Сабақтың тақырыбы: Қайталау – оқу анасы

Сабақтың тақырыбы:  Қайталау – оқу анасы

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жануарлар әлемінің алуан түрлі болатынын ұғындыру. Аңдар туралы айта алуға үйрету.

  • Өтілген тақырыптарды пысықтай отырып, аңдар туралы әңгімелей білуге, сұраққа толық, нақты жауап беруге дағдыландыру.
  • Тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау, тақырып бойынша меңгерген сөздік қорын орынды қолдана алу.
  • Тілге деген қызығушылықты арттыру, аңдарды аялай білуге баулу.

Көрнекілік: слайд, суреттер, қима-қағаздар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой-қозғау, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

—  оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру;

—  зейіндерін сабаққа аудару.

— сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ. Негізгі кезең

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, оқушылар, ашық сабағымызға қош келдіңіздер!  Бүгінгі сабағымызда аңдарды қайталап, еске түсіреміз.

 

Ой-қозғау. Қандай аңдарды білесіңдер? (Оқушылар топтастырып шығады).

        Есіңе сақта! Жойылып бара жатырған аңдарды Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгіземіз. Қызыл түс қауіп қатердің белгісі. Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінен жоғалып құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.

 

Ал енді балалар, сабағымызды тапсырмаларды орындаумен жалғастырамыз, тапсырмалар орындау арқылы өткен тақырыптарды қайталап, бекітеміз.  Ол үшін, барлығымызға белгілі ертегі кейіпері бауырсақты шақырдым. Ол сабақ бойы бізбен бірге болады.

 

 

Сонымен, біз бауырсақ атасы мен әжесінен қашып кеткен жерден бастаймыз.

  • Бауырсақ қайда келеді?
  • Бауырсақ орманға келеді.

 

 

 

 

 

 

  • Орманда ол нені кездестіреді? – Қоянды.
  • Қоян: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін» — дейді.
  • Балалар, қоянға бауырсағымызды жегіземіз бе?

– Жоқ!

  • Ендеше, қоянның шартын орындайық. «Балалар тапсырмамды дұрыс орындап берсе, жіберемін» —  дейді қоян.

 

1-тапсырма.  «Кім тапқыр?»     Жасырын аңдарды табу.

 

  • Бауырсақты қояннан құтқардыңдар, балалар. Бауырсағымыз әрі қарай домалап кетіп бара жатса, алдынан қасқыр шыға келеді.
  • Қасқыр: «Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін» — дейді.
  • Балалар, бауырсағымызды қасқырдан құтқарамыз ба? Ендеше қасқырдың да тапсырмасын орындайық.

 

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. Бұл қандай жануар?

  1. Қу айлакер аң не? (түлкі)
  2. Аң патшасы не?(арыстан)
  3. Қорқақ аң не? (қоян)
  4. Жыртқыш аң не? (қасқыр)
  5. Сүйкімді аң не? (тиін)

(Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді)

 

Жарайсыңдар балалар, қасқырдан да құтқарып алып қалдыңдар. (Ал бауырсақ әрі қарай домалап кетті).

  • Балалар, біздің бауырсағымызды тағы бір аң ұстап алыпты ғой! Бұл қай аң?
  • Аю.
  • Ендеше аюдың да шартын орындайық! Аю бізге: «Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер» — дейді.

3-тапсырма.  Сандарды сөйлет.

 

10      7     3

4   5    9  6    2

Балалар, біздің бауырсағымыз қу түлкіге де кезігіп қалыпты. Ал түлкіден құтқарып алу үшін түлкінің үш шартын орындауымыз керек.

 

Сергіту сәті: (Аудотаспа)

4-тапсырма. (түлкінің тапсырмасы)

а) «Ненің дауысы?». Аңдарды дауыстары арқылы айыру, үнтаспадан аңдардың, дауыстары қосылады, олар қай жануардың дауысы екендігін айырады (дауыстар ұсынылған).

ә) Бұл қандай жануар?  (бір оқушы кез келген жануарды іс-қимыл арқылы көрсетеді, қалғандары қай жануар екенін тауып айтады).

б) Постер құрастыру.

Жабайы аңдар мен үй жануарларының ішінен артығын табады. Артығы үй жануарлары. Себебін түсіндіріп кетеді, аңдармен постер құрастырады.

 

в) Дәптермен жұмыс.

 

ІІІ. Қорытынды.

Міне балалар, бауырсақ сендердің арқаларыңда орманнан аман-есен ата-әжесіне оралды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін сендермен «Аңдар» тақырыбы бойынша бірнеше тапсырмаларды орындадық. Сендер жақсы еңбектендіңдер, өз білімдеріңді көрсеттіңдер.

 

IV.Үйге тапсырма: Аңдардың суретін салу.

  1. V. Мадақтау.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *