Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда сторителлинг әдісін қолдану.

Сторителлинг-сабақты түрлендірудің керемет әдісі. Әрбір баланың қызығушылығына мән беріп, жеке ілтипатпен қараудың әдістерінің жиынтығы. Кез келген жерде, кез келген уақытта пайдалана аламыз.
Сторителлинг әдісінің мақсаты тыңдарманның сезімдерін басқарып, назарын аудару. Бұл баланың миында психологиялық өзара байланыстарының қалыптасуы арқылы жадында әңгіме немесе оқиғаның ұмытылмай сақталуына көмектеседі.
Балаларға ертегі, әңгіме, оқиға, оқып беру бұл да сторинтеллингтің бір формасы болып табылады. Педагогика саласында сторинтеллинг техникасы оқиғаны баяндау арқылы және қызықты батыр кейіпкері бар, көптеген қарама қайшылықтарды шешуге көмек береді. Педагогика саласында сторинтеллинг техникасы түрі қарастырылады.
Классикалық сторинтеллингте оқиғаны педагог өзі баяндайды. Қызықты ақпараттармен бөлісе отырып, баланың есінде қалатындай баяндап беру.
Белсенді сторинтеллинг оқиға желісінің негізі жүйеленеді. Оның мәселелері мен, мақсаты және міндеттері қойылады. Балалар оқиға желісін баяндай отырып, сюжеттің ішіне қиялымен ене түседі. Кез келген оқиғаның өзінде батыры және өз негізгі кейіпкері болады. Баланың ең сүйікті кейіпкері таңдай отырып, оны тереңдей зерттей түсеміз. Ол кейіпкердің сезімі және эмоциясына назар аударамыз. Бала сол кейіпкерге жаны ашып, болмаса оның орнына өзін қоя отырып, оқиғаның ішіне ене түсу.Ол кейіпкердің көңіл күйі қандай, оның бейнесі қандай, нені ұнатады? Оның көңіл күйін қалай көтереміз? Яғни, сұрақтар қою арқылы, оқиға желісіне еніп, жалғастыра түсу.
Сандық сторинтеллинг бұл түрінде оқиғаны баяндау желісінде, визуалдық компоненттермен жүргізу.(видео, инфографика, слайд)
Сторителлинг техникасы дискурс формасы секілді, өйткені әңгімелер балалардың қызығушылығын тудырып қана қоймай олардың факториясын, логикасын және мәдени факторларлық ойларын қалыптастырады.
Сандық сторинтеллингті және АКТ технологиясын қолдану ойдан шығарған мәтіндерді немесе оқиғаларды визуалды қалыпқа немесе көз алдына елестетуге көмектеседі, мәліметті эмоцияналды байытады. Сторителлингті балалардың жобалық іс әрекетінде сәтті қолдана аламыз. Сторителлинг әдісін мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдану, олардың топқа араласып бейімделуіне жақсы әсер етеді.
Сторителлинг ата-ана және балалардың арасындағы қарым қатынасты жақсартады. Ата аналардың сабаққа қатысуы, оқыту тәрбие ісіне белсенді араласу кезінде сторителлинг бірқатар сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі.
Сторителлинг балаларда не дамытады?
Оқиғалар, сюжеттер, әңгімелер құрастыру барысында балалардың сөздік қорының белсенді дамуына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына өз әсерін береді. Бұл орайда әрбір бала өз оқиғасын өмірден алған тәжірибесінен ала отырып, баяндайды.
Оқиға кейіпкерлерін өз эмоциясымен, армандарымен, қорқыныштарымен, өз көңіл күйлерімен жеткізеді. Өз ойларынан әңгіме құрастыру барысында жан тәнімен сюжеттің мазмұнына ене түсіп, кейіпкердің жан дүниесін сезіне бастайды. Ұялшақтық әрекеттерінен арылады. Жасқаншақтар батыл, үндеместер сөзшең болып көңіл күйің көтеріледі.
Әңгімені, ертегіні ойдан құрастыра балалар сюжетті өз басынан өткереді, қиял әлеміндегі жағдайларда ойша іс әрекет жасауға қабілеті пайда болады. Ұялшақтар ашыла бастайды, қорқақтар батылдана, үндеместер сөйлеуге машықтанады. Және көңіл күйді көтере бастайды. Себебі әңгіме құрастыру пайдалы ғана емес сонымен қатар өте қызықты.
Ересек адамдарға әңгіме құрастыру балаларға қарағанда қиынырақ, оларда балалардың жеделдігі, қиялға ұшып самғауы, бостандығы жоқ. Ал балалар болса, бірдеңені дұрыс айтпай қаламба деп қорықпайды, өз қиялындағы кейіпкерлерге ене бастайды.
Әрбір әңгімеде оның құрылымын анықтау оңай. Тыңдаушы оны ақылмен қабылдаудан бұрын жүрегімен сезеді. Сторителлинг техникасының құрылымына келесі негізгі элементтер кіреді.
1.Кіріспе- тыңдаушының қызығушылығын тудырып, олардың назарын аударып ұстап тұру.
2.Оқиғаны дамыту- бұл бөлім кіріспеде айтылған мәселеге немесе жанжалға толығырақ ене түсуге мүмкіндік береді.
3.Шарықтау шегі бұл күйзеліс шарықтау шегіне жетіп, жағдай төзімсіз болып көрінген кезде қойылған мәселенің шешілу жолы табылады. Құпия ашылады. Түпкілікті нәтижеде шешім табылады.
4.Қортынды- оқиғаны бір сюжетпен аяқтай білу.
Әңгімелеу шаршылары ойыны. Әңгіме құру шаршыларын пайдалана отырып, қызықты суреттер арқылы әңгіме, ертегі, оқиға құрастыру. Яғни бұл жерде шаршының бетінде әр үрлі суреттер бейнеленген, шаршыны лақтыра отырып, түскен суреттерді бір бірімен байланыстыру. Бұл ойын балаларға өте қызық, олар оқиға желісін өз ойынан сол мезетте құрайды, және өзінің қиялынан, немесе бұрын көрген мультсериялдардан да алуы мүмкін. Өзі қалаған сюжетті құрастырып, баяндай отырып, сөз бен сөзді байланыстыруды, жұрнақ пен жалғауларды дұрыс жалғай білуді үйрете аламыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *