«Монтиссори әлемі»

Cабақтың тақырыбы: «Монтиссори әлемі» Мақсаты: Білімділік: Балаларды 1-10 ға дейін санауға,геометриялық пішіндерді ажыратуға,әріптерді суреттермен сәйкестендіріп,дауысты және дауыссыз әріптерді ажыратуға,тамшуыр арқылы сурет салуға үйрету. Ғарыш әлемі туралы білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: Ұзақ уақыт алаңдамай бір нәрсеге назарын аударып,жұмыс істеуге дағдыландыру. Ірі-ұсақ қол маторикасын жетілдіру.Cөйлей білуге үйрету. Тәрбиелік: Балаға айналаны қоршаған ортаны тануға көмектесу,қызығушылығын арттыру. Баланың көру,есту,сезе білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Тыныштандыру жаттығулары,ойындар,құрастыру,түсіндіру,көрсету,көркем сөздер. Көрнекі құралдар: құрастырғыштар,моншақтар, баулар,қысқыштар,суреттер,гуаш бояуы.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр екен.Ендеше, амандасып алайық.
Балалар:
Қайырлы таң,ұстазым! Қайырлы таң,достарым! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық!
Доброе утро, учитель! Доброе утро,друзья! Посмотрите друг на друга Пожелайте добра!
Good morning, good morning, Good morning,to you, Good morning, good morning, We are glad to see you!
Тәрбиеші: Енді біз сендермен бірге айналамыздағы Монтессори әлемі саяхатына шығамыз.Бұл әлем біз көре алатын, тыңдайтын,ұстап сезетін және басқа адамдарға да әңгімелеп бере алатын әлем. Жарайсыңдар балалар,олай болса,біз бүгін монтессори аймағында өзіміздің жыл бойы жасаған жұмыстарымызбен айналысамыз.
Балалар біздер саяхатымызға шықпас бұрын тыныштандыру жаттығуларын орындаймыз.
Балалар ортаға дөңгеленіп шеңберге тұрады,музыка әуенімен жүреді.
1-дегенде тұрайық,
2,3,4-алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Біз жүгіріп алайық
5-дегенде асықпай
Орнымызды табайық!

1 бөлім: Математикалық аймағы:
1. «Қызыл штанга» деп аталады. Балалар қызыл таяқша бойына сандарды қойып,сол сандарды санап ойыншық тарды қойып шығады.
2. «Моншақтарды тізбектеу» деп аталады. Балалар екі қатар сандарға қарап,1-10 дейінгі сандарға дөңгелектерді және 10-100 дейінгі сандарға моншақтарды қойып шығады.
3. «Пішіндерді орналастыр» деп аталады. Балалар пішіндерді орындарына қойып,олардың түстерін атайды.
Қоңырау соғылып,балалар шеңбер бойына тұрады.Оқу қызметін қорытындылайды.

2 бөлім: Тіл дамыту аймағы:
1. « Әріптерді сәйкестендіру» деп аталады. Балалар әріптерді суреті арқылы айтып,оның дауысты және дауыссыз дыбыс екенін айтады. Бауларды өткізіп байлайды.
2. «Тамшуыр (пипетка) арқылы сурет салу» деп аталады. Балалар гуашты пайдалана отырып, пипетка арқылы гүлдің суретін салады. Балалар гүлдер туралы тақпақ,мақал-мәтелдер айтады.
3. «Қыстырғыш арқылы бұлт,күннің суретін салу» деп аталады. Балалар қыстырғыш арқылы күн,бұлт,қанқыз,кірпінің суретін салады.
Қоңырау соғылып,балалар шеңбер бойына тұрады.Оқу қызметін қорытындылайды.
3 бөлім: Ғарыш аймағы:
1. « Жұлдызнаманы құрастыру» деп аталады. Балалар мозайка жұлдызнаманы жинап құрастырады.Неше жұлдызнама бар екенін айтады.
2. «Жер» деп аталады. Балалар Жер шарын өз қолдарымен құрастырады.
3. «Планеталарды орналастыру» деп аталады. Балалар планеталардың атын атап өз орындарына қояды.
Қоңырау соғылып,балалар шеңбер бойына тұрады.Оқу қызметін қорытындылайды.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар ,балалар, сендер бүгінгі Монтиссори әлемі саяхатында өздеріңді жақсы ұстап,берілген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар! Балаларды мадақтау.
Сау болыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *