Бұл бөлікте адамның дүниеге, іс-әрекетке, адамдарға берген бағалары болады. Сезім мәдениеті — адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей сүраныстарын туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп, білім беру мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға қатынасын сөзі және ісі арқылы білдіреді.
Егер оқушылар білім алуға оң көзқараспен қараса, онда олардың оқудағы табыстары жақсы болады. Психологтардың дәлелдері бойынша жағымды эмоциялар адамды шабыттандырады. Мәселелік оқытудың элементтерін қолданған оқушы өзі үшін жаңалық ашып қуанышқа бөленеді. Адамның сезіміне өнер де орасан зор әсер етеді.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді.

4.Қорытындылау

 Сұрақтар:

Білім беру мазмұны?

Білім беру жүйесінің құрылымы?

Кәсіптік білім беру?

Жоғарғы білім беру жүйесі?

Орта білім беру жүйесі?

Сабаққа қатысқан студенттерді бағалау.

Үй тапсырмасы : Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің мазмұның жазу

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *