Мен өз елімнің патриотымын

2017-2018 оқу жылы 1 қыркүйек –Білім күніне арналған
«Мен – өз елімнің патриотымын» салтанатты жиынның сценарийі.

Жүргізген: Бейнеу лицейі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Гулназ Ажибаева

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
І-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар және оқушылар!
ІІ — жүргізуші: Әлемдік өркениетке ұмтылудың өзегі білім, ғылым екенін ұғына біліп, қуаты күшті Ата Заңымыздың аясында нық сеніммен болашаққа қадам басқан жас өрендер, ата – аналар, және ұстаздар! Алғашқы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

І  жүргізуші:
Қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар біздер елімізбен мақтанамыз.Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік.. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өтуде. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз деген Елбасы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында атап өткен болатын. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.

ІІ жүргізуші: Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтылғандай, шәкірттеріміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселе бойынша 12 жылдық білім беру үлгісі енгізілді.  «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. «Көп ұлттылық пен көптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» деп атап көрсетті.
ІІ жүргізуші:  Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, тыныштық. Келешегі – білімді  ұрпақ. Ендеше, бүгінгі  Білім   еліне  саяхатқа  шыққан, лицей табалдырығын аттағалы отырған 5-сынып оқушылары мен  ұстаздарын    шақырайық.
І  жүргізуші
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Лицейге келген  алғашқы
Жас досым саған мың сәлем! білімге құштар балаларға қошемет көрсетейік. Қадамдарың сәтті болсын!
ІІ-жүргізуші: Алдарыңызда, 5 «а» сыныбы, сынып жетекшісі Алдабергенова Алима Усенбаевна, сыныбында 22 оқушы бар.
І  жүргізуші:Келесі кезекте 5 «б» сыныбы, сынып жетекшісі Нәсібекова Перизат Жазылбекқызы,  сыныбында 22 оқушы.
(музыкамен оқушылар орындарына барып тұрады)
І  жүргізуші: Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзеңдер!
ІІ-жүргізуші: Жаңа  2017-2018 оқу жылына  арналған  «Мен-өз елімнің патриотымын»  атты салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!
І-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымыздың  құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:
1. Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары………………………………..
2. Бейнеу ауданы білім бөлім бастығы……………………………..
ІІ-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен  құттықтау үшін  сөз лицей  директоры Жұбанов Сағатбек Орынғалиұлына беріледі.
І-жүргізуші:
Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.(Қонақтарға сөз беріледі)

ІІ-жүргізуші: Жаңа оқу жылының ерекшеліктерін таныстыру үші директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұхаммедов Манасқа беріледі.

І  жүргізуші Елбасы өз сөзінде: «Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы» деген болатын.
І -жүргізуші: Олай болса, биылғы оқу жылына қабылданған мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік білімпаздардың, патриот жас ұландарымыз сіздерге сәлем жолдайды. ( оқушылардың өнерін тамашалау)
ІІ-жүргізуші:Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Екі оқушы жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын.

І-жүргізуші: 2017-2018  жаңа  оқу жылының Алғашқы қоңырауын  соғу рәсімін қабылдау емтиханында жоғары ұпай жинаған Базыл Айсалқам мен Алдабергенов Оразғалиға ұсынылады.
5* сынып(қыз бала)
Ұмытпаймын алғашқы қоңырау үнін,
Ұмытылмас елім үшін күн бүгін.
Мектептегі алғаш берер білімге,
Соғайықшы алғашқы қоңырау сыңғырын.
5 *сынып (ұл)
Аман болып, ел баласы болайық,
Әрқашанда елге қызмет қылайық.
Еліміздің намысын қолдан бермей,
Отан қорғап, аяққа нық тұрайық! (қоңырау соғылады)
ІІ-жүргізуші «Туған ел» орындайтын Құлыбеков Аслан
І-жүргізуші: Қымбатты оқушылар, аяулы ұстаздар мен құрметті ата-аналар, Білім күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2017-2018 оқу жылының алғашқы сынып сағатымен жалғасады. Ақ жол сіздерге, лицей оқушылары!

ІІ-жүргізуші: Лицей оқушылары үшін алғашқы білім күніне арналған «Мен- өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттарына шақырамыз.
Жаңа оқу жылы жемісті, мерейі үстем жыл  болсын! Шәкірттеріңіз қірісті, елім дер ұл мен қыз болсын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *