«Жолда жүру ережесімен танысу»

Тұрар Рысқұлов ауданы, Р. Сабденов ауылы «Бәйшешек» бөбек жай бақшасы Тәрбиеші : Манапбаева Гүлнұр
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесімен танысу»
Мақсаты:
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, жол макеті, әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, , қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік — безопасность, бағдаршам — светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход,
Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Балалар бір біріне қолдарын ұсынып жылы лебіздерін білдіреді. Тәрбиеші: Жұмбақ жасырылады:
Үш көзі бар қаз – қатар. Кезек – кезек ашады. Үшеуінен байқасам Үш түрл і нұр шашады.
Жауабы : Бағдаршам
— Балалар сендер балабақшаға немен келесіндер. Бәріміз бірігіп жолдан өткенде бай бол ! атты орталыққа барып өшеге саяхат жасайық.
-Көліктер қайда жүреді? — Жолда.
-Көшедегі жолдар қандай болады екен? -Ұзын, қысқа, тар-кең.
-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? -Жаяу жүргіншілер.
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін сендермен қоршаған ортамен танысу оқу қызметінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы, балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
-Бізді қауіптен қорғау.
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшедежүруге бола ма? Үлкен жолда ойнауға,велосипед тебуге,жолды кесіп өтуге болмайды. Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? Жоқ өтуге болмайды.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход.
Бағдаршамның көздерімен жол белгілерімен таныстыру.
-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі
— Мынау белгі жаяу жүргіншілер жолы
— Мынау белгі автобус аялдайтын орын
— Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді білдіреді.
— Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады
Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.
Айтыңдаршы, бағдаршамның көшедегі қызметі қандай? — Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.
Қимылды ойын : «Сақ бол!»
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру )
Балалар ойынды қызыға ойнады.
Тосын сәт : ысқырықпен Жол сақшысы келеді.

Армысыңдар жас достарым! Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, сендерге ойын, тапсырмаларым бар, сонны әкелдім.
(Әуен естіледі)
Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.
Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.
-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?
-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.
Бағдаршамға қара.
Мен сендерге жол ережесін түсіндіремін
Балаларға жол сақшысы ысқырық арқылы тоқта,жүр,дайындал деп белгі береді. – Сол белгілер арқылы біз жолдан өтеміз.
Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратан.
Жүресің бе? Жүрмегенің дұрыс па?
Не істеу керек? Бұл белгіні неліктен «зебра» деп айтады? Кім біледі?
Ақерке: — Мен, мен білемін, өйткені ол ақ жолақ

-Қауіпті ғой көше тым.
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін,
Жаяу адам өтетін. Амир

—Асықпаймын аптығып.
Алдым мұны жақсы ұғып.
Күйсандықтың тіліндей,
Қатар – қатар ақ сызық. Айару
— Ортасында тұра қап,
Оңға – солға бір қарап.
Жолдың арғы шетіне,
Жетіп алам жылдам – ақ Аделя
Жол сақшысы:
Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.
Жол сақшысы.
Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ болайық! Көше тәртібін есімізден шығармайық.
«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.
Мақсаты : Балалар ойын арқылы жолдағы жағдайаттарға жол бермеуге үйренеді. Жолдан өткенде сабырлы,шапшан болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты :Балалар бірнеше көлік түрлеріне мініп әрі-бері жол бойында ойнайды,бағдар шам көзі жанғанда бағдаршам белгілері бойынша ойынды тоқтатып аяқтайды.
Ойын аяқталған соң талқыланады. Дұрыс және қате іс-әрекеттер қорытындыланады.
Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?
Қорытынды :
«Сұрақ-жауап» ойыны.
— Бағдаршамның неше түсі бар? Үш: қызыл, сары, жасыл.
— Қай түс жанғанда машиналар жүреді? — жасыл
— Көлік күтетін жерді қалай атайды? — аялдама
— Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? — жүргішілер
— Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді? «Тоқта!» — дейді.
— Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? — Ақ жолақ немесе зебра жол.
— Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? — Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.
— Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.
Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық? — Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.
Бүгін бізге қонаққа кімдер келді? -Бағдаршам, жол сақшысы
Қоштасады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *