«Дос болуды үйренеміз 1»

Бекітемін:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:198

Тақырып: «Дос болуды  үйренеміз»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер :адалдық, сенім, қамқорлық

Сыныбы 2 «Ж»
Мерзімі 07,02
Сабақ мақсаты: “Дос” , “достық” ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

“дос”, “достық” ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет

 құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;.

Тәрбиелік:

айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып,

 аадалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік

пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Дамытушылық:

адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен

қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Су жылғалап ағатын,

Өзен көлдің саласы.

Алыстан сәлем беретін

Әдепті елдің баласы

Тыныштық сәті.

(«Море» музыкасы баяу үнтаспадан қойылып тұрады) «Су асты патшалығына ойша саяхат» мәтіні.

Су асты патшалығына ойша саяхат

(Оқушылардың отыруын қадағалау, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюға болады, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз.)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы – берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ.

Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

 

Үй тапсырмасын тексеру

І-топ Шіріген картоп өсиет әңгімесін сахналап көрсетеді және де оқушылар  төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларынмен бөліседі.

 

Кісінің балалары арасындағы қарым-қатынас қандай еді?

Балаларының келеңсіз әрекетіне алаңдаған әке оларға қандай тапсырма берді?

Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді?

Балалары тапсырманы қалай орындады?

Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

«Кешіру – өзгені түсінуге тырысу» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

 

ІІ. Дәйексөз.

•      «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»

                                                             Халық мақалы

 

ІІІ. Әңгімелеу

«Жаман жолдас»

                                                  Ыбырай Алтынсарин

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
— Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
— Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

Сұрақтар:

1.     Аю неліктен ауру адамға тимеді?

2.     Шындығында аю оған ақыл айттыма?

3.     Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

4.     Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет ететін едіңдер?

 

2-топ оқушылары «Саңырауқұлақ саясында» ертегісін сахналап көрсетеді.

Ойын

«Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды)

Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз,егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

-Достық бірліктен бастала ма?

 

ІV. Шығармашылық жұмыс.

1-топқа. Берілген сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар,өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар

•      Адам-адамға дос,жолдас, бауыр.

•      Досы жақсының,өзі де жақсы.

•      Көп ақшаң болғанша,көп досың болсын.

•      Дос-досқа айна.

•      Татулық-достық кепілі.

 

2-топқа. Дос қандай болу керек? Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсындар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер

Адалдық, қалтқысыз сену, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау, қарапайымдылық, мейірімділік.,

 

V. Топпен ән айту

 

«Достар әні»

 

Рефлексия

 

VII.Үй тапсырмасы

Құм мен тас мазмұндау жане жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды аяқтау.

VIII. . Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қосылады.

— Көзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *