Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.4.A бөлім: Пайыз

 

Мектеп: «К.Боранбаев атындағы негізгі мектебі» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сеитова Г.К
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.2.34

берілген санның пайызын табу;

5.1.2.36

берілген пайызы бойынша санды табу;

 

Сабақ мақсаттары «пайыз» ұғымын қайталау;

берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша санды табуды үйрету;

Бағалау критерийлері Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:

берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша санды таба алады;

Тілдік  мақсаттар Оқушылар:

— бөлшектерді пайыз арқылы және керісінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

— пайыз;

— пайыздық қатынас;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

санның жүзден бір бөлігі … деп аталады;

— пайызды ондық бөлшекпен өрнектеу үшін … керек;

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жеке, жұпта және топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Осы бөлімнен алған білімдері мен біліктері оқушыларға практикалық сипаттағы, сонымен қатар, экономика элементтерімен байланысты есептерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда оқушылар алған білімдерін химияда заттардың концентрациясына берілген есептер шешуде, физикада пайдалы әсер коэффициентін табуға және басқа да көптеген салаларда қолданады.
АКТ қолдану дағдылары http://www.mathgoodies.com/puzzles/percent_solutions.html

 оқушыларға осы сілтемені беріп,сабақта тілдік мақсатты бекіту ретінде пазлды өткізуге болады.

Бастапқы білім

 

Жай бөлшектерге, ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану; санның  бөлігін және бөлігі бойынша санды табу ережелерін білу және қолдану; белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу біліктілігі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды оқу мақсаты, тілдік мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру. Пайыз ұғымын, пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға айналдыруды қайталау, мысалдар қарастыру.

 

Презентация

1-7 слайд

 

 

 

Сабақтың ортасы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

10 минут

Боялған бөліктің ауданын табу. Сынып оқушылары кезекпен берілген бөліктің қанша пайызы боялғандығын жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен және пайызбен атап, кестені толтырады.

Жай бөлшек Ондық бөлшек Пайыз

 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырып «Тұздалған қиярдың 8%-ы тұз. 30 кг тұздалған қиярда қанша тұз бар?» мысалы бойынша түсіндіріледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен берілген мысалды талдау арқылы санның пайызын табу алгоритмін қорытып шығады.

Бекіту үшін келесі мысалдар шығарылады:

2 мысал.

Сүтті өңдеу кезіне 5% ірімшік алынды. 20 кг сүттен қанша ірімшік алуға болады?

3 мысал.

45 кг бидайдың 20%-ы 45∙0,2=9 кг.

4 мысал.

140-тың  23%-ын табу үшін алдымен, пайызды ондық бөлшек түрінде өрнектейміз:

23%=23 : 100=0,23.

Одан кейін көбейтеміз:

0,23⋅140=32,2.

Сонымен,   140-тың  23%-ы 32,20. кг.

5 мысал.

140-тың  25%-ын табу үшін алдымен, пайызды жай бөлшек түрінде өрнектейміз:

.

Одан кейін көбейтеміз :

⋅1403.

Сонымен,   140-тың  25%-ы 35.

Оқушылардың назарына келесі слайд ұсынылады.

Есінде сақта!!!

Санның 20%, 30%, 40%, 60%, 70%, 80%, 90% табу үшін:

1)      Санның 10%-ын анықтап

2)      Одан кейін 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9-ға көбейтеміз.

Жұптық жұмыс.

Алдын ала басылып шығарылған парақтарды оқушыларға жұпта орындауға ұсынылады. Тапсырма межеленген уақытта аяқталған соң, тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі. Оқушылар төмендегі критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды.

  8 400 78 244
1%
50%
25%
75%
10%
20%
100%

Жұптық жұмыста оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері:

·         Берілген пайыздар бойынша сандарды таба алады;

·         28 тапсырманың кем дегенде 23-іне берілген жауап дұрыс.

Жеке жұмыс

Оқушыларға парақшалар (Қосымша 1) таратылады. Қосымшада көрсетілген үлгі бойынша кестені толтырады. Алдыңғы жұптық жұмыс тапсырмасы типтес  тапсырмалар берілген, оқушы жеке жұмыс жасай отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергенің саралай алады. Мұғалім әрбір оқушыны қадағалайды.

 

Мұғалім оқушыларға калькулятор таратады. Презентацияда көрсетілген алгоритмдер бойынша оқушылар берілген санның пайызын табуды үйренеді. Бекіту тапсырмасы беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар.

Оқушыларға 3 деңгейлі тапсырмалар ұсынылады. Оқушы  кез келген деңгейді таңдап шығарады. (Деңгейлік тапсырмаларды қызыл, жасыл, сары түсті қағаздарға шығаруға болады. Қызыл түске — С деңгейлі есептерді, сарыға – В деңгейлі есептерді, жасыл түске – А деңгейлі есептерді басып шығару арқылы мұғалім жалпы сыныптың жағдайын қадағалай алады. Түстер арқылы қай оқушы қандай деңгейлі есептерді таңдағаның бірден байқай алады.)

8 слайд

 

Математика, 5 сынып, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-17 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 слайд

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

21 слайд

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты бекіту.

•      Пайыз деп нені айтады?

•      Пайызды бөлшекпен, бөлшекті пайызбен қалай өрнектейді?

•      Берілген санның пайызы қалай табылады?

 Үй жұмысы

Қосымша 3

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *