С. Мұратбеков. «Жусан  иісі» әңгімесі  тақырыбы мен идеясы

Күні 28. 01.  2020  жыл
Мұғалім  аты -жөні Кушеккалиева  Айман  Муханбеткалиевна
Сыныбы  6
Пәні Қазақ  әдебиеті
Сабақ  тақырыбы С. Мұратбеков. «Жусан  иісі» әңгімесі  тақырыбы мен идеясы
Сабаққа негізделген оқу  мақсаттары 6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.                                                                                                                                        
Сабақ  мақсаты Барлығы: Шығармадан  түсінгендерін  мазмұндайды.

Әлеуметтік –қоғамдық  мәселені  табады, өлеңнің  идеясын  түсінеді.

Көпшілігі:  Шығарманың  мазмұнын  түсініп,  сюжеттік  дамуын сипаттайды

Көтерілген  әлеуметтік –қоғамдық  мәселені  шығармадан   анықтайды.

Кейбірі: Шығармадан  мазмұны  мен  сюжеттік  дамуын  баяндайды

Шығармада  көтерілген  мәселені  анықтап, идеясын ашады.

 Шығармадан  мысал  келтіре отырып, дәлелдей  алады.

Бағалау  критерийі & Шығарманың  мазмұны  мен  сюжеттік  дамуын  анықтайды                                          & Шығармада көтерілген әлеуметтік –қоғамдық  мәселені  табады.                                                                                                                           &. Өлеңнің идеясын ашады                                                                                                             
Тілдік  мақсат Тірек сөздер: жетім  бала, ауыл  балалары, қаралы  қағаз, тобығын  тайдыру, қызықты  ертегі, мектеп-интернат, т.б

Диолог құруға/ шығарма жазуға арналған  пайдалы тіркестер:

·        Кестесін толтырып,  шығарма  идеясын  ашу;

·        Әңгіменің “Жусан  иісі” аталу себебіне  3 дәлелмен тұжырым  жасау;

·        Әңгіме  кейіпкері – Аянға  мінездеме  беру  арқылы  диалогке түседі

Құндылықтар Зайырлы  қоғам  және жоғары  рухани байлық.

Адами құндылықтарды  бойға дарытып, үздіксіз  білім  алуға тәрбиелеу

Пәнаралық  байланыс Қазақстан  тарихы  пәнімен  байланыстыра  отырып, ҰОС зардабы,  халықтың  ауыр халі , ананың  жарынан  айрылып, жесір  қалуы, баланың ата – анадан  айырылып, жетімдік  көрген  тауқыметі  жайлы  түсінік  беру.

Өзін – өзі  тану  пәнімен  байланыстырудағы  мақсат: қиындық  көрсе  де  жасымаған, рухы   түспеген, ауыл  балаларының  достығының  шынайылығын  жіті  түсіндіру

Алдыңғы  оқу С.Мұратбеков  шығармалары  туралы  түсінік  қалыптасқан
Сабақтың  жоспары

 

Жоспарланған  уақыт Сабақтың  барысы Ресурстар
Сабақтың

басы

3 мин

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

І. Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.  «Мен  саған  тілеймін» әдісімен  оқушылар  бір –біріне  жақсы  тілек айттыру  арқылы  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру.

 

ІІІ. Үй  тапсырмасын сұрау

«Біліміңді  шыңдап  көр!» әдісімен білімдерін шыңдау мақсатында

І топ

1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала)

2. Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)

3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)

4. Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)

5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)

ІІ топқа

1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)

2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай деген шалдың үйіне)

3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)

4. Аян алғаш рет тобығын қалай тайдырды? (Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті)

5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде)

Әңгіме неге “Жусан  иісі” деп аталады?

деген  сұрақтарға  жауап  алу.

 

ІҮ. Жусан  суреттері  арқылы  оқушыларды топқа  біріктіру

 

 

 

 

 

 

 

Слайдтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

Сабақтың

ортасы

 

2  мин

 

 

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

          

              5  мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               3 мин

 

  Біле  жүрейік! 

     Қазақстанда  жусанның  81  түрі  өседі.  Ол Қазақстанның көптеген шөлді аймақтарында  кездеседі. Жусанның биіктігі  10 -60  см, кейде 1,5 – 2 метрдей болады. Жусан –құнарлы  мал  азығы, дәрілік, бояуыштық,витаминді, эфир  майлы өсімдік.

Оқулықпен  жұмыс

С. Мұратбековтің «Жусан  иісі» әңгімесін  түсініп, оқу  және  түсінгендерін  мазмұндау

І топ

ТЖ: 

                                                   1 –тапсырма

Әңгіме  оқиғасын  ретімен орналастырыңдар

 

1. Балалық шақты еске түсіру.
2. Аянның қоныс аударуы.
3. Ауыл балаларымен достасуы.
4. Хат тануы.
5. Тобығын тайдыруы.
6. Ертегі айтуы.
7. Әжесінің қайтыс болуы.
8. Бапайдың үйіне көшіп келуі.
9. Интернатқа кетуі.

Дескриптор:

 

·        Шығарманың  сюжеттік желісін ретімен орналастырады

 

ІІ топ

1.Аянның тағдырын талдай отырып,оның бойындағы қасиеттеріне баға беріңдер.

2.Аянның көңіл күйі мен табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстың болу себебі неде деп ойлайсыңдар?

3.Шығармада қай кездегі жағдай суреттелген?

 

ҚБ:  жұлдызша  беру  арқылы

 

 

ЖЖ:                     2 – тапсырма

 

І топ: «Т» кестені  толтырыңдар

Талқылау кестесі

 

Әлеуметтік –қоғамдық мәселе Мәтіннен үзінді Идеясы

 

     

Дескрипторлар:

—          Үзіндінің 3 әлеуметтік  -қоғамдық мәселесі мен идеясын талдайды;

—          өз көзқарасын жеткізеді;

—          кестені тапсырмаға сай толтырады.

 

 

ІІ  топ: “Даналық  ойдан  дән  ізде” тақырыбында әңгіменің “Жусан  иісі” аталу себебіне  3 дәлелмен  тұжырым  жасаңдар                                        

Дескриптор:

·        Әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады

·        Идеясын анықтап, ашады

·        Өз  ойларын  дәлелмен тұжырымдайды

ҚБ: жұлдызша  беру  арқылы

 Мұғалім сыйы

                                   

     Аянның   протатипі –Науқан  Керімов. Ол  қазіргі  кезде  Алматы  облысы, Ескелді  ауданында  тұрады. 11 ұл, 3 қыз тәрбиелеген аяулы  әке.

     Балалар өздерің оқығандай жетімдікті, жоқшылықты, қиындықты көп көрген Аянды ең соңында жетім балалар тәрбиелейтін үйге жібереді .Аянның келешегінің өзінің ақылдылығы мен қайсар, жігерінің арқасында жақсы, өзі тұлдыр жетім болса  да өзінің үбірлі-шүбірлі болғанына көз жеткізуге болады.

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті оқулығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жұлдызша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жұлдызша

 

 

 

 

 

  Сабақтың  соңы

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

«Ой  түйін» стратегиясы

 

·         Мәтіннің тақырыбы:

·        Авторы:

·        Оқиға қай кезде болған?

·         Негізгі кейіпкерлер.

·        Негізгі ой.

·        Мәтін не себепті «Жусан иісі» деп аталады?

·        Оқиға қалай аяқталды?

Венн диаграммасы

Сол кездегі жетім балалар

1.Жоқшылықтан

2 Соғыс салдарынан жетім қалды

Ортақ

 

Жетім

Жүректері сағынышқа, мұңға толы

Қазіргі кездегі жетім балалар

1 Тәрбиесіздіктен

2 Ата – анасының құқығынан айырылған балалар

3. Тастанды балалар

 

 

«Жусан  иісі» әңгімесінің  негізгі түйіні- тағдыр талқысына түскен,жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала  — Аянның тағдыры

Бақыт деген не?… оқушылар пікірін тыңдау

ҚБҚ:  берілген жұлдызшаларды жинақтап, бағалау  парақшасына  стикер жазбасын ілу арқылы оқушыларға өз -өздерін бағалату

Кері  байланыс  «3-2-1» әдісімен

Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет

 

Үйге  тапсырма: «Жетім  көрсең, жебей  жүр» тақырыбына  эссе жазу

 

 

 

 

 

 

Слайдтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *