«Алтын асық- ұлттық мұра»

                             Алтын асық – ұлттық мұра

Кіріспе

Еліміздің ертеңгі болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан, ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамыздың жауапты міндетіміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі  заман талабына сай, жан- жақты жетілген, бойында ұлттық санамен ұлттық психология қалыптасқан имандылық әдебі бар парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,өсіру,білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшаның барша елдің,халықтың міндеті.» тағы да Сонымен қатар   Елбасымыздың  “Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар” аясында ұлттық қасиетті, салт-сананы, дәстүрді  қалпына келтіре отырып, қазақ халқымыздың ұлттық ойындарының пайдасын насихаттау. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан ,өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына сіңіріп,  мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Тақырыбы:  “Алтын асық-ұлттық мұра”

Жобаның ұраны: Дені сау бала бақытты!

Жобаның түрі: Ұзақ мерзімді

Жоба мерзімінің орындалуы: 2018-2019 оқу жылы

Жобаның өзектілігі: Біз балалар  ойын ойнағанды жақсы көреміз. Ойынның қызығына салынып кетсек, ойыншықтар қалып, планшет, ноутбук, сенсорлы ұялы телефондар, жалпақ тілмен айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көріп тұрамыз.  Баланың сөйлеу қабілеті де азайып , әрі бала денсаулығына зияны тиіп жатады. Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық ойындарын ойнасақ, құндылығымыз жойылмас еді деген ойымды білдіргім келеді.

Жобаның мақсаты:

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттігі айтылады. Сондықтан да балаларға  біз қазақ ұлттық ойындарының бір түрі  асық ойындарын жаңғыртып, балаларды ұйымшылдыққа, саусақ моторикасының дамуына,мергендікке,шапшаңдыққа,ептілікке,дене құрылысының жақсы қалыптасуына,достыққа баулу, оның үстіне ол өте қарапайым әрі қолжетімді.Балаларға қазақтың бұл ұлттық ойынның қажет екеніне көз жеткізіп ұлттық сананы қалыптастыру.

 

Жобаның міндеті:

1.Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.

2.Қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын дәріптеу.

  1. Асық ойынының маңызы мен оның түрлерін анықтау.Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.

Күтілетін нәтиже:

 

Балалар денсаулығын  нығайту, қимыл — қозғалыс қабілеттерін және қимыл дағдыларын жүзеге асыру.

Мәселенің өзектілігінің маңыздылығын педагогтар мен ата-аналардың түсінуі.

Балабақшада  заттық – кеңістік дамытушы ортаны жаңғырту.

Қорытынды:

«Асық ептілікке, мергендікке баулиды. Бұл – үлкен халықтық тәрбие»,- деп Ұлы Отан соғысының батыры қандасымыз Б.Момышұлы жоғарғы басшылыққа хат жазған болатын. Ендеше, құрметті тыңдарман, асық төңірегінде тақырыпты бірге түрлендірейік! Тыңдағандарыңызға алғысымда айта отырып, әрдайым асықтарыңыз алшысынан түссін дегім келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *