Мұғалім мен оқушылар арасындағы психологиялық қарым-қатынас

Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас жасау мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды,әрі күрделі проблемалардың бірі болып табылады.Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне,оның ақыл-кеңесіне,өзге адамдармен қарым-қатынасына, оқушыларға қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзбен қарайды.Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады.Әрине,мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу- тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып табылады.Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынандай тәсіл қолданылды.Мұғалімнің  ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп  екі жікке бөлінді.Осы сапалар мен ерекшеліктерден  мұғалімнің  ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды.Соның нәтижесінде оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынандай 4 топқа бөлініп,олардан тиісті қорытындылар жасалды.

  1. Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек,оқушыларға мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету,олардың жан дүниесін түсінуі.Мұндай қасиеттерді оқушылар өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал ұстаздардың бұларға немқұрайлы ,селқос,ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
  2. Мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер.Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі оқушыларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
  3. Ұстаздың оқушылардың бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына,олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық көпшілік жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл бөліп,мән беруі,ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
  4. Оқушылар мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Оқушылардың ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін 4 топқа бөліп көрсетейік:

1.Мұғалімнің адамгершілік сапаларымен өзіндік қасиеттері,оқушыларға деген қатынасы.

2.Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі

3.Мұғалімнің сынып ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы.

4.Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары , бойындағы қасиет ерекшеліктері.

Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ,әсіресе,мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін жете зерттелмеген мәселе.Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынандай себептерге байланысты:

  1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді.Олардың өмірдегі өтпелі кезең,жоғарғы талаптар,сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
  2. Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады.Балалардың жасерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр.Олар бірнеше рет көзге түсіп қалғандарды «тәрбиеленуі қиын» балалар қатарына ой салмақтамай қосып,өз жұмыстарында қиындатады.Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.Оқу ісін жүзеге асырып , оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жайттар мұғалімнің білім деңгейі мен оны оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай,тәжірибесіздік көрсетіп,оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды.Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп,қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан оқушылардың тәртібі де нашарлайды.Мұндай кемшіліктер, ең алдымен,ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып шәкірттер уақытын босқа жіберетін болады.Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен талас-тартыстар.Баланың өз басына талап қоюы,айналасына зер салып ,әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді.Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым-қатынас жасап,өзінің есейгендігін байқатуы оның адами этикалық жағынан талап-тілегінің өскендігі деп санау керек.Ересек адамдармен салыстырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас едәуір күрделі.Өйткені,мұндағы бірінші жақ- мұғалім толық қалыптасқан , мораль,этикалық жағынан жетілген,мінез-құлқы орныққан адам.Екінші жақ- оқушылар.Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл-ойына ынтыққандар ғана.Мұғалім мен оқушының ойлану,түсіну сипаттары да түрлі деңгейде.Ұстаздарға айдай анық құбылыс шәкіртіне нанымды бола бермейді.Кейде мұғалім мен оқушының бір құбылысқа ,сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше.Тіпті қарама-қарсы мәнде де болуы мүмкін.Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста тартыстың туындауына ұстаздық методикалық тұрғыда қате жіберіп жаңылысуы,не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескермей ,олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп,оларды жете бағаламау салдары. Ал,оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар,олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты.Әдетте,мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап,көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады.Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына ,ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді.Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық,қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады.Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына орай туатын тартыстар.Оқушылар арасындағы ұшқалақ мінезді ,қызу қанды айтқанынан қайтпайтын өжет,жан дүниесінің шеңбері тар,өзін құрбыларынан жоғары санайтын балаларда бар. Олардың сөйлеген сөзі,істеген қылығы өзгелердің ызасын туғызады.Ондай балалармен қарым-қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды.Мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас жасаудың тиімді әдісі- оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп,олардың іс-әрекеттерімен үйлестіру.Дегенмен мұндай жағдайда ұстаз бен оқушылар арасындағы айырмашылықтар жиі байқалып тұрады.Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп , қалай да оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді.Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап ,әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады.

Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп,оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса ғана  онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады.

 

 

 

ШҚО. Үржар ауданы Бақты ауылы

«Бейсембай Сахариев атындағы Бақты орта мектеп-бақша» КММ

Мектеп психологы Естибаева Айгерим Яшаровна

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *