Бағалау құралдарының сапалы әзірленуі оқушы жетістігінің кілті

 

Бәкірбаева Зарипа Сейдалықызы

 

Информатика пәнінің мұғалімі

 

№72 жалпы орта мектебі

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылы

 

Zari_2781@mail.ru

     

                                                                                 

Бағалау құралдарының сапалы әзірленуі оқушы жетістігінің кілті

                                                                          «Бұған дейін жасалғандардың бәрін

                                                                      одан да   жақсырақ етіп жасауға болады».

                                                                                                                          Генри Форд

           Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы —  заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажет. Білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл бағдарламаның  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады. Аталған білім беру  бағдарламасы туралы  түсінгенім мен ұғынғаным мол. Кәсіби тұрғыда жаңа  сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей  бастаған сәтімде арнайы курсқа баруым бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымның жауабын табуға берілген мүмкіндік секілді көрінді. Расында да осы уақытқа дейін бірнеше курстар мен тренингтердің тыңдаушысы болсам да, жаңартылған білім бағдарламасының толық нұсқасын түсініп кете алмаған екенмін. Бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысында үнемі қиналатын едім. Осы курсқа келіп, бағалау тапсырмаларын әзірлеуді және сараптауды үйрендім.

            Қазіргі уақытта курстан түйгенім, білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру болып табылады. Бағалау құралдарын сапалы әзірлеу әрбір мұғалімнің оқушы жетістігін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

            Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген оқу мақсатына сәйкес алынған бағалау критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Бағалау критерийлерінің өзін ойлау дағдыларына сай етіп алуды ұмытпаған жөн. Бағалау критерийлерін, ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес тапсырмаларды әзірлейміз. Тапсырмаларды орындауға жұмсалатын уақытты да ескеруді ұмытпаған жөн.

            Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірімен байланыстыра алуына бағыттауымыз қажет. Әрбір ұстаз оқушыны оқу мақсатына бағытталған сапалы бағалау құралдары арқылы әділ, шынайы, ашық бағалауы қажет деп ойлаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *