Саралап оқыту арқылы география пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыру.

Сейтов Ерлан Мухамедиярович
Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ география пәні мұғалімі

Саралап оқыту арқылы география пәнінен оқушылардың
білім сапасын арттыру.
Мақсаты: Оқытуды саралау арқылы білім сапасын қаншалықты арттыруға болатынын анықтау.
Міндеттері:
• Сауалнама алу, сұхбаттасу, бақылау, ресурстың қолжетімділігін анықтау.
• Анкета нәтижелеріне байланысты сараланған тапсырмаларды сабақта қолдану, сабақ соңында анализ жасап, ілгерілеушілікті анықтау.
• Зеріттеу соңында оқушылардан анкета алып, алдынғы жазған анкетамен салыстырып, айырмашылығын талдау.
• Зеріттеу барысында мәліметтер жинақтау. (фото, видео,аудио, жазба жұмыстар)
• Қорытындылау.
Өзектілігі: Action Research зерттеу жұмысын жүргізуіме өзім сабақ беретін 7- а сыныбының 1-тоқсандағы білім сапасы түрткі болды. География пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған әдіс тәсілдерді қолданып
2- тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеруді мақсат еттім. Аталған сыныпты зерттеу нысанына алып, сабақ мақсатына сәйкес тапсырмаларды, оқыту әдістерін талдай отырып бұл сыныпқа саралап оқытудың әдістерін қодануды жөн санадым.
Саралап оқыту — әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытатын оқыту тәсілі. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын тапсырмаларды түрлендіріп беруді көздейді. Деңгейлік тапсырмалар – оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды. Ой еңбегімен айналысуға жетелейтін
оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптастыратын «Саралап оқыту әдісі» білім деңгейі әр түрлі оқушыларды топтарға жіктеп, әр топты өз деңгейіне сай оқытып, білімін одан әрі жетілдіру үшін қолданылады. [1]
Гипотеза: Осы зерттеу барысында мен оқушылардың география пәнінен білім сапасын арттырамын деп болжам жасадым.Балалармен сұхбатаса отырып олардың пәнге деген қызығушылығын анықтаймын. Оқушыларды сабақта академиялық тілді қолдануды, термин сөздердің анықтамасын түсінуге ықпал етемін.Тапсырмаларды саралап беру арқылы өмірмен байланыстыра отырып,пәнді терең білуге және достарымен бөлісуге үйретемін. Сабақта алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға, мәселелердің шешімін табуға үйретемін. [2]
Мен 7 а сыныбын зерттеуді 29 қазаннан 21- желтоқсан арасында жүргіздім. Зерттеу кезінде мен оқушылармен сұхбаттастым,сыныпта оқитын 20 оқушыдан анкета алдым, сабақтарымды бейнетаспаға және фотосуретке түсірдім. Оқушылардың 1-тоқсандағы білім сапасын талдадық. Жіберген қателерін қарап, қосымша сабақта қатемен жұмыс жүргізілді.

І – тоқсан бойынша география пәнінен оқушылардың білім сапасы
• Білім сапасы 80 пайыз
• 5-0
• 4-16
• 3-4

Оқушылар төмен баға алуларының себептерін анықтап, өздеріне рефлексия жасады.

Нәтижесінде 1- тоқсанда алған бағаларына көңілі толмайтындарын анықтағаннан кейін 2-тоқсанда ББЖБ бағаларын жиі естеріне салып отырдым.Сабақта баға қойылмағанымен ББЖБ тоқсандық бағаға 50% әсер ететінін ескерттім. Және де ТЖБ тоқсан бойы өткен тақырыптардан тапсырмалар болатынын айттым. Бұл хабарландырулар оқушыларды сабақты түсінуге немесе түсінбеген оқушылардың сабақ уақытынан тыс қосымша сабақтарға келуіне әсер етті.
Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушыларға қиындық келтірмейтінін байқадым. Дегенмен тапсырманы орындағанда қиналатын оқушылардың бар екенін байқадым. Осы оқушыларды сабақ басында нысанға алып, топқа бөлінген кезде белсенді оқушылардың қасына отыруға ықпал етіп отырдым. Жұптық жұмыстар орындаған кезде тапсырманы бір-біріне түсіндіріп,Выготскийдің айтуы бойынша ЖАДА оқушы білім алу жолында кездесетін қиындықтарды мұғалімнің, жолдастарының көмегімен игере алады. Білім сапасының артуына ықпал етеді.
Топтық, жұптық, жеке жұмыста білім алушылардың академиялық тілді қолданып, өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасау.Бұған оқушыларға бір-біріне құрмет жасауы, бірін-бірі тыңдау, әділ бағалау жүргізу дағдыларын қалыптастыруды үнемі сабақ барысында жүргізіп отырдым.
9-10 сабақ уақытында география пәнінен қосымша сабаққа келіп, түсінбеген тақырыптарын қайталауға болатынын ескертемін. Өздерін қызықтыратын тақырып бойынша ғылыми жұмыс жазуға болатынын, олимпиадаларға қатысуға болатынын айтамын.
Сабақ мақсатына сәйкес мәтіндер берілгенде, мәтінді түсінікті етіп, қысқа да нұсқа етіп, мәтінге суреттерді қосып берудің тиімділігін байқадым.
Оқушыларды топқа бөлу әдісі.Әр оқушы өзі достарының қабілеттеріне қарай команда жинайды. Қалам, қарындашпен оқушыларды топқа бөлу әдісі.Мұғалім әр топта көшбасшы оқушылардың болуын қадағалайды. Сабақта саралап оқытудың әдістерін тиімді қолдану. Сабақ басында өткен сабақты еске түсіруде саралап оқытудың жеделдету әдісін пайдаландым. Бұл әдісте оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға тез жауап беру қажет.Жауаптарды талқыламаймыз. Жаңа тақырыппен оқушылар танысқаннан кейін, тапсырманы күрделендіріп беру күрделендіру әдісін пайдаландым. Тақырыпқа байланысты географиялық есептер беріп оны оқушылардың білім деңдейлеріне сәйкес күрделендіріп отырдым.[3]
Есептердің екі үш түрлі нұсқасын дайындап отырдым.Тақырып бойынша мәселелерді шешу, өз ойын нақты жеткізіп айту, географиялық термин сөздерді пайдаланып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Саралап оқытудың «Сыни ойлап мәселелерді шеш» әдістерін қолдандым.Сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың мәселелерді шешу үшін жоспар құрып, мәліметтерді саралап, постер жасап топта талдайды. Топ ішінен көшбасшы оқушылар постерді сыныпқа түсіндіреді. Өз командаларының жұмысын сыныпқа таныстырып топтық жұмыстың жоғары бағалануына ықпал етеді.

Action Research зерттеу барысында 7- а сынып оқушылармен қарым қатынасым нығая түсті. Оқушылардың көңіл күйлерін, мінез құлықтарын жақсы біле бастадым. Алғашында зерттеу жүргізетінімді айтқанда түсініспеушілік танытқан. Неге? Не үшін? деп сұрақтын астына алған. Сыныптың білім сапасын жақсартуға оқытудың тиімді әдістерін қолданып, география сабағында жақсы баға алуға ықпал ететінін айтып түсіндірдім. Оқушылар мені түсініп әр сабағымызды түрлендіріп өтуіге, тапсырмаларды белсенді орындауға талпынды. Әр сабақта топ ішінен таңдалған оқушыларға сыныпқа тапсырманы түсіндіруге, географиялық есептердің шешу жолдарын айтуға мүмкіндік беріп отырдым. Бұл әдісте оқушылардың бойынан көшбасшылық қасиеттерін тиімді қолданғанын байқадым. Менің зерттеу тақырыбым мен кәсіби даму мақсатымның ұштасқанын оқушылардың осы бір іс- әрекеті айғақтады.Зерттеу мақсатым бойынша «Оқытуды саралау арқылы білім сапасын қаншалықты арттыруға болатынын анықтау үшін 2-тоқсан қорытындысын алдым.
ІІ– тоқсан бойынша география пәнінен оқушылардың білім сапасы
• Барлығы 20 оқушы
• Білім сапасы 100 %
• 5-11
• 4-9
• 3-0

Қорытынды: Зерттеу барысында сабақты жоспарлауда әдіс тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың деңгейлеріне қарай тапсырмаларды дайындауға дағдыландым. Сабағыма қатысқан мұғалімдерден сапалы кері байланыс алдым. Кері байланыс арқылы сабақ беруде болған кемшіліктерімді анықтадым. Осы зерттеуде «Саралап оқыту арқылы география пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбы бойынша жүргіздім. Зерттеуден кейін осы сыныпта география пәнінен білім сапасын 20% ға көтерілді. Осы зерттеуде қолданған әдіс тәсілдерді әріптестеріммен бөлістім. География пәнінде дифференсациялық тапсырмалар дайындау, тапсырмаға сәйкес есептерді құрастыру жолдарымен таныстырдым. Саралап оқытудың жеделдету қағидасын сабақтың басында өткен сабақты қайталап, еске түсіруде қолданудың тиімді екенін айттым. Дарынды және талантты балдармен жұмыс жасағанда саралаудың тереңдеті немесе күрделендіру қағидаларын қолданып, оқушылардың география пәнін тереңірек білуіне ықпал ететінін, өз тәжірибемде қолданғанымды көрсеттім.
Зерттеу бойынша тиімді және тиімсіз тұстары
тиімді тұстары тиімсіз тұстары
• Топқа бөлу әдістері
• Жұптық жұмыстар
• Картамен жұмыс
• Жарыс сабақтар
• Постер қорғау • Тапсырмаларды әр-оқушыға дайындауда уақыттың жетіспеуі.
• Сабақ жоспарынан ауытқулардың болуы

Ақпарат алынған сайт сылкасы
[1] https://www.cpm.kz/ru/portal/blogs/?page=post&blog=Venera_Andirova&post_id=saralap-okitu-
[2]https://kopilkaurokov.ru/vneurochka/prochee/kouchingh_siessiia_chto_takoie_action_research_issliedovaniie_v_dieistvii
[3]https://ktonanovenkogo.ru/voprosy-i-otvety/differenciaciya-chto-ehto-takoe-differencirovannyj.html

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *