Нан дастарханға қалай келді

Айналамен таныстыру
Сабақтың тақырыбы:
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл — ой белсенділігін арттыру. нақыл сөз, мақал — мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ — жауап.
Көрнекі құралдар: Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пәнаралық байланыс:  тіл дамыту,  бейнелеу,  сауат ашу,  математика

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру.

  1. Амандасу
  2. Сұрақ-жауап.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
— Көктемде қандай өзгерістер болады?
3. Міне, біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нан қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
4. — Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, жерге мынадай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
— Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суарып, күтіп — баптайды. (дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
— Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар  орып,  машиналарға салып береді. (комбайн сөзіне тоқталып кету)
— Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады. (элеватор сөзіне тоқталу)
— Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады. (диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
— Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
— Міне, балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.
5.Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
6.Сергіту сәтті

Жайқалады ақ бидай

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн

Жүргізуге мен дайын

7.Дидактикалық ойын: (тақтамен жұмыс)  «Дұрыс орналастыр»
Ойынның шарты: Ұн, тоқаш, нан суреттері беріледі.

  1. Айналамен таныстыру әліппе — дәптерінен берілген тапсырманы орындау. Балаларға бидайдың суретін салғызу.

 Жұмбақ жасыру:

Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар.         (бидай)

Бидай — пшеница.

Нан — хлеб;

  1. Мақал- мәтелдер
  2. Нан- тамақтын атасы
  3. Ас- атасы нан

3   Еңбектің наны тәтті,  жалқаудын жаны тәтті

4   Дастархан көркі —  нан

5   Дастарханында нан жоқтын, Тамағының дәмі жоқ

  1. Тыйым сөздер:

Нанды аяқ астына тастама.

«Жерде жатқан нанды еңкейіп ал.

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Нан – Қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды

  1. Дидактикалық ойын: «Тез ойла» (Мамандық түрлері атау.)
  • Жерді жыртады.
  • Трактор
  • Егілген дәндерді суарып, күтіп-баптайды.
  • Диқаншы
  • Бидайды орады, бастырады.
  • Комбайншылар
    Бидайды жылдап сақтайтын жер .
  • элеватор
    Бидайдан ұн жасайтын адам.
  • Диірменші
    6  Нан пісіреді.
  • Наубайшы
    Ыстық нан қайда түседі .
  • дүкенге
    Анамыз ұннан не пісіреді?

Бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш

12.Сергіту сәтті

  • Нан қиқымын шашпаңдар,
    Жерде жатса баспаңдар.
    Теріп алып қастерлеп,
    Торғайларға тастаңдар.
  • ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
    — Балалар біз есімізге түсірейікші ақ бауырсақ, тәтті тоқаш, батондар біздің дастарханға келу үшін қандай жолдардан өтеді екен?
    — Сол үшін қаншама адам жұмыс істеп, тер төкті, қане есімізге түсіріп атап кетейікші
    Тракторшылар, комбайншылар, наубайшы, дүкеншілер
    — Сондықтан қаншама адам күні — түні еңбек етіп, тер төккен қасиетті нанды біз қадірлеуіміз, қасиеттеуіміз керек.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *