таза ауа

Білім беру саласы: « Таным»
Бөлімі: Экология, Жаратылыстану
Тақырыбы: «Таза ауа»
Мақсаты: Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру,тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанына көздерін жеткізу.Ойлау белсенділіктерін, байқағыштықтарын арттыру.Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:балалар санына қарай су құйылған ыдыстар мен поролон, майшам, қауырсын,интерактивті тақта.
Сөздік жұмыс: поролон
Билингвальды компонент: таза – чистый ауа – воздух, жел – ветер

Қызмет кезеңдері Тәрбешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотиватциялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Қане достар күлейік,
Күліп ,өмір сүрейік!
Қабақ түю не керек?
Көңілді болып жүрейік!
Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала жер шарындағы тіршілік иелері туралы яғни «адам», «шөп», «құс» деп жылдам жауап беруі тиіс
Балалар шаттық шеңберге тұрады

Ойынға белсене қатысады

Ұйымдастыру- шылық ізденістік
-Жарайсыңдар балалар!
Осы сендер айтқан тіршілік иелері немен тыныстайды?
-Дұрыс айтасыңдар.
— Ауа не үшін керек?
— Ауаның түсі қандай?
— Қолмен ұстауға болама?
— Таза ауа бізге қайдан келеді?
Таза ауаны бізге табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек өсімдіктерге қамқор болуымыз керек екен.

СЕРГІТУ СӘТІ:
«Таза ауамен тыныстау» тыныс алу жаттығуы.

— Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме?
-Ауа тағы қандай жерлерже тығылып жатуы мүмкін?
Біз өзімізде тәжірибе жүргізіп көрейік.
-Біз мұрнымызбен не істейміз?
-Біз немен тыныс аламыз?
-яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге келеді.Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа мұрын немесе ауыз арқылы қайта сыртқа шығарылады.
-Ауа тағы қандай жерлерже тығылып жатуы мүмкін?
-Ал мына поролонды суға салып көріңдер. Не болды?
-Поролон батып кетпейді?
-Ауаның бар екенін тексеру үшін поролонды алып су түбіне батырыңдар.Не байқадыңдар?
-Ал балалар, таза ауа туралы білдік. Енді ауаның ластану жайлы ізденейік.
— Ауа қалай ластанады?
— Оны кім ,қалай ластайды?
— Ластанған ауаны қалай тазартамыз?
— Адам денсаулығына тигізетін зияны қандай?
Балалар ,ал енді осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
1-слайд « Машинаның түтіні»
2-слайд «Зауыттардың түтіні»
Тәжірибе жүргізу « Майшам түтіні»
3-слайд «Шашылып жатқан қоқыстар»
4-слайд «Өртенген ормандар»
5-слайд «Жанартаулар»
Тәжірибе жүргізу «Жанартау»
-Міне балалар, ауаның қалай ластанатынын өздерің көріп отырсыңдар. Табиғатымызды таза ұстау адамзаттың қолында екеніне көзіміз жетті.
Бізді қоршаған ортамыз таза болсын десек, табиғатты аялайық, ағаштар мен өсімдіктерді көптеп өсірейік. Сонда бізге таза ауа көп бөлінеді екен.

Ауа мен

Дем алу үшін

Балалардың жауабы

Балалар мұқият тыңдайды

Сергіту сәтін орындайды

Рефлексиялық түзетушілік
«Ауа таза болу үшін не істеу керек?»
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
«Қауырсынды жоғарыға үрлеу» тыныс алу жаттығуына арналған ойын түрі.
деген сұрақ төңірегінде өз ойларын айту.
Балалар өз ойларын айтады

Балалар қауырсындарды жоғары үрлеп ойнайды

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ауаның барлық жерде бар екендігін анықтау үшін тәжірибе жасайды.
Түсінеді: адамның табиғатты таза ұстаудағы рөлін,тіршілік үшін таза ауаның қажет екенін
Қолданады: Сурет бойынша қорытынды ой айтуды, өз пікірін білдіруді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *