А.С.Пушкин «Ескерткіш» (2-сағаты)

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

4-бөлім.  Ұрпақ тәрбиесі Балқаш қаласы Мектеп:№ 8

 

Күні: Мұғалім:Г.С.Айтқұлова

Сынып:  7 «Б» Қатысқан оқушылар  саны: 16 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы: А.С.Пушкин «Ескерткіш» (2-сағаты)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту, ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдап,  әдеби эссе жазу, автор бейнесін анықтау.

Бағалау критерийлері: Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айтады;

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

Әдеби эссе жазады.

Автор бейнесін анықтайды.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:

Шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айта алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дербес, жасаңғырар, тұңғыс, муза, пақырлар

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ақын неліктен ескерткіш орнатты?

Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі неде деп ойлайсың?

Сен туған еліңнің дамуына қандай үлес қосар едің?

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс Орыс әдебиеті, тарих, қазақ тілі

Алдыңғы оқу А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы және «Ескерткіш» өлеңінің тақырыбы, идеясын өткен сабақтардан  біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.  Психологиялық дайындық.»Көршінің көзімен»  қасындағы оқушының есіміне жақсы мінезін тіркестіріп  айтады. Мысалы: Мерей мейірімдісің деген сияқты.

1.Біз қандай адамды Ұлы деп айтамыз?

2.Өздерің білетін ұлы адамдарды атаңыздаршы.

3.Ескерткішті халық кімге қояды? Ойланайықшы.

Үй тапсырмасын сұрау.

А.С.Пушкин мен Ғ.Орманов туралы  қосымша дерек іздену.

ҚБ.Ғаламтордан, дерек көздерінен қосымша мәліметтер тауып, зерттеу жүргізген оқушыларды мадақтау.

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

7 минут

С.1-тапсырма.«Қос жазба күнделігі»

Шығармадағы лирикалық кейіпкерге мінездеме беріп, үзіндіні жатқа айту.

 

 

 

 

Дескриптор:

— кейіпкерге мінездеме береді;

-өлеңді жатқа айтады.

ҚБ. «Басбармақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЖ. 2-тапсырма. Жасырын сұрақтар.» Конверт-сұрақ» әдісі . Конверт ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, ақынның айтпақ болған ойын ашу арқылы постер қорғайды.

1-топқа Ақын қандай ескерткіш орнатты?

2-топқа Келер заманда тіл біткеннің атын атап құрметтегеніне неге сенімі мол? Өлеңнен керекті жолды оқы.

3-топқа Пушкиннің салған ескерткіші Александр мұнарасынан неге асқақ?

Дескриптор:

— топтар бірлесіп жұмыс жасайды;

— сұрақтарға жауап беріп, ақынның айтпақ болған ойын ашады;

— постер қорғайды.

ҚБ. «Бағдаршам»

 

Жеке жұмыс. 3-тапсырма. «Жеті сұрақ» әдісі

Ұлттық құндылықтарға бағытталған тірек сөздерді тауып, жеті сұрақ арқылы әдеби эссе жазыңыз.(50-60 сөз)

 

 

Дескриптор:

— Ұлттық құндылықтарға байланысты тірек сөздерді табады;

-сұрақтарға жауап береді;

— тірек сөздерді пайдаланып, әдеби эссе жазады;

— эссенің көлемдік құрылымына, сауаттылығына мән береді.

ҚБ.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5мин    Рефлексия

«3 Қ» стратегиясы   Жапырақ бөлімдеріне А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқу барысында сіздер үшін қызық,қиын,қажет болған тұстарды жазып,ой қорытайық.

Бүгінгі сабақта не қызық болды?

 Бүгінгі сабақта не қиындық келтірді?

 Бүгінгі сабақта не қажет болды?

Үйге тапсырма:  өлеңді қарасөзбен жазыңыздар.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *