Оқу Білім Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтыңызға кіріңіз
Кілт-сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

logo

Header Banner

Оқу Білім Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
  • Тәуелсіздік -тірегім.

  • Есікте бөтен адам

  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ

  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”

  • Бақыттың кілті- балалық шақта

  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”

  • Бала құқығы – асыл қазына

  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

Баяндамалар
Home›Баяндамалар›” Балалардың ойын іс-әрекеті арқылы танымдық қабілеттерін дамыту”

” Балалардың ойын іс-әрекеті арқылы танымдық қабілеттерін дамыту”

By admin
14 февраля, 2020
551
0
Share:

Ойын – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.
Бала тілін дамытудағы ойындардың орны
Ойын – балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары
1. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны. Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.
4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.
5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.
Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді, есте сақтайды.

Драматизацияланған ойындар
Балабақшада драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
2. Балаларды сөйлеуге үйрету.
3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету. Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді. Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн. Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.
Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Previous Article

Эссе “Моя педагогическая философия”

Next Article

Русская литература 20 века

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • Баяндамалар

    «Мектепке дейінгі шақта балалардың тілін дамыту» (баяндама)

    22 января, 2018
    By admin
  • Баяндамалар

    Дыбысты автоматтандыру кезеңіндегі ойын әдістері мен тәсілдері

    26 августа, 2020
    By admin
  • БаяндамаларЖалпы рубрикаПсихология

    Үш тілді білу – еліңді сүю

    17 ноября, 2016
    By admin
  • Баяндамалар

    «Ертегілер-халық даналығының айнасы, өмір тәжірибесін танытар тәрбие құралы»

    22 мая, 2020
    By admin
  • Баяндамалар

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру-оқытудың маңызды факторы

    2 марта, 2017
    By admin
  • БаяндамаларЖалпы рубрикаТехнология

    Еңбек сабағында оқушыларға «қолөнерде пайдаланған негізгі шикізат түрі – жүнді пайдалану арқылы қолайлы жақтарын қарастыру»

    19 ноября, 2016
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

Сізге ұнауы мүмкін

  • Қазақ әдебиеті

    Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала»

  • Жалпы рубрика

    Өзендер мен көлдер.Суды қорғау

  • Орыс тіліРусский язык

    В сердце Евразии. Местоимение. Разряды местоимений

Жаңа жарияланымдар

  • Тәуелсіздік -тірегім.
  • Есікте бөтен адам
  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

Жаңа жарияланымдар

  • Тәуелсіздік -тірегім.
  • Есікте бөтен адам
  • ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ – ОТБАСЫ
  • «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

Жалпы мәліметтер

OQU-BILIM.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     o-bilim@mail.ru

Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика