Оқушыларды информатика пәнінен пәндік олимпиадаға дайындау

Информатика пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындау

 

1.     Пәндік олимпиада маңыздылығы.

2.     Информатика пәндік олимпада ерекшелігі.

3.     Пәндік олимпиадаға қалай дайындаймыз?

4.     Қалай қызығушылығын артырамыз?

5.     Таңдау курстарынан сабақтар ұйымдастыру.

6.     Сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру.

7.     Пәндік олимпиадаға қатыстыру.

8.     Қосымша әдебиеттер жинақтау.

 

1.      Қазіргі уақытта түрлі білім жарыстарында, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда биіктерге көтере алатын білімді де талантты жастарға деген сұраныс өте мол.  Сонымен қатар президенттің жаңа жолдауы бойынша «Цифрлы Қазақстан» бағыты барлық саланы компьютерлендіру болса, бізге артылыр жүк тағы да молаймақ.

Пәндік олимпиада – оқушының білім дағдылары мен қисынды ойлау әрекеттерін саралайтын кезең. Оқушыны олимпиадаға дайындау  сәтінде есептеудің тиімді жолдарын қарастыру – мұғалім атқарар міндет екені белгілі. Талапкердің жүйелі жұмыс жасай білу қабілетін саралап, есептеудің тиімді жолдарын қолдана білу шеберліктерін шыңдап, өзіндік бағыт-бағдар беру – қазіргі таңдағы ізденімпаз ұстаздардың негізгі ұстанымы

2.     Соңғы жылдары информатика пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларға қойылатын талаптар деңгейі күшеюде. Алайда аудандық олимпиадаға келген оқушылар тапсырмаларды орындау ретінің түсініксіз, тіпті кейбір оқушылардың таныс емес екені де байқалады, тіпті бағдарламалау тілі бойынша берілгендерді жазу, деректерді енгізу, мәліметтерді шығару әрекеттерін жаза да алмайды. Осыдан оларды сыныптан тыс жұмыс кезінде бірқатар қосымша  материалдармен орындай білуге үйрету керек. Оқушының  программа құратын алгоритмдік ойлау қабілеті жоғары болуы қажет. Олимпиадаларға ұсынылатын есептер дәстүрлі емес, яғни сабақ үдерісінде негізі қаланған, бірақ терең талданылмаған есептер. Бұл есептерді шығару оқушылардың қосымша ізденуін талап етеді

Пәндік олимпиадалар төмендегі мынадай негізгі міндеттерді шешуге мүмкiндiк береді:

— оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру;

-оқушыларды түрлі салалардың есептерін компьютерде шешуге үйрету;

— мектеп оқушыларының ішінде ғылыми еңбекке бейім оқушыларды анықтау;

— жоғары сынып оқушыларына кәсіп тандауда көмектесу;

— мектепте сабақтан тыс жұмыстар, үйірмелер, факультативтердің жұмыстарын жандандыру;

3.     Оқушыларды олимпиадаға дайындау кезеңі өте күрделі. Дайындалатын оқушының білімін жетілдірумен бірге, оның моральдық-психологиялық жағдайына да мән беру қажет. Программалалау бойынша оқушыларды дайындауда тағы бір ерекшелік, оқушы шығарған әрбір есебін компьютерде тексеріп көруі керек. Сонда оқушының алған теориялық білімі практикалық білімімен ұштасады.

Оқушылардың программалау бойынша дайындауда төмендегі екі факторғае рекше мән беру керек, оқушыға терең алгоритмдік ойлауды қалыптастыру мен бірге оқушының бір программалау тілін (Паскаль, Си) жете меңгеруін қамтамасыз ету қажет.

Осы бағыттағы жұмысты келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1. Оқушылар арасынан математикаға қабілетті, логикалық ойлауы бар оқушыларды таңдау; дым болмаса шығармашылықпен (креативті)ойланатын балаларды қамту

2. Таңдалған оқушының алгоритімдік ойлау қабілетін қалыптастыру;

3. Оқушыға программалау тілін үйрету.

Олимпиадаға дайындық үшін алынатын оқушыларды 5-6 сынып оқушыларының ішінен тандаған дұрыс. Біріншіден, бұл сынып оқушыларында білімге деген құштарлық жоғары болса, екіншіден, мұғалім оқушыны олимпиадаға 7-8 сыныптан бастап қатыстыру арқылы, оқушының мол тәжірибе жинақтауына мүмкіңдік береді. Сонда оқушы олимпиадаға 3 рет қатысудың орнына 4-5 рет қатысып. білім денгейін толық көрсетуге мүмкіндік алады. Үшіншіден, мұғалім оқушыны 5-6 жыл үздіксіз дайындау арқылы оқушының пәнді жан-жақты меңгеруіне ықпал жасайды.

1-кезенде оқушылармен төмендегідей жұмыстар өткізіледі:

— оқушылармен информатика пәні, оның алға қойған мақсаттары мен бағыттары жайлы сұхбат өткізу;

— пәнге қызығушылық танытқан оқушыларды жинап, тест жұмысын алу арқылы олардың қабілетін тексеру;

— тест жұмысын ойдағыдай тапсырған оқушыларды, сұхбат өткізу арқылы олардың ішінен математикаға қабілетті, алгоритмдік және логикалық ойлауы бар оқушыларды таңдау.

2-кезеңде оқушылардың жалпы логикалық қабілетін дамыту мақсат етіп алынады. Бұл кезеңде оқушыларға түрлі логикалық тапсырмалар, есептер беріледі. Есептердің негізгі мазмұны оқушылардың ойлау қабілетін дамытатындай болуы қажет.

Сонымен, олимпиада кезінде оқушыға тиісті негізгі талап мынадай: Тапсырманың қойылуы және орындауға қажетті шарттар оның мәтінінде көрсетіледі де, әр оқушыға таратылып беріледі. Оқушының мақсаты – тапсырманың қойылуына сәйкес берілген шарттарды орындайтын бағдарлама жазу.

Ал, бағдарламаның функциясы: 1.берілген файлдардағы мәтінді оқу; ондағы қажетті мәліметтерді алу; 2. қойылған тапсырманы орындау; 3. тапсырманың нәтижесін аты белгілі нәтижелік файлға жазу. Демек, оқушының информатикалық білім деңгейін анықтау барысында оның логикалық талдауы мен компьютерлік сауаттылығы, яғни, оның программалау тілін меңгере отырып, қойылған мәселені шеше алатындай бағдарлама жасай алуы, файлдармен жұмыс істей алуы және де өздері тандап алған программалау тілінің компиляторын қолдана білуі қатар тексеріледі

Жалпы алғанда, мектеп бағдарламасында берілгендер қоры мен файлдармен жұмыс істеу, яғни файлды құру, ашу, жабу сияқты мәліметтер қарастырылмағанымен, олардың қарапайым түрлерін меңгеру оқушыға қиын соқпайды. Олай болса, алдымен файлды құру, ашу және жабу мәселелеріне тоқталып өтелік.

Олимпиадалық тапсырмаларды орындау барысында негізінен 3 түрлі файлдармен жұмыс жүргізіледі: енгізу файлы (тестік файл), жұмысшы файл (программа), нәтижелік файл (текстік файл).

Бағдарламада берілгендер файлын ашып, ондағы қажетті мәліметтерді оқу үшін

Assign(f, ’in.txt’); (f-файлдықайнымалыға ’in.txt’-дискілік файл атынтағайындау)

Reset(f); (оқуүшінфайлдыашу);

Readln(f,v); файлдағы мәліметтерді v-айнымалысына енгізу;
Ал, программа нәтижесін нәтижелік файлға жазу үшін:
Assign(f1 ’out.txt’); (f-файлдық айнымалыға ’out.txt’-дискілік файл атын тағайындау)

Rewrite(f1); (жазу үшін файлды ашу);

Writeln(f1,v1); v1-нәтижелік мәліметтердіфайлғажазу);

Сlose(f1);    (файлды жабу); — операторлары осы ретпенпайдаланылады.

Міне, осы іс-әрекеттер көмегіменоқушыларды файлдармен жұмыс істеумүмкіндігі жасалынады. Бұлоқушыларды информатика пәнінен олимпиадаға дайындаудың алғашқы қадамы

Содан кейін оқушыларды берілген тапсырма моделін құрып, оны логикалық талдау жұмысына дағдыландыру мақсатында түрлі тапсырмалардың орындалуы талап етіледі.

 

5.Таңдау курсы үшін мұғалім мүмкіндігінше авторлық бағдарлама жасау керек немесе дайын курстық бағдарлама алып,  оқушыларды информатика пәніне қызықтыру, программалау тілін оқыту, олимпиадалақ есептерді шығарып үйрену керек.

6. Сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру бұл да пәнге қызықтырудың бір тәсілі

7.Пәндік олимпиадаға апарып- алып келуді мұғалім өз қолына алу керек(бұл жерде қаражат мәселесі), марапаттаулар жүргізіліп отырылуы керек.

8.Қосымша әдебиеттер жинақтау (өкінішке орай ондай кітаптар орыс тілінде ғана кездеседі), оқушы үйінде дербес компьютері болуы шарт, қосымша программалармен қамтамасыз ету.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *