Оқу Білім Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтыңызға кіріңіз
Кілт-сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

logo

Header Banner

Оқу Білім Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”

  • Бақыттың кілті- балалық шақта

  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”

  • Бала құқығы – асыл қазына

  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

  • “Үйірме” 2020-2021

  • Күз сыйы

  • “Бағдаршам”

Тәрбие сағаты
Home›Тәрбие сағаты›«Жол ережесі елінде»

«Жол ережесі елінде»

By admin
1 февраля, 2020
643
0
Share:

Сабақтың мақсаты: 

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

  1. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар.

Барысы:

 Кіріспе : «Жол ережесі елінде» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны, шаңғы  тебетіні, жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны, қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері  жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды?

Балалар : Үлгілі, тәртіпті бала.

Мұғалім : Ал енді   «Жол ережесі елінде» атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

  1.  Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.

Адам тасып аялайды.

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

  1.   Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

  1. 3.  Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.    (Бағдаршам)

  1. 4.  Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  1.   Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп, тіліп алу  баршамызға  керек.

  1. Неге ?

Біздің қаламызда, сол сияқты  біздің  еліміздің  қала, ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни  барлық  жүргізушілер, көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

  1. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
  2. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол.
  3. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ?

Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл – Тоқта!

Сары  – Сақтан!

Жасыл – Жол ашық!

Айша:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем  баспа  алға!

Дамир:

Сары  көзін ашқанда,

Қарап қалма  аспанға!

Аружан:

Жасыл көзін ашқанда,

Өте  бергін, жасқанба!

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап, кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

Ән: Бағдаршам

1.Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата – ана.

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман!

  1. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор:

Медбике апамыз бәрімізді емдейді,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді.

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған, сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор:

Апа, қараңыз мына  сұмдықты,

Маймақты кім  қыңжылтты?

Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде?

Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал, апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті  бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!

Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде, оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса, өтіп  кеткенше, сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

Инспектор

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Гүлбаһар:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру, ескерту белгісі :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні  сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу  белгісі :

Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

Міндеттеу белгісі:

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс, әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында!

Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп, жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де, түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Қорытындылау:

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

 

 

 

Previous Article

Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Next Article

Абай Құнанбаев

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • Жалпы рубрикаТәрбие сағаты

    Ардақты анашым

    10 ноября, 2016
    By admin
  • Тәрбие сағаты

    «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

    23 мая, 2020
    By admin
  • Тәрбие сағаты

    Отан үшін от кешкендер!

    4 мая, 2020
    By admin
  • Тәрбие сағаты

    Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым

    21 октября, 2019
    By Бейсенкуль
  • Тәрбие сағаты

    «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

    19 мая, 2020
    By admin
  • Тәрбие сағаты

    СПИД-XXI ғасыр дерті

    13 мая, 2020
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

Сізге ұнауы мүмкін

  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Пішіндер. Үлкен-кіші ұғымы

  • Баяндамалар

    Баяндама: Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері

  • Балабақша

    Мамандықтың бәрі жақсы

Жаңа жарияланымдар

  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы
  • “Бағдаршам”

Жаңа жарияланымдар

  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы
  • “Бағдаршам”

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

Жалпы мәліметтер

OQU-BILIM.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     o-bilim@mail.ru

Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика