Музыка кафесі

«Музыка кафесі»
музыкалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, әр түрлі жағдайда тапқырлық таныта білуге, ұйымщылдыққа баулу. Өнерді құрметтеуге, заман талабына сай музыкалық элементтермен әнші, композиторларды тани білуге үйрету.
Қатысушылар: 2 топ «Балмұздақ» тобы мен «Сусындар» тобы
Барысы:
Ас мәзірі (сайыс турлары)
1. «Мәңгі ұмытылмас» салаты (жалпы сұрақтар,логикалық сұрақтарда бар)
2. «Мақал қосылған винегред» салаты (өнер туралы мақал мәтелдер)
3. «Музыкалық кеспе» (7 нотадан сөз құрау)
4. «Тез пісір» құймағы (әнді табу)
5. «Тұшпара» (көрермендерге сұрақ)
6. Десерт (жұлдызды жұмбақ)
Олай болса командалардың толық ұпайларын есептеу үшін қонақтар арасынан бір дегустатор сайлап алайық.
Ендеше командаларға сәттілік тілеп, ойынымызды бастаймыз.
Бізде ас мәзірінде бірінші «Мәңгі ұмытылмас»салаты екі командағы жеке жеке жалпы сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Балмұздақ» тобына:
1. Нәресте дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той (шілдехана)
2. Әнді шығаратын адам (сазгер)
3. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын
Ең қажетті құралмын. Жауабы: Компьютер тышқаны
4. Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде. Жауабы: Жалау-палау
5. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
«Сусындар» тобына:
1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
2. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
3. Өзі құстың да аты, әннің де аты (қараторғай,қарлығаш)
4. Оркестрді кім басқарады? (дирижер)
5. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем. Жауабы: Кітап
Салатты тауысып болдық, екінші ас мәзірге көшеміз «Мақал қосылған винегред» өнерге қатысты мақал-мәтелдер жасырылады соны табу керек. Дұрыс жауап 2 ұпай
«Сусындар» тобына
Ақыл көпке жеткізер, (Өнер көкке жеткізер.)
Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөз алтын.)
Өнер таусылмас азық, (Сарқылмас байлық.)
«Балмұздақ» тобына
Өнер алды, қызыл тіл
Қол өнері кілемде. (Сөз өнері өлеңде.)
Өнер қуып ой түзе (Жұмыс қылып бой түзе.)
Бұл салаттыда жеп тауыстық келесі мәзірімізге көшеміз «Музыкалық кеспе» нотадан сөз құрау керек.
Екі топқа ноталар беріледі, сөз құрау керек. Дұрыс жауап 3 ұпай
до-дорба,достық,достар,домалақ
ре-ремонт,үйрек,бүйрек,жүрек,күрек
ми-фа,
Кеспеміздіде тауыстық келесі мәзірге көшеміз. «Тез пісір» құймақ
команданың бір ойыншысы наушникпен музыка тыңдап тұрады, келесі ойыншы әннің атауын айтады, табу керек. 4 ұпай
«Балмұздақ» тобына
Күрең күз,сарыжайлау,қайда,
«Сусындар» тобына
Балауса,ханшайым,сырласу,атамекен
Құймағымыз өте дәмді шыққан тәрізді, енді «Тұшпара» көрермендерге ұсынамыз. Шоу бизнес сұрақтары
1. Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы-Дарико
2. Ең алғаш бозторғайды шырылдата әнге қосқан қазақтың әншісі- Мейрамбек Бесбаев
3. Ұлы дала баласы-Төреғали Төреәлі
4. Жаяу,вокзалда қауышқан қыз әндерінің орындаушысы- Серік Ибрагимов
5. КТА,Көңіл ашар бағдарламаларының авторы-Т.Қабатов
6. Қайрат Нұртастың бөлесі,өнерде жүрген-А.Тәжібаева
Көрермендерге тұшпара ұнаған сияқты енді соңғы ас мәзіріне өтеміз «Десерт» жұлдызды жұмбақ 5 ұпай
Екі топқа жеке тапсырма.
«Сусындар» тобына
1. Аласа ғана бойы бар
Күнде кешке тойы бар. (Заттыбек)
2. Анасының даусы тым керемет,
Баласыда ән шырқар бірге еліктеп. (Р.Рымбаева,Ә.Оқапов)
3. Ұрмай-соқпай жылатады, Жылама деп жұбатады.
Ханзада деп ән салады, Ханшайымды ұнатады. (Ғ.Жанай)
4. Жүреді ылғи шу қылып,Бұл жігіттер жиынды.
Түрлі-түсті шашпенен,Түсініксіз киінді. (91 тобы)
5. Ұстарамен алынбас,Шашы ұзын ловелас. (Ұ.Жолдасов)
6. Жердің жүзін шарлайды,Саксафонсыз болмайды.
Көліксізде,пойызсыз,Аяғы оның талмайды. (С.Ибрагимов)
«Балмұздақ» тобына
1. Қарны тоқ,тойлары көп,
Атауы затына сай емес топ. (диета кз)
2. Жарыстардан жеңілмейді, Жүрегі оның дірілдейді. (Ж.Дугалова)
3. Қытай түгіл бүкіл әлем тамсанған,
Бұлбұлдай боп тамсандыра ән салған. (Д.Құдайберген)
4. Аспаннан жұлдыз санайды,Әні тойдан қалмайды. (А.Бегей)
5. Бар қазаққа әнмен айтқан тілегін,
Ауырмасада ұстап жүрер жүрегін. (Қ.Нұртас)
6. Жатқа айтатын барлық қазақ хит әнін,
Кім табады ұлы дала титанын. (Төреғали)
Дегустатор ұпайларды айтып,жеңімпаз команданы анықтайық.
Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалаған көрермендер сіздерге де алғысымды білдіргім келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *