Қазыналы мекен — Кітапхана

Кітапхана — ақыл ойдың, парасаттың, білімділердің ордасы. Қазіргі кезде қанша жерден ғаламтор дамыған заман болсада кітапхананың орнын алмастыра алмайды. Кітап таңғажайып әлем. Қазақтың бір туар азаматы жазушы Әбіш Кекілбаев кітапхана туралы “Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана” деген. Кітапхана жас ұрпаққа қоғамдық өмірге араласу барысында өзіндік орына бар. Түрлі бағыттағы жаңа форматтағы шараларды өткізу арқылы өз оқырмандарын жинауда. Библиомикс, библиокраоке, библиобатл сияқты шаралармен қоса оқырман тарту барысында калейдоскоп, библиоперфоманс сияқты шаралардың орны ерекше. Кітапханаға оқырман тек кітап оқуға ғана емес, рухани дамып, жан дүниесін білім нәрімен сусындату үшін, бір мезгіл болса да қауырт тіршіліктен демалуға келеді. Кітапхана саласында кітапханашының атқарар рөлі зор. Кітапханаға келген әр оқырманның сұранысын қанағаттандырып, керек мағұлматпен толық қамтамасыз ету үшін тынбай қызмет қылады.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласына көңіл бөліп, қоғам өмірінде кітапхананың орнын ерекше екені туралы айта отырып, кітапхана саласына көңіл бөлуде. Сондықтан құрметті қазақстандықтар кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар дегім келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *