Театрландырған ойын арқылы шығармашылық қабілетін арттыру

Лакбаева Камшат
«Шыңбиік» балабақшасының тәрбиешісі
Түркістан қаласы
Негізгі мақсаты:
– Мектепке дейінгі жастағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
– Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу;
– Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
– Театрлық іс – әрекетті ертегілерді пайдалана отырып, ойын дамыту.
Міндеттері:
• Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
• Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.
• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Н. К. Крупская айтқан: «Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – оқу, олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын м тәрбиенің маңызды түрі». Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын – баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы.
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамыуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементтерді, кейіннен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады.
1. Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:дамытушылық,әсемділік, театрлық.
2. Ырғақты-иілгішті (ритмопластика) – бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
3.Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
а/ тынысалу және артикуляциялық,
ә/ дикциялық және интонациялық,
б/ сөздермен шығармашылық ойындар.
4. Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
5. Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар,қойылыммен таныстыруқойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру. Дайындық
Қойылымды сахналау.
Ойынның жіктелу түрлері: драматизация және режиссерлық болып екіге бөлінеді.
1. Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды.
Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері: жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар; шығармашылық көрсетілім; бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.
Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады. Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын – драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
2. Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Балалар театырының бірнеше түрлері бар: ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндей болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры – «Сәбилер» тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер-театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар).
Суреттер (картиналар) театры – Декорация мен кейіпкердің суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
Стенд-кітапша театры – бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).
Фланелеграф театры – суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
Трафарет театры – Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Көлеңкелі театр – Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады. Бұл жағдайлар бөбектердің ана тіліне қаршадайынан қанығып, оны уыздай меңгерулеріне, бар байлығын бойларына ана сүтімен сіңіріп, дамыта түсулеріне, сөйтіп рухани дүниесінің кеңи түсуіне жол ашады. Ал осы айтылғандарды олардың сүбесіне құйып, бойына дамытуда өнердің алатын орыны ерекше.
Өнер – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің негізі болып саналады, келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді.
Балабақшада алған алғашқы театр туралы мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.
Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлки жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, еліміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақшада шығармашылық негізі салынған. Осындай театрлық іс-әрекеттер арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді оята алсақ, біздің еңбегіміздің жанғаны деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады.
Қалай десекте театр – балалар үшін мереке, демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиеші-жетекшілер үшін үлкен табыс.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *