Тақырыбы: «Құрғақ және ылғал құмның ерекшеліктері»

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елдімекен
№ 9 “Бәйтерек балабақшасы”
Психолог-педагог: Ибадуллаева Меруерт Насировна

Түрі: Балалармен зертханалық жұмыс.
Мақсаты: — Балалардың зерттеушілік қабілетін дамыту, біліктілігін арттыру, Құмды зерттеу арқылы ерекшеліктерін білу.
Сабақтың барысы: Балалармен амандасу.
Жұмбақ : Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
Балалар бүгін сендермен бірге құмға тәжрибе жасаймыз.Құмның қандай ерекшеліктері бар екенін тәжрибе жасау арқылы біліп аласыңдар. Олай болса алдымен тәжрибе жасамас тан бұрын алдымыздағы падностағы құралдармен танысып алайық.
Қажетті құралдар: 2 ыдыста екі түрлі құм , шаршар, қасық, су, таразы, лупа, стакан, түтікше, сулы майлық.
Балалар қәуіпсіздік ережесін есімізге түсірейк?
1.Құмды ұспап аузымызға салмаймыз. 2.Көзімізді уқаламаймыз. 3.Құмды шашпаймыз. 4.Ұқыпты жасаймыз.
1-тәжрибе: Олай болса тәжрибемізді бастайық.
Алдымыздағы екі ыдыстағы құмға алақандарымызды кояйық. Не байқадыңдар? кім айтады? Балалардың жауабы: Бірінші ыдыстағы құм құрғақ, екінші ыдыстағы құм ылғал.
Тәрбиеші: Олай болса мен құрғақ құмды күнмен белгілеймін, ал ылғал құмды тамшымен белгілеймін.
2-тәжрибе: Енді лупаны алып құмды қарайық, құм неден құралған?
Балалардың жауабы: Майда тастардан құралған.
Тәрбиеші: Құрғақ құмның түсі қандай? Кім айтады?
Балалардың жауабы: Ашық түсті сары құм, ал ылғал құм қоңыр түсті.
Тәрбиеші: Олай болса ашық түсті құмды жұлдызбен белгілеімін, қоңыр түсті құмды бұлтпен белгілеймін.
3-тәжрибе: Стаканға шаршарды салып қасықпен құмды саламыз, не болатынын көрейік, не байқадыңдар балалар?
Балалардың жауабы: шаршарға құрғақ құмды салғанда құм тез құиылды, себебі: ол құрғақ және ұнтақ. Екінші ыдысқа ылғал құмды салғанда шаршардан өтпеді,себебі:ол қою және ұнтақ емес. Тәрбиеші: Олай болса мен құрғақ құмды ашық түсті кұммен,ылұал түсті құмды қоңыр құммен белгілеймін.
4-тәжрибе: Екі ыдысқа су құйамыз жане қасықпен араластырамыз ,не байқадыңдар? Кім айтады?
Балалардың жауабы: суды құйып карағанда екі ыдыстағы құмда ерімеді,себебі құм суда ерімиді.
Тәрбиеші: Олай болса мен құрғақ құм мен ылғал құмды су белгісімен белгілеймін. 5-тәжрибе: Екі ыдыстағы құмға қалыпты салып қарайық, не байқадыңдар?
Балалардың жауабы: мен қалыпты құрғақ құмға салғанда бейне шақпады,ал ылғал құмға қалыпты салғанда бейне шықты.
Тәрбиеші: Олай болса құрғақ құмды ұнтақ құммен,ылғал құмды бейнелі құммен белгілеймін. 6-тәжрибе:Қолдарыңа түтікшені алып ыдыстағы құрғақ және ылғал құмды үрлеп көрейік, қандай тұжырымға келеміз? Кім айтады?
Балалардың жауабы: құрғақ құмды үрлегенде ол шашылып қалды,себебі ол жеңіл әрі ұнтақ. Ылғал құмды үрлегенде, ол қимылдамады ,себебі ол ауыр және бір-бірімен жабысып тұр. 7-тәжрибе: Құмның ауыр және жеңіл екенін білу үшін біз таразыға салып көрейік,не байқадыңдар?
Балалардың жауабы: таразыга салып қарағанда құрғақ құмға қарағанда ылғал құм ауыр болды.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар құрғақ құмды мақтамен, ылғал құмды таспен белгілеймін.
Балалар біз не зарттедік мына белгілерге карап қортындылап айтып берейік. Балалардың жауабы:
Ылғал құм — қоңыр түсті, ылғал құм ұнтақ емес шашылмайды, ылғал құм суда ерімиді, ылғал құмнан бейне шығады, ылғал құм ауыр болады.
Құрғақ құм — ашық сары түсті, құрғақ құм ол ұнтақ шашылып қалады, суда ерімиді,құрғақ құмнан бейне шықпайды,құрғақ құм жеңіл болады.Ал енді экранға назар аударып, құмның қандай түрлері бар және оның пайдалану жолдарын тамашалайық. Балаларды марапаттау.Жарайсыңдар балалар. Сіздер кішкентай ғалым екендеріңізді көрсете білдіңдер!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *