Өнер алды-қызыл тіл. Бала-бауыр-етің

Жулдугулова Слушаш  Мынжановна

 

                                            Қысқа мерзімді жоспар

 

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

 

Мұғалімнің аты-жөні:

               Жулдугулова С.М.

Қатысқандар саны:   23

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Өнер алды-қызыл тіл Бала-бауыр-етің
 Оқу мақсаттары 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: аңыздың мазмұнын түсінеді

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді орынды қолданады

Кейбір оқушылар: аңыз-әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Бағалау критерийлері ·         Аңыз- әңгіменің  негізгі ойын  анықтайды

·         Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қолданады

·         Мәтінді жанры бойынша ажыратады

Тірек сөздер Төрелік,алдарспан,безеріп, безек қағады
Құндылықтарды дарыту Мәтінді оқыту барысында құрмет құндылығын дарыту

Жеке, топпен жұмыс жасау барысында еңбек ету, шығармашылық құндылықтары қалыптасады

Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білімді игеру Мәтінді түсініп оқиды
 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

 «Гүлмен тілек»(сергіту және топқа біріктіру)

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

І топ Тапқырлар

ІІ топ Шешендер

ІІІ топ Даналар

ІҮ топ Өнерлілер

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

6-7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-26минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27-31минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32-36 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автормен  танысу

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.

Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады

1-тапсырма

(Ө, Т) «Джигсо» әдісі

Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Топтар Қазыбек биге келген екі ананың сөзін салыстыра сипаттап жазады

Екеуіне ортақ

сипат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Саралау:Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

 

2-тапсырма

(Ұ, ЖЖ) «Радиоға қоңырау шалу» әдісі

Талқылау  тақырыбы радио  жүргізушісімен  таңдалады.Үш қонақ  рольдік  карточка алып,  сол  карточкадағыдай рольдерін  ойнауы  тиіс. Құрдастар  аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.

Рольдер:Қазыбек би,бірінші ана,екінші ана.

Үлгі:

-Балаңызды қалай танып қойдыңыз?

-Баланы асырап алудың себебі неде?

-Қазыбек би сіз төрелігін әділ шештім деп ойлайсыз ба?

т.б сұрақтар қойылады

 

Саралау: Белсенді  тыңдау, талқылаудың  көп  жақтарын  көрсетеді.

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,

«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

 

3-тапсырма

(Ж,ЖЖ) «Жалғасын тап» әдісі

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.

Меніңше,Қазыбек би әділ қазы деп ойлаймын.Себебі…
Меніңше,Қазыбек би әділ қазы емес деп ойлаймын.Өйткені…

 

Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір  тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек —  жақсартуға болатыны

4-тапсырма

(Т) Қазыбек бише шешендік сөз құрастырып көр

Қазыбек бидің шешендік сөзін үлгі ретінде топтарға беру

Адал болсаң-досың жақын,

Еркелейтін-немерең жақын.

 

Не жақсы? Не ыстық?
   

 

 

Саралау: Жұмысқа берілген уақытта топтарды тез және үйлесімді жұмыс жүргізуге жұмылдыру

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Қосымша 2

https://kk.wikipedia.org

Слайд№4

Оқулық 6-7 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 3

 

Слайд№5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

Слайд №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 5

Слайд№7

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Шеринг» әдісі

Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

Слайд №7

 

 

 

 

Саралау

1-тапсырма

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

2-тапсырма

Белсенді  тыңдау, талқылаудың  көп  жақтарын  көрсетеді.

3-тапсырма

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

4-тапсырма

Жұмысқа берілген уақытта топтарды тез және үйлесімді жұмыс жүргізуге жұмылдыру

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,

«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір  тілек» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

·         мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

·         берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтады;

·         көркем шығарманың жанрын анықтайды;

·         аңыз-әңгіме жанрына тән ерекшеліктерді атайды.

·         Шешендік сөз құрастырады;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 

2: 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *