Жас ұрпақты Мәңгілік Ел бағдарламасының құндылықтарымен тәрбиелеу

«Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,

өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»…

(халық даналығы)

 

                Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізгі –тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру; балабақшадағы оқу-тәрбие ісінің өзегі.

Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,ұстаздың мақсаты-

дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік ,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

               Өркениет жолында алға ұмытылған ұлт ең алдымен балаларға оқу- білім тәрбие беру ісін дұрыс қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, келешегі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін сәби бойына ең алдымен Отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруден бастағанымыз жөн болар.Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –балабақша мекемесі.Балабақшадағы тәрбие — адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Қазіргі таңда мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде , рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.

           Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.

            Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек — бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуі-нің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.

 

Описание: C:\Users\HP\Desktop\IMG-20180413-WA0021.jpg

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей

 қасиеттерге ие болуы тиіс:

-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;

-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;

-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек таныстыру;

-Туып өскен жерлеріндегі өлкетану мұражайларына саяхаттар ұйымдастыру;

-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша түсіп, жетілдіру;

            Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс – шаралардың маңызы зор. Ендеше жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық..

Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін

біл, Өз тіліңді құрметте», – деп Қадыр ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді.                                             Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әңгімелерге араластырып отыру керек. Отан адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбаты,ең қасиеттісі,ең аяулысы-анасына балайды.

               Тұңғыш президенттіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты да, осы бастан Отанына,атамекеніне шын берілгендіктен рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Соңғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу идеялары мемлекеттік маңызы бар мақсатқа айналып, қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншілікке назар аударылады. Сонымен қатар ,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор. Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін Қазақстанның елтаңбасын, туын танып,әнұран әуенін тану керек.

Сәбилердің алаңсыз өмір сүруі үшін жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбастан, бар күш – жігерін, салып, үнемі ізденісте жүретін, ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін маңдай терін төгіп, оқу- тәрбие жұмысында ақылымен де, біліктілігімен де, парасаттылығымен де өз үлестерін қосып жүрген тәжірибелі педагогтарымызды ұжымымыз әрқашанда мақтан тұтып, үлгі етеді.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі — балабақша тәрбиешісі. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім. Ілім мен ғылым — бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді.

Описание: C:\Users\HP\Desktop\IMG_20180413_115016.jpg

Ата-баба рухы, туған ел, ана тілі – бұл қазақ үшін көздің ағы мен қарасындай қасиетті ұғымдар. Жас жеткіншектерді осындай құдіретті сезімге – отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Армашка» балабақшасында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. «Ұлы дала тұлғалары», «Мен қазақпын», «Қазақтың батыр қыздары» т.б. театр көріністері, «Мен — Отанымды сүйемін», «Қаһармандарымыз — біздің есімізде», «Тұған елім — тұған тілім», «Қазақстан қалалары бойынша виртуалдық саяхат», «Астана — әсем қала» атты  ертеңгіліктерді өткіздік, «Әрқашан, күн сөнбесін!», «Бақытты балалық шақ», «Мен отбасымды мақтан етемін!», «Менің сүйікті қалам — Қарағанды!» суреттер көрмесі сайыстары жас бүлдіршіндерді елін, жерін сүйіп өсуге негізделіп жүргізілді.

Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін жастарымыз білімді, жан-жақты, дарынды да қабілетті болуы шарт. Жас жеткіншектердің ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту, оны жарыққа шығару жолында республикада, облыста, ауданда өткізілген Мұқағали Мақатаевтін оқуларына балаларымыз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Описание: C:\Users\HP\Desktop\IMG_20180413_101710.jpg

Қорыта айтқанда, тұңғыш президентіміздің «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан игілікті істер жалғасын табуда. Жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда жалпы тәрбиешілер қауымының қызметі өлшеусіз.

Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу — біздің басты міндетіміз. Н.Ә.Назарбаевтың болашаққа бағыт берер «Мәңгілік Ел»идеясын қолдап,халқымыздың жарқын болашағының кепілі-еліміздің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп,отанымыздың бақыты үшін еңбек ете берейік.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін!

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Мектепке дейінгі ұйым» журналы №12. 2012жыл

2.«Тәрбие құралы» журналы №3.2005 жыл

3. Шакуров Р.Х. Человек формируется с детства. М., «Педагогика»,1972     

4.Бакина Н.С., Жанақова Н.Т. Қазақстан тарихы. Алматы:Атамұра, 2017. — 240 бет.

5. Артемова Л.В. Театрализованные игры дошкольников: Кн. для воспитателя дет.сада. –

        М.: Просвещение, 1991. – 127 с.

6.«Қазақстан  жолы 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа арнаған       жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17қаңтар.

7.Сатай Сыздықов.«Мәңгілік Ел» Бұл көне тарихтан тін тартқан идеяның жаңа дәуірмен    ұштасуы», «Егемен Қазақстан» 2014 ж 4 желтоқсан.

8. Амангелді Айталы. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи тамыры», «Егемен Қазақстан»,

     2014 ж 26 ақпан

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *