Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Сариева Гульайм Елбасыевна

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі

Күні:  8.02.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сариева Гульайм Елбасыевна

Сынып:  6б сынып

Қатысқандар саны:          

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.12

теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеу;

6.2.2.13

теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы және берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазу;  

Сабақ   

мақсаттары

Оқушылар:

          Берілген теңсіздікті ықшамдайды;

          Шешімін координаталық түзуде салады;

          теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жазады.

          берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жазады.

Бағалау   

критерийлері

Оқушылар:

          Берілген теңсіздікті ықшамдай алады;

           kx>b,
kx≥b,
 kx<b,
kx≤b
 түріне келтіре біледі;

          kx>b,
kx≥b,
 kx<b,
kx≤b
 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шеше алады;

          Шешімін координаталық түзуде сала біледі;

          Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығы арқылы жаза алады;

          берілген сан аралығын теңсіздік түрінде жаза алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

          бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

— теңсіздік;

— қатаң теңсіздік;

— қатаң емес теңсіздік;

— теңсіздіктерді шешу;

— сызықтық теңсіздік.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

          x>5 теңсіздігінің шешімі … аралығы болып табылады;

          теңсіздіктің екі жақ бөлігін де теріс санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгереді;

          теңсіздіктің екі жақ бөлігін де оң санға көбейткенде/бөлгенде теңсіздік белгісін өзгеріссіз қалады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ әдебиет

Бастапқы білім

Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды жинақтау, оқу құралдарын түгендеу.

Амандасу. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

«Бір қадам алға…» әдісі

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

Топқа бөлу

«Мозайка» әдісі

 

Презентация

Сабақтың ортасы

6-9 мин

«Кезбе тілші» әдісі

Оқушы: Топ мүшелерінен тілші сұхбат алады.

Презентация

Камера, микрафон

10-20 мин

      «Тарсия» әдісі. Қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып, фигура құрастыру.

 тексеру

Қағаз қиындылары

21-23 мин

Сергіту сәті.

«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»

Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:

  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
  2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
  3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен  фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева» жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.

Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек.

Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:

Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.

 

 Презентация

 

24-30 мин

Талас шеңбері

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Бір айныма-лысы бар сызықтық теңсіздікті шеше алады.

Жақшаны ашуды орындайды

Теңсіздіктің сол жағына х айнымалысы бар мүшелерді, ал оң жағына бос мүшелерді (сан қосылғыштарды) жинақтайды

Ұқсас қосылғыштарды біріктіреді

Теңсіздіктің екі жақ бөлігін де айнымалы х-тің коэффициентіне (егер ол 0-ге тең болмаса) бөледі

Жауабын теңсіздік түрінде немесе сан аралығы түрінде жазады

Шешімдер жиынын координаталық түзуде кескіндейді

Презентация

Смайликтер

Қосымша 3

 

31-38 мин

VІ. Өрмекші әдісі.

«Астанаға саяхат» ойыны. Тест . Жеке жұмыс.

Сынып бөлмесінің қабырғасында Астана суреттері мен тест ілініп тұрады. Оқушылар қолындағы парақтарымен суреттің алдындағы тестті орындайды. Жауаптың тұсындағы сәйкес ғимаратты парақшаларына жазып, сол жазған ғимаратты іздеп тауып алдындағы тапсырманы орындайды. Жауабының тұсындағы ғимаратты парақшасына жазып,сол ғимараттың тапсырмасын орындайды. Осылай жалғасады.

Слайдтағы жауаптар бойынша оқушылар сағат тілі бағытымен бір-бірінің  жауабын тексеріп шығады.

 

Презентация

 

Сабақтың соңы

39-40

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

№950

 

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

 

     «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

          маған ерекше ұнағаны…..

          бүгін маған……….сәті түсті.

          қызықты болғаны…..

          менің түсінгенім…..

          ……қиындық тудырды.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық,

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Саралау тапсырмалары топтық   жұмыстарда беріледі. Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады.

Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *