«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»

Ата-аналарға арналған тренинг
«Балауса» балабақшасы
Психолог:Оразбек Ақжүніс Аманбекқызы
Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»
Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастық құру.Жас отбасы,балабақша білікті педагогтары мен көп балалы ата-аналардың тәжірибесі арасындағы қарым-қатынасты нығайту.Бала тәрбиесінің маңыздылығы,психолог маманының ақыл-кеңестерін жүзеге асыру.Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Міндеті: Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешілермен тығыз байланысын арттыру,балаларын білімге,сүйіспеншілікке,мейірімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, майшам және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг құрылымы:
«Танысу» жаттығуы
«Қоқыс жәшігі» ойыны
Жедел тест
Қорытынды. «Майшам» жаттығуы
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,әріптестер!Бүгінгі біздің «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» атты тренингімізге қош келдіңіздер!Біздер балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір.Ол,әрине балаларымыздың тәртіпті,білімді елі-жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу.Баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші – ата-ана.Сондықтан да бүгінгі тренингіміз сіздер үшін.
«Танысу» жаттығуы
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып,әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және бала тәрбиесіндегі өнегелі сөздерді кезекпен айтып шығады.
«Қоқыс жәшігі» ойыны
Ойын шарты: Ата-аналарға қағаздар мен қаламдар беріледі.Сол ақ қағазға баласының бойынан көргісі келмейтін қасиеттерді жазады да,умаждап қоқыс жәшігіне салады.Әрине,мұндай тәсіл арқылы мәселелер өздігінен шешілмейтіні белгілі.Дегенмен,осындай серпілу арқылы ата-аналар бос уайымды артқа тастап,мәселелерді шешуге білек сыбана кіріседі.
Жедел тест
Қорытынды. «Майшам» жаттығуы
Қазір мен майшамды жағамын.Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып,майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғаным жарық деген жақсы нәрсе,сондықтан да аспаныңыз ашық,күндеріңіз жарқын болсын деген тілекпен,бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз!Назарларыңызға рахмет!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *