Отбасындағы мерекелер. Менің үйім.

Өзін – өзі тану пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру арқылы басқа оқу пәндерінің мазмұнының құндылықтық мәнін күшейту

 

Мектеп: Ақтөбе облысы  Қобда ауданы  Бегалы НМ

Мерзiм___23.11.2018________Мұғалiм:  Ахметова Жанаргул Жакешовна

Класс:___1__Оқушылар саны:___10

Пән:   Дүниетану мен өзін-өзі тану пәнін интеграциялау

Құндылық__Сүйіспеншілік__

Қасиеттер_Кішіпейілдік, мейірімділік,  қайырымдылық__

 

ТАҚЫРЫБЫ: Отбасындағы мерекелер.

Менің үйім.

 

ОҚУ МАҚСАТЫ: 1.1.6.1 Отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру.

 

Жас жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып,үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ  МАҚСАТЫ: Барлық оқушылар жасай алады:
·         Жаңа тақырыпты меңгереді;
Оқушылардың көпшілігі жасай алады:
·         Жалпы ұлттық мерекелер туралы біледі;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
·         Өз отбасындағы дәстүрлі мерекені қалай атап өтуге болатын жоспарлай алады;.
жетістік критерийі  

·     Оқушылар отбасындағы дәстүрлерді сипаттай алады

·     Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, кішіпейілділік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін түсінеді.

 

ТІЛДІК мақсаттар Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері:

Отбасы, мереке, дәстүр

Сабақта диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестер:

Отбасы деген не? — Қандай туыстық атауларды білесің? — Қамқорлық деген не? — Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің? — Отбасында қандай мерекелер атап өтіледі? Отбасындағы қай мереке қатты әсер қалдырды, сипатта?

АКТ қолдану ·         интербелсенді тақта

·         ғаламторға сілтеме- https://www.youtobe.comAinuRRakiShevA

Құндылықтар ·         Сүйіспеншілік

·         Ынтымақтастық-Суретке қара», Орындап көр» тапсырмаларында

·         Еңбек пен шығармашылық-«Суретке қара», «Дәстүрлер» тапсырмасында

Пәнаралық байланыс ·         Көркем еңбек-мереке ойлап табуда безендіру жасайды

·         Өзін-өзі тану

Алдыңғы білімдер Оқушылар өзінің отбасы туралы біліміне сүйенеді.

 

Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

(5 минут)

 

 

1 минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2        минут

І.    «5Т» ережесін қайталау.

1.      Тәртіп

2.      Талап

3.      Тыныштық

4.      Тазалық

5.      Татулық

Татулықты сақтай отырып, сабағымызды бастайық.

Ø Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Елестетіп көріңіз,Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүлдің түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұрмен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, Құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен нұрмын.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Дәйексөз

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншіліктен басталады».

Н.Ә.Назарбаев

 

Дәйексөзді ұлдарға оқыту. Қыздарға оқыту.  Хормен оқу. Дәйексөзді дәптерге жаздыру

Мына сызбадағы сөздерді орынымен пайдаланып, өз ойыңызды қорытындылаңыз: Дәйексөздің мәнін ашу. (5-6 баладан сұраймын)

 

ІҮ. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін

«Түймедақ» ойынын ойнату.  Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыра отырып 5 құндылықпен таныстырамын: сүйіспеншілік, ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар түймедақтың әр күлтесіне отбасына қатысты құндылықтарды  жазады.

(Т)  «Кел, талқылайық!» стратегиясы

— Түймедаққа кімдерді жаздыңдар?

— Бұл адамдарды біріктіретін не?

«Болжау» стратегиясы

— Олай болса, біз бүгінгі сабақта Отбасылық мерекелер туралы айтамыз.

 

 

Ережені қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяу әуен қосып қою.

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойы «Пицца» әдісі арқылы бағаланады. Әрбір топ пицца болып саналады. Ал тапсырмалар ингриедиенттер. Орындаған тапсырмаға + белгісі қойылып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

флипчарттар

маркер

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақтаның көмегімен  кластерді қолдану

 

алдын ала дайындалған кестелерді таратып беру

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы (25 минут)

 

 

 

3  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

3  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

Ү.  (МК)  Мұғалімнің сыйы ретінде   

(Ұ) «Портреттер галереясына» қысқаша шолу. Сыныпқа олардың бүгін туған күн мерекесін жоспарлайтындарын хабарлау.  Туған күндерді атап өтуді жоспарлау үшін, оқушылар мыналарға назар аударады:

 сүйікті тағамы мен сусындарына

 жақсы көретін ойындарына

 сүйікті істеріне

 мектептен тыс уақыттарын қалай өткізетініне

«Зерттейік» тәсілі  арқылы оқушылар жақын даму аймағына  сүйене отырып, келесі сұрақтарға жауап берді.

 

Диалог

— туған күн кешіне дайындыққа балалар қалай атсалысады:

— қонақты қалай күтеді:

— сыйлықты қалай қабылдайды:

— үстел басында балалар өздерін  қалай ұстайды:

— балалар қандай ойын ойнағанды ұнатады:

— мерекеден соң ыдыс-аяқты, бөлмені жинастыруға балалар көмектесе ме?

ҮІ. (ОТ) «Сен білесің бе?»

1 оқушыны «Сүйінші» салтын көрсету үшін дайындап қою. Күтпеген жерден оқушы кіріп, жақсы жаңалық айтады.

 

ҮІІ.Ой сергек!

«Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі

Барысы: Затты бірнеше қабат қағазға және газетке орайды.Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді. Әуен тоқтаған кезде оқушы бір қабатты ашады. Әр қабатқа тақырыпқа  сай затты анықтауға ишара қойылады.Оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты әрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.

 

Ø  Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма.

-Өздері білетін отбасындағы дәстүрлерді айтады.

 

Ø  Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма

 

 

 

Ø  Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға

ааа
 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

Көңілді әуен

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

интерактивті тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

суреттер

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІІ. (Ж) Орындап көр:

  1. Отбасыңда атап өтетін мерекені ойлап тап
  2. Оны қалай қызықты етіп өткізуге болады? Өз іс-әркетіңді жоспарла.
  3. Мереке өткізуге қажетті заттардың тізімін жаса

Оқушылар топ болып ақылдасып, мереке ойлап табады, постерін құрастырады.  Постерлерін  топта жариялап, пікір алысады. Сабақтан алған әсерлерімен ой бөлісіп, кері байланыс жасайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірінің  жұмыстарын бағалайды.

http://www. balalaralemi. kz

Энциклопедия

Әңгімелер

Тақпақтар

Мақал-мәтелдер

Ертегілер

Жұмбақтар

Суреттер

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы (5 минут) 

3 минут

 

 

 

 

2 минут

 

ІХ. (Т) Кері байланыс. «Тақия» әдісі арқылы  кері байланыс жасау.Тақия киген оқушы сабақта меңгерген білімін айтып, ой қорытады.

 

Х. Топпен ән айту

Ән: «Асыл әже»

 

ХІ. «Жетістік баспалдағы» арқылы өз-өздерін бағалау

 

ХІІ. Тыныштық сәті.

Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап алайық.  Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

 

 Кері байланыс.

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік
 
·                    Перизатқа әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуға қатысты деңгейлік тапсырмалар беремін.

·                    Кәусарға отбасындағы құндылықтарды қасиеттерден ажыратуға тапсырма беремін.

·                    Інжуге өз отбасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелеп, ойын дәлелдеуге тапсырма беремін.

·                    «Пицца» әдісі арқылы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Мәтін бойынша сұрақтарға «Менің сөзім» әдісі арқылы жауап беру,  Отбасылық мерекелерді ойлап табуда «Бірлесіп жазу» әдісі. Әр түрлі жұлдызшалар арқылы бағалау ·                    Тағам әзірлегенде пышақ т.б өткір заттарды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау керек екенін ескерту

·                    Жазу кезіндегі оқушылардың гигиеналық талаптарға сай отыруы.

 

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

 

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

 

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

 

 

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан  қандай шегіністер жасадым және неліктен?

 

-Сабақ мақсатына жоспарланған жұмыстарды уақытылы өткізу арқылы қол жеткіздім.

-Отбасылық мерекелерді атап өту үшін жоспарлауды. Отбасындағы құндылықтарды

 

-Топтық жұмыс жасау барысында оқушылар бір-біріне көмектесті.

— Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында көтеріңкі көңіл-күй нәтижеге жетелейді деп мысалдар келтіру арқылы мақсат-міндеттер айқындалды.  АКТ-ны пайдаланып үй тапсырмасына кері байланыс жасалды.

 

Тақырыпты ашуда түрткі болу сұрақтары қойылды. Тапсырмаларды көпшілігі  қызығушылықпен, талапқа сай орындады.  Жоспарлау барысында уақытты үнемдеу, стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді тиімді таңдауды ескеруді қажет етеді. Негізінде сабақты меңгертудегі құрылған сабақтың жоспарында қолданылатын әдістер мен стратегиялардың бір-бірімен байланысын ескеру. Сондықтан келесі сабақтарды жоспарлағанда тапсырма көлеміне  көңіл бөлемін.

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1. «Түймедақ» әдісі арқылы отбасы құндылықтарын анықтау.

2. «Портреттер галереясына» қысқаша шолу арқылы отбасылық мерекелерді жоспарлау.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт:

1. Отбасылық мерекелерді ойлап табуды тереңірек түсіндіру

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушы жайлы не білдім?

1.Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма көлеміне көңіл бөлу.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *