Тиімді сабақ негізі-рефлексияда

Сидикова Дурия

Іс- әрекеттегі зерттеу

 

Тақырыбы

Тиімді сабақ негізі-рефлексияда

 

1

Мақсаты

Сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын үйрену

2

Мұғалімдердің шебер сынып  барысындағы мүмкіндіктері

·        Сабақтарына рефлексия жасауды үйренеді

·        Оқушыларға өз оқуын өздігінен реттеуге

3

Күтілетін нәтижелері

Оқыту мен оқуда рефлексия арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.  Сабақ  рефлексиясы  іс- әрекетті зерттеу түрі екенін түсінеді.

4

Ұсынылатын ресурстар

1.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2.     Қосымша дерек көздері.

 

Зерттеу объектісі:    Баймырза Бесбаев орта мектебінің 4 сыныбы

Іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу себептері: Тиімді сабақ нәтижесіне қол жеткізу.

Іс – әрекеттегі зерттеуде мәліметтерді жинау әдістері:                            Бейнежазбалар, сұқбат, жағдайды зерттеу, аудижазбалар, фотосуреттер, қадағалау парақтары

Зерттеу қадамдары

1. Өз сыныбыңызда шешкіңіз келетін мәселені анықтаңыз.                                А) Неге сабақта жоспарланған тапсырмаларды уақытында орындай алмаймыз? Ә) Шығармашылық тапсырмаларды неге барлық оқушылар орындай алмайды?

2. Өзгеріс енгізудің нысаны  мен мақсатын анықтаңыз.

Сабақтағы  іс –әрекетке  рефлексия жасау

3. Іс – әрекеттегі зерттеу  жүргізу. Зерттеу сабақтары (Эсперимент және      білім): өзгеріс енгізу.

1- сабақ     «Ойлан, жұптас, талқыла!» топтық жұмысымда оқушылар шулап кетті. Кейбір оқушылар белсенділік танытпады.-Уақытты үнемдей алмадым.

+ Дарынды оқушыларым жақсы жұмыс жасады.

2- сабақ  — Уақытты үнемдей алмадым. Топтық жұмысым тағы да шулы болды.

3- сабақ Сабақ барысында сараланған тапсырмаларды орындау үшін, яғни дарынды оқушы мен қабілеті төмен оқушымен жұмыс орындау үшін. Оқушыларды екі рет топқа бөлдім. Бұл әдісім тиімді болғанмен уақыттан ұтылып қалдым.

4- сабақ Сабақты зерттеу бойынша бейне жазбаға жаздым.

5-сабақ Сабақты зерттеу бойынша бейне жазбаға жаздым.

6- сабақ Сабақты зерттеу бойынша бейне жазбаға жаздым.

7- сабақ Өтілген сабақтарымды бейнежазбаға түсіріп,  рефлексия жасадым. Сабақтарыма рефлексия жасай отырып, мен мынаны білдім:

Сабақтарымда  1) Мұғалім  іс-әрекетіне  рефлексия жасау;                                          2) Оқушы әрекетіне рефлексия жасау;                                                                       3) Пайдаланған  әдістерге  рефлексия жасау керектігін білдім.                                           4) Сабақ  мазмұнына сабақ әдісі, мұғалім іс- әрекеті, оқушы іс – әрекеттері де бағытталу керектігін түсіндім.

5. Іс- әрекеттегі зерттеу сыныпта тәжірибеге негізделген деректер жинауды қамтиды.

1)Сұқбат                                                                                                                                2)Бейнежазба                                                                                                                         3)Жағдайды зерттеу

4)Аудижазбалар

5)Фотосуреттер                                                                                                   

Өтілген сабақтарымды бейнежазбаға түсіріп,  рефлексия жасадым. Сабақтарыма рефлексия жасай отырып, мен мынаны білдім:

Сабақтарымда  1) Мұғалім  іс-әрекетіне  рефлексия жасау;                              2) Оқушы әрекетіне рефлексия жасау;                                                                       3) Пайдаланған  әдістерге  рефлексия жасау керектігін білдім.                                           4) Сабақ  мазмұнына сабақ әдісі, мұғалім іс- әрекеті, оқушы іс – әрекеттері де бағытталу керектігін түсіндім.

4) Оқушылардың  оқуына рефлексия жасауға үйрету.

Мен, өткен жылы  «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсын аяқтап, мектепке келдім. Мектепке келгенде   бағдарламаның жеті модулін меңгеріп, сабаққа қандай әдістер қолданамын, не үшін қолданамын, қалай қолданамын, қай кезде қолданамын, осылай қолдану маған не береді деген сынды сан түрлі сауалға жауап іздеу бастапқыда қиынның қиыны болып көрінді. Мен үшін коучинг өткізу, сабақ жоспарына 7 модулді ықпалдастырудың өзі маған қиындық тудырды. Тәжірибе алаңында жүргенде оған тез төселіп алдым. Барлық пәндерден орта мерзімді жоспар түзіп, сол бойынша қысқа мерзімді жоспар құрастырып, сабақтарымды бастап кеттім. Кейін сабақ жоспарларын қиналмастан шабытпен орындайтын дәрежеге жеттім. Алғашқыда жоспарланған сабақтарым өзіме қызық жақсы өтіп отырғандай болатын. Осылайша бір ай сабақ жүргізіп отырдым. Кейде жоспарланған сабағым 2 сағатқа дейін созылып кетіп жүрді. Бұл мен үшін қалыпты жағдайға айналды. Қанша уақытты үнемдеймін десемде болмады. Сонымен бірге оқу мақсатына негізделген сабақ мақсаты орындалмай қалып жүрді. Мұның себебін мен өзімше сабақ мазмұнының көптігі деп ойладым. Әсіресе математикадан тапсырмалар көп берілгендігі деп ой түйдім. Әдебиеттік оқу пәнінен көбіне шығармашылық тапсырмалар берілген. Мысалы «Кейіпкерге хат жаз», «Өзің ойыңша аяқта», «Сен  кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?»… деген сияқты тапсырмалар. Осындай шығармашылық тапсырманы тек бірнеше оқушы ғана өз ойын жазбаша жеткізеді. Мұның себебі неде? Барлық оқушы неге орындай алмайды? Мен нені дұрыс істемей жатырмын? Неге сабақта жоспарланған тапсырмаларды уақытында орындай алмаймыз? …  деген сансыз сұрақтар мені мазалап қоймады. Кейде сұрақты қабылдаймын, кейде қабылдамаймын. Сұрақты қабылдамау себебіміз сұрақ мені үнемі мазалап тұрды. Ал, енді сұрақ белгісіне назар аударайық. «?» сұрақтармен бізді төменге тартып тұрғандай болады.

Күнде ертең сұрақ жауабын табамын деп жүрдім. Әр сабақта түрлі әдістерді  жоспарлап келсемде ештеңе өзгермеді.  Мен бұдан кейін не істеуім керек? Осы ой үстінде көп ойландым. Содан курста  үйренген   теориялық бөлімді ой елегінен өткіздім. Сол кезде Джон Дьюи «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау» деген пікірі есіме түсті. Демек маған керегі рефлексия екенін білдім.  Содан рефлексияны еске түсіріп,  кітап парақтап қайта оқып шықтым. Демек,  «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды.  Жалпылама алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал:

1) Аялдама жасау (тоқтау);

2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;

3) Өзгерістер енгізу;

4) Болашақты жоспарлау.

Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді, ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу.

Енді осы сұрақ белгісін «?»  сұрақ белгісін жоғары қаратайықшы. Неге ұқсады? Бір қармаққа ұқсайды. Сұрақтар жоғары көтеріліп кетті. Сұрақтар енді мені төмен тартпайды. Сұрақтар мені дамытады. Сұрақтар мені алға жетелейді. Демек, мұғалімнің рефлексиясы не үшін қажет? Мұғалімді дамыту үшін керек. Мұғалім өзіне сұрақ қою арқылы болашағына, өткен- кеткен іс – әрекетіне талдау жасайды. Содан мен өзіме рефлексия жасау керектігін түсіндім. Біз  жазып жүрген жоспардың соңында мұғалім рефлексиясы берілген. Осылай мен сабақ өтіп болған соң, ҚМЖ соңында берілген мұғалім рефлексиясын жазып жүрдім.

Бірінші күні: — «Ойлан, жұптас, талқыла!» топтық жұмысымда оқушылар шулап кетті. Кейбір оқушылар белсенділік танытпады.-Уақытты үнемдей алмадым.

+ Дарынды оқушыларым жақсы жұмыс жасады.

Екінші күні:

— Уақытты үнемдей алмадым. Топтық жұмысым тағы да шулы болды.

Үшінші күні:

Сабақ барысында сараланған тапсырмаларды орындау үшін, яғни дарынды оқушы мен қабілеті төмен оқушымен жұмыс орындау үшін. Оқушыларды екі рет топқа бөлдім. Бұл әдісім тиімді болғанмен уақыттан ұтылып қалдым.

Осындай қателіктер қайталанды. Мен әрі қарай не істеймін? Көп ойландым. Нені өзгертуім керек. Осылай өзімнен есеп алдым. Бірінші өзімнен  қателік іздеп көрмекші болдым. Әріптесімнен сабағымды бейне жазбаға түсіруін өтіндім. Сабақ соңында сабағымды өзім отырып көрдім. Сабағымды өзім көріп отырып, өзім ұялдым. Балалардың шулы дауысынан кейін өзімде қатты сөйлейтінімді білдім. Осылай сабағымды зерделеу үшін тек әдіске немесе оқушы әрекетіне тек қана рефлексия жасау жеткіліксіз екенін білдім. Демек сабақта мұғалім әрекетіне, оқушы әрекетіне, сабақта пайдаланған әдістерге және сабақ мазмұнына да рефлексия жасау керектігін білдім.

Осылайша 15 сабаққа рефлексия жасадым. Сабақтарыма рефлексия жасай отырып, мен мынаны білдім:

1.     Әр сабақтан кейін рефлексия жасау керектігін;

2.      Сабаққа рефлексияны 4 рефлексиялық нысана  бойынша жасау керектігін;

3.      Сабақта пайдаланған әдістерді  оқушы дағдыланғанша пайдалану керектігін білдім;

4.      Рефлексияда оқушы өзінің қалай үйренгендігін  талдап, оларды түсінетіндігін білдім.

 

 Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша ойластыра білетіндігіне байланысты. Басқаша сөздермен айтқанда, бүгінгі әңгімеміз ойлану турасында болды.Әр ұстаз ойлансыншы.Өзіңіздің іс – әрекетіңіз  сабағыңызда  алдыңызда отырған баланы қаншалықты дамытып отыр? Өз- өзіңізді дамыту арқылы біз баланы дамытамыз.

Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген оқу әрекеттерін ғана орындап, бірақ олардың өзінің дамуындағы маңызын түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.

Үйренуде рефлексия сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде игергендігін білуге бағытталатын қарапайым бекіту мен қорытындылау емес (мәселен, «Сонымен бүгінгі сабақта біз не өттік/білдік/қарастырдық?» секілді сұрақтар арқылы).

Рефлексияда оқушы өзінің қалай үйренгендігін (үйренудің қадамдарын, әдіс-тәсілдерін) талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің атқарған әрекеттерін зерделеп, олардың берген нәтижелерін нақтылайды, оларды қалайша жақсарту болатындығы туралы ойланады. Мұндай зерттеу жұмысы білім алушыға жасалынған іс-әрекеттерін талдап, оларды бағалау мүмкіндігін беріп, оны сонымен бірге болашақтағы үйрену амалдарын жоспарлап, өз білгендерін арттыруға ынталандырады.  Сонымен бірге сабақтарымда оқушыларды да өз оқуын реттеу мақсатында әр тапсырмада кейін кері байланыс беру арқылы рефлексия жасауға бағыттап отырдым. Осындай жүйелі жұмыс нәтижесінде Республикалық ғылыми жоба байқауынан 2 оқушым Қалдыбек Айдана мен Қуатбекова Альбина жүлделі І орын алды. Республикалық «Жас білімпаз» қашықтық олимпиадасынан Батырбек- ұлы Алдияр жүлделі ІІІ орын иеленді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Мұғалімдерге арналған  нұсқаулық

2.     Үлестірме материалдар

3.     «Интербелсенді әдістер» Асхат Әлімов

 

 

Жамбыл обл

Жамбыл ауданы

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп- гимназия

Сидикова Дурия Жумагалиевна

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *