«Сиқырлы театр әлеміне саяхат» Саяхат – ойын сабақ. «Күйкен» бөбекжайы» МКҚК ән-саз жетекшісі: Куптлеуова Г.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Бүгін, балалар, бізде ерекше күн болмақ. Өйткені, мен сіздерді ғажайып ертегі еліне саяхатқа шақырамын. Ертегіні сендер жақсы көресіңдерме? Олай болса, саяхат барысында кездесетін әртүрлі тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма? Балалар, бұл елде қуыршақтар, ертегі кейіпкерлері мен ертегі айтатын әжелер тұрады. ол қандай ел екен?

Балалар:  -Театр

Жүргізуші:

              Жарайсыңдар, балалар! Бәріміз қосылып, «Ертегілер әлемі» әнін айтайық. Бұл бірінші тапсырмам.

Балалар әнді бірге айтады.

Жүргізуші:

-Әуенмен  біздер ғажайып театр еліне келдік. Балалар, ертегілер елінде кімдер тұрады? қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар, мынау не екен?

Балалар: — Сандық.

Жүргізуші: — Сандық үстінде бірдеме жатқан сияқты, жақын барып қарайыншы.

Сандық үстінен хат тауып алып, балаларға оқып береді. Бұл хат ертегі әлеміндегі ертегішіден екен. Оның біздерге жіберген тапсырмасы жұмбақтар шешу.

-Балалар, ендеше экранға назар аударамыз. Мен жұмбақ жасырамын, ал сендер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, саяхатты жалғастырамыз.

Жұмбақтар.

1.      Атасынан қашып кетті,

Әжейден де қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.

Бұл қай ертегі?                       (Бауырсақ)

2.      Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады баққанын.

Тышқан келіп жеткенде,

Шыға келді бұл неге?                 (Шалқан)

Бұл қай ертегі?

3.      Үй жинаған ұқыпты,

Бір қыз бопты ертеді.

Тыңдамаған мысықты,

Салыпты ғой әлекке.

Бұл қай ертегі?                       (Мақта қыз бен мысық)

4.      Кішкене қыз орманға,

Жалғыз өзі барады.

Әжесіне ауырған,

Дәмін салып алады.

Бұл қай ертегі деп ойлайсың?          (Қызыл телпек)

5.      Селкілдетіп сақалды,

Секеңдейді тұрмайды.

Тыныш жатқан қошқарды,

Алыс сапарға бастайды.

Бұл қай ертегі екенін,

Ойлап тапшы балақай?        (Қошқар мен теке)

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер біраз ертегі біледі екенсіңдер. Енді сандықтың ішін ашып қарайын, не бар екен?

Сандық ішінен домалақ жіп шығады. Жүргізуші жіп бойымен жүріп келіп, қызыл қорапшаға келеді.

-Бұл қандай қорапша?   (Қызыл)

-Мұнда не бар екен, ашып көрейін. Қызыл қорапшада үстел үсті театры бар екен. Ішіндегі тапсырма қандай екен, оқып көрейік.

Балалар «Ормандағы аю» өлең шумағын естерімізге түсіріп, айтып көрейікші.

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Кенет дауыс:

-Бұл кімдер, орманда шулап жүрген? Ұйықтауға мүмкіндік бермейтін?  А-а-а-а деп дауыстайды.

Жүргізуші: -Балалар, аю оянып кетпей тұрғанда, қызыл қорап орнына қойып, саяхатымызды жалғастырайық.

Жіп домалап ары қарай жол көрсетеді.

Жүргізуші: — Ой, балалар, біздің алдымызда кедергі тұр екен. Бұл не екен?  

Балалар:  — Сахна.

Жүргізуші: — Дұрыс айтасыңдар, сахна артында не бар екен? А –а-а, сахна сыртында көк қорапша бар екен. Қорапшаны ашып көрейікші. Көк қорапша ішінен қуыршақтар пайда болады. Балалар, қуыршақтарды ояту үшін не істеу керек? Оларға ән айтып берейік.

Ән: «Ойыншықтар»

Жүргізуші: — Балалар, бұл қуыршақтар қай ертегінің кейіпкерлері екен?

Балалар: — «Қошқар мен Теке»

Жүргізуші: — Балалар, біз бұл мультфильмді теледидардан тамашалап жүрміз. Ал бүгін «Қошқар мен Теке» мультфильмін қуыршақ театры арқылы тамашалап көреміз. Ол үшін тынышталып мұқият тыңдап отырамыз.

«Қошқар мен Теке» мультфильмін тамашалау.

Рөлде:

Жүргізуші: —  Балалар, ертегі ұнады ма? Саяхатты жалғастырамыз ба? Олай болса, жіпті тағы домалатып көрейік, қайда барып тоқтар екен?

Жіп домалап, сары қорапшаға келеді.

Сары қорапшадан «Бауырсақ» ертегінің кейіпкерлерінің бетперделері шығады.

Жүргізуші: — Балалар, мына бетперделер қай ертегінің кейіпкерлері екен?

Балалар: — «Бауырсақ»

Жүргізуші: — Жарайсыңдар, балалар! Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, ертегі кейіпкерлерінің қимылын бірге қайталаймыз.

Рөлде: Бауырсақ, ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі.

Жүргізуші:

Ертегіні бастаймыз,

Қимылмен оны қоштаймыз.

Кейіпкерлермен достасып,

Бақшада бірге ойнаймыз.

-Ертеде бір ата болыпты

Ортаға Ата шығып (еңкейеді, белін ұстайды)

Атаның қарны ашқан екен (ішін сипайды)

Әже нан илейді (екі қолын кезек төмен сермейді)

Бауырсақты терезенің алдына қояды (алақанын алдына созады)

Бауырсақ секіріп түседі (секіреді)

Бауырсақ орманға домалап кетеді (өз орнында айналады)

Алдынан қоян шығады (қос аяқтап секіреді)

Бауырсақ қашып кетеді (өз орнында тез жүгіреді)

Алдынан қасқыр шығады (қолдарын көтеріп ырылдайды)

Бауырсақ қашып кетеді (өз орнында айналады)

Алдынан аю шығады (қорбаңдап қозғалады)

Бауырсақ қашып кетеді (өз орнында айналады)

Алдынан түлкі шығады (майысады)

Түлкі оны жеп қойды (бір-бірін ұстап алады)

Жүргізуші: — жарайсыңдар, балалар, міне, кейіпкерлермен бірге ертегіні бізде ойнап шықтық. Енді орнымызға жайғасып отырып алайық. Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?

-Балалар, тағы да ертегі тамашалауға қалай қарайсыңдар? Сендерге бүгін қызықты ертегі ала келдім. Ертегі «Алданған түлкі» деп аталады. Ал, ендеше ертегі тыңдауға дайынсыздар ма?

Барлығың бері қараңдар,

Түлкі жайлы ертегі.

Сендерге сыр шертеді.

Ертегіні ең қызық,

Сахнаға біз енгіздік.

Баяндайын көріңдер,

Өз бағасын беріңдер.

«Аю туралы ертегі» ертегісін сомдап беру.

Жүргізуші: —  Балалар, ертегі ұнады ма?

-Біз қандай ертегіні тамашаладық?

-Қандай тапсырмаларды орындадық?

-Жарайсыңдар, балалар, ертегі кейіпкерлерімен бірге қимыл жасап, тыңдап, тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Ал, ендеше,

Кейіпкерлермен қоштасып,

Орнымыздан тұрайық.

Қол ұстасып, достасып,

Тату – тәтті болайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *