«Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты сайыс

 

Тақырыбы: «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты  анасы мен баласы сайысы

Мақсаты:  Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. МдҰ-ға ата- аналарды тарту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың қоғамдық жұмыстарға араласуына жағдай жасау, дене шынықтырумен жиі айналысу.

 Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

Бүгін «1 – желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент» күніне орай өткізіліп жатқан «Күншуақ» тобының бүлдіршіндері және олардың ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысқа екі топ қатысады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

 

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.

 

Сайысымыздың екі тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

  1. 1. «Балақай» тобының ата анасы Мырзабаева Назым.
  2. «Жасұлан» балабақшасының қызметкері Абдрахманова Ажар
  3. «Қарлығаш» тобының ата анасы Амренова Гүлсім

 

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады. Әділқазылар алқасы 4,5балдық жүйе бойынша бағалайды.

 

1 кезең. Таныстыру. (екі топ өздерінің топтың атын ұранымен таныстырып өтеді).

 

2 кезең. «Көңілді шығыршықтар»

Шарты: Бірінші тұрған ойыншының қолына шығыршық беріледі. Анасымен баласы шығыршықты киіп екеуі белгіленген жерге дейін жүгіреді. Шығыршықты келесі ойыншыға беріп сайыс ары қарай жалғаса береді. Бірінші болған топ жеңіске жетеді.

 

3 кезең. «Аяғынды сулап алма»

Шарты: ойыншылардың қолдарына қолшатыр беріледі, аяқтарына галош киеді. Су болып жатқан жерден секіріп, белгіленген жерге дейін жетіп орындарына қайта келіп қолшатыр мен галошты келесі ойыншыға береді. Сайыс ары қарай жалғасып жеңіпазды аңықтайды.

 

4 кезең. «Қарбыздар»

Шарты: Ойыншыларға берілген белгі бойынша зембілге себетте тұрған қарбызды салып кедергілерден өтіп, қарбызды қапқа салып өз орындарына қайта келіп зембілді келесі ойыншыларға береді. Сайыс ары қарай жалғасып өз жеңіпазын аңықтайды.

 

5 кезең. «Көңілді доптар»

Шарты: бірінші тұрған ойыншыға секіртпе доп беріледі. Секіртпе доппен белгіленген жерге дейін жетіп қайта келеді. Секіртпе доп келесі ойыншыға береліп, ойын ары қарай жалғасады.

 

6 кезең. «Көпірден өт»

Шарты : Бірінші тұрған ойыншылар анасы мен баласы гимнастикалық орындықтың үстінен жүріп көпірден өтеді. Сайыс ары қарай жалғасады.

 

Қорытынды:

Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Марапаттау).

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *