«Атаға қонаққа барғанда» («Көркем әдебиет» білім саласы )

 Білім саласы: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Атаға қонаққа барғанда»

Мақсаты: Ертегіні оқып беріп мазмұнын түсіндіру.

Міндеттері: Қажет сөзді дұрыс қолдана білуге, байланыстырып айта білуге баулу. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, мәнерлеп оқу, балалармен бірге оқу, өлең айту, бақылау, түсіндіру, көрсету, мадақтау.

Үштұғырлық: ата-дедушка-grandfather.

Кіріспе:

Шаттық шеңбері

(балалар бірлесіп өлең жолдарын айтады)

«Күн нұрынан алайық,

Алақанға салайық.

Жүрек жылуын алайық,

Күн нұрына қосайық.

Жинап алып барлығын

Қонақтарға шашайық!» (Балалар шашу шашқан кейіпті келтіреді)

Ғажайып сәт: Мұражайға атаға қонаққа бару ( паровозбен бару)

Кәне кімнің бойы ұзын,

Паравозы ол пойыздың, пуф-пуф (балалар тізбектеліп мұражайға барады)

Негізгі бөлім: Тақырып бойынша әңгімелесу. Ата туралы, оның мейірімділігі, еңбекқорлығы жайлы сөйлесу. Суреттерге қарап әңгіме айту.

 

Сергіту жаттығуы

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

 

Атаның тапсырмалары:

Д/о: «Кім қалай дыбыстайды? Жануарлардың дауысын келтіреді: сиыр – мөңірейді, қой, ешкі – маңырайды, мысық – мияулайды, итүреді.

Д/о: «Төлдерді ата»

-Сиырдың төлін не деп атайды?

-Сиыр төлі – бұзау cүйкімді әрі асау.

Ешкінің төлін не деп атайды?

-Ешкі төлі – лақ, тыныш тұрмайды ол бірақ.

-Қойдың төлін не деп атайды?

-Қойдың төлі – қошақан, өріске қашқан қорадан.

 

Қорытынды: сабақты бекіту, бағалау, мадақтау, топқа оралу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *