«Бала тілін дамыту» бағдарламасы 5-6 жастағы балаларға арналған

 

Вариативтік компонент

«Бала тілін дамыту» бағдарламасы

5-6 жастағы балаларға арналған

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілері:Байтенова Г.Т

Нуртазина Н.И

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

2020оқу жылы

Кіріспе

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бала тілін дамытуға, олардың сөздік қорларын молайтуға, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.  Яғни, мектеп жасына дейінгі кезеңде балалармен сөздік жұмысын жан-жақты жүргізу «Қатынас» білім беру саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Педагог  балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр — түсін және пішінін ажырата білуге,  қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамытуға және  белсенді түрде тілдік қарым — қатынас жасай білуге үйретеді.

Балалардың сөздік қорын молайтуда ойынның, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы тез  игеріледі, таным белсенділіктері қалыптасады, сондай-ақ  ақыл- ойы өсіп жетіледі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық — саусақ ойыны болып табылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан — жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей  алады.   Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету жұмыстарын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ, тіл жаттығулары балалардың:

— нәзік саусақ бұлшық еттерін жаттықтыру арқылы қолын жазуға дайындайды;

— тілін дамытуға өлшеусіз үлес қосады;

— қимыл арқылы  өлең жолдарын қиындықсыз түсініп, жаттап алады;

-айтылуы қиын  дыбыстарды дұрыс айтуға ойын түрінде тез жаттығады;

— есте сақтау қабілеті артады;

-елестету арқылы қиялын дамытады;

— әр кейіпкердің рөліне енуді үйреніп, даусын құбылтып, еркін сөйлеуге жаттығады;

— өлеңдерді жаттап, жан-жануарлардың дыбыстарын салу арқылы айтылуы қиын ызың, үнді дауыссыз  дыбыстарды анық айтып үйренеді;

— ертегіні тыңдай отырып дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы жалпы түсініктері дамиды.

Ұсынылып отырған  бағдарламада саусақ, тіл жаттығуларының мақсаттарына сәйкес қол қимылының белсенділігін арттыруға өз үлесін қосатын қол еңбегінің үлгілері берілген.

 

 

 

 

Мақсаты:

 

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеру  және оны қолдана білу іскерліктерін дамыту

 

Міндеттері:

 

Балалармен сөздік жұмысын жүргізу;

Қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы түсініктерін дамыту;

Белсенді тілдік қарым-қатынас жасауға үйрету;

Айналадағы заттардың қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін ажыратуға үйрету;

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту.

 

 

Мазмұны:

 

Сөйлем

Отбасы мүшелері

Сөйлем құрылымы

Сөз тіркестері

Тіл ұстарту жаттығулары

Сөйлем құрылымына талдау

Сөздерді буынға бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Тақырыптық  жоспар үлгісі

 

Айы Тақырыптар Мақсаты

 

 

Сағат саны Уақыты Көрнекіліктер
                        Қы ркүйек 1. Сөйлем.

Саусақ жаттығуы «Доп»

Сөйлем туралы түсінік. Суретке қарап сөйлемдер құрау.Балалардың ой-өрісін, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Саусақ моторикасын дамыту  

1

  Күз мезгіліне байланысты сурет
2. Буын, дыбыс.

Саусақ жаттығуы «Кірпі»

Буын, дыбыс туралы түсінік. Дыбыстан буын, буыннан сөз құрату. Сөзді буынға бөлу, буынның дыбыстық құрамын ажырату 1   Кірпінің суреті
3. Отбасы.

Саусақ жаттығуы «Күнге ұқсаймыз»

Отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы тақырыбына  сурет бойынша әңгіме құрауға, отбасы мүшелерін ажырата білуге, оларды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Өз отбасымен байланыстыра отырып, ондағы өз орнын білуді үйретіп, сөздік қорын дамыту 1   Отбасы туралы сурет; Балалардың өз отбасыларының суреттерінен көрме жасау
4 Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Тіл жаттығуы «Ағайынды аралар»

Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Олардың ерекшеліктерін түсіндіру 1   Күз мезгілі туралы өлең
                  Қазан

 

5. Күз кереметі. Жемістер.

Саусақ жаттығуы «Саңырауқұлақ»

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Жемістердің аттарын атап, ажырата білу. Жемістер туралы өлең үйретіп, жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру 1   Жемістер суреті
6. Сөз. Сөз тіркестері.

Саусақ жаттығуы «Құлпы»

Сөз туралы алған білімдерін бекіту. Қол жаттықтыру жұмыстарын жүргізу 1   Ертегі кейіпкерлерінің суреттері
7. Сөйлем құрылымы.

Саусақ жаттығуы «Жаңбыр»

Сөйлем құрылымы туралы түсініктерін кеңейту. Екі, үш сөзден тұратын сөйлемдер құрату 1   Жаңбыр туралы сурет, өлең
8. Сөйлем түрлері.

Саусақ жаттығуы  «Моншақ»

Сөйлем түрлері туралы түсінік беру. Қол жаттықтыру жаттығулары 1   Моншаққа байланысты мазмұнды суреттер
  Қараша 9. Ойыншықтар.

Саусақ жаттығуы  «Тыңдамайтын доп»

Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға баулу. Антоним сөздер туралы түсіндіру 1   Ойыншықтардың суреттері
10. Сурет бойынша әңгіме.

Тіл жаттығуы «Тынымсыз тіл туралы ертегі»

Байланыстыра сөйлеуге баулу. Тіл ұстарту жаттығулары 1   Тәрбиешінің шығармашылығы бойынша сурет
11. Үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.

Тіл жаттығуы «Ағайынды аралар»

 

Үш-төрт сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.

Сөйлемнің құрылымына  талдау жасау. Қол жаттықтыру жаттығулары

1   Ара тақырыбына байланысты сөйлемдер құрату
12. Сөз тіркесі.

Тіл жаттығуы «Шегіртке»

 

Сөз тіркесі туралы алған білімдерін кеңейту. Суреттерге қарап, сөз тіркестерін құрастыру 1   Шегіртке тақырыбына байланысты сурет
              Желтоқсан 13 Қысқа дайындық.

Тіл жаттығуы «Дауыстарын қайтала»

Сурет бойынша әңгіме құрастыру  

1

  Жануарлар суреттері, аудио, видео таспалар
14. Қысқы тіршілік.

Саусақ жаттығуы  «Қасқыр»

Қыстап қалатын құстар мен жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру 1   Құстар мен жануарлардың мазмұнды суреттері
15. Менің Қазақстаным.

Саусақ жаттығуы  «Үй »

Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. Еліміздің рәміздері, астана туралы түсіндіру 1   Рәміздер, Астана туралы бейне ролик
16. Қысқы еңбек.

Саусақ жаттығуы  «Мұз бұлақ»

Адамдардың қысқы еңбегімен таныстыру. Үлкендердің еңбегін құрметтеуге баулу 1   Үлкендердің еңбегі туралы сурет, бейне ролик
                       Қаңтар 17. Қыс қызығы.

Саусақ жаттығуы  «Аққала»

Қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Сурет бойынша әңгіме құрастыру 1   «Қыс қызығы» картинасы
18. Сөз тіркестері, сөз, буын, дыбыс.

Тіл жаттығуы «Қоңыз»

Сөз тіркестері туралы түсінік беру. Сөз тіркестерін сөздерге, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөле білуді үйрету 1   Қоңыз туралы материалдар (интернеттен)
19 Киімдер.

Саусақ жаттығуы  «Қолшатыр»

Киімдер туралы түсініктерін кеңейту.Жыл мезгіліне байланысты киетін киімдер туралы әңгімелесу 1   Жыл мезгіліне байланысты киімдер суреттері
20 Үй жануарлары.

Саусақ жаттығуы  «Ботақан»

Үй жануарлары туралы алған түсініктерін тереңдету.Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға, олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту.Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға баулу, ересек адамдардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу 1   Үй жануарлары туралы слайд, аудио, видео таспалар
             Ақпан 21 Жабайы аңдар.

Саусақ жаттығуы  «Қорбаңбай аю»

Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету. Сөздік қорларын байыту 1   Жабайы аң туралы ертегі слайды, аудио, видео таспалар
22 Көлік түрлері.

Саусақ жаттығуы  «Ұшақ»

Көліктер туралы түсініктерін кеңейту. Қол жаттықтыру жаттығулары 1   Көлік түрлері  туралы слайд, аудио, видео таспалар
23 Аң аулау.

Саусақ жаттығуы  «Қарсақ пен түлкі»

Аңшы туралы әңгімелеу. Аңшы сөзін жекеше, көпше түрде айтқызу. Сурет бойынша әңгімелесу 1   «Аңшы» картинасы
24 Сурет бойынша әңгіме.

Тіл жаттығуы «Майлыаяқ»

Әңгімені үлгі сызба бойынша баяндау. Әңгімені өз қиялымен аяқтау. Тіл ұстарту жаттығулары 1   Итке байланысты суреттер жинағы
                  Наурыз

 

 

 

 

25 8 наурыз – Аналар мерекесі.

Саусақ жаттығуы  « Гүл тереміз»

Аналар мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлемдер құрастыру. Ана тақырыбына өлеңдер оқу. Сөздерді анық айтқызу  

1

  Ана туралы өлең (Тәрбиешінің шығармашылығы бойынша)
26 «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі.

Саусақ жаттығуы

« Тышқан»

Ертегі мазмұнын айту, сахналау.Жұмбақтар шешу, өлеңдер оқу  

1

  Ертегі желісі бойынша сахналық қойылым көрнекіліктерін дайындау
27 Наурыз – жыл басы.

Дидактикалық ойын «Сандық»

Наурыз мерекесі туралы түсінік. Ұлттық ойындар туралы әңгімелеу 1   Наурыз мерекесі туралы бейне ролик
28 Малдың төлі. «Төлдер айтысы» ертегісі.

Саусақ жаттығуы  « Бұзауқан»

Ертегіні мазмұндау. Төлдер тақырыбына өлеңдер оқыту. «Төлдер айтысы» ертегісін рөлдерге бөліп, сахналау 1   Ертегі желісі бойынша сахналық қойылым көрнекіліктерін дайындау
               Сәуір 29 Буынға бөлейік.

Саусақ жаттығуы  « Торғай мен түлкі»

Сөздерді буынға бөлдіру. Олардың неше буыннан тұратынын анықтау. Қол жаттықтыру жаттығулары 1   Торғай мен түлкі суреттері
30 Дыбыстың сөздегі орны.

Ойын «Қасқыр»

Сөздегі дауыссыз дыбыстың орнын анықтау.  Тіл ұстарту жаттығулары 1   Қасқыр туралы суреттер
31 Менің сүйікті қалам.

Саусақ жаттығуы  « Күн мен гүл»

Қала туралы әңгімелеу 1   Қала туралы бейне ролик
32 Менің достарым.

Саусақ жаттығуы  « Күн көжек»

Қоршаған орта, достар туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша әңгіме құрату 1   «Менің достарым» картинасы
                 Мамыр 33 Балабақша.

Саусақ жаттығуы  « Тордағы құс»

Балабақша туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша әңгімелеу 1   Балабақша туралы бейне ролик
34 Ауылда.

Саусақ жаттығуы

« Қошақаным»

Ауыл туралы әңгімелеу 1   Ауыл  туралы бейне ролик
35 Ыдыстар.

Дидактикалық ойын: «Ыдыстарды толықтыр»

Ыдыс-аяқ туралы түсініктерін кеңейту, жұмбақтар шешкізу. Сөйлемдер құрастырту 1   «Ыдыстар» картинасы сериясы
36 Біз мектепке барамыз.

Дидактикалық ойын: «Оқу құралдарын ата»

Мектеп туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу 1   Мектеп туралы бейне ролик
36 сағат  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты

 

Мектепке дейінгі ересек жастағы   балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз»  бағдарламасы

 

Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы

 

Г.Д.Абдрахимова

«Саусақ және тіл жаттығулары»    «Арман-ПВ» баспасы,2013жыл

 

Тіл дамыту. Дидактикалық ойындар     Алматы-кітап баспасы, 2008жыл

 

Е.Өтетілеуова   «Балақай» өлеңдер жинағы    Алматы-1986 жыл

Д.З.Жүсіпова, С.Ж.Андабекова, К.А. Сатыбалдиева, Қ.Т.Байғабылова  Көркем әдебиет   Хрестоматия                   «Аруна» баспасы  Р.Б. Нұртазина, А.Д.Сейсенова, Б.Х. Исмағұлова, Г.Қ. Досмамбетова

Көркем сөз әлем

Алақай   Хрестоматия        «Аруна» баспасы

 

Д.З. Жүсіпова, Ф. Қ. Исхакова, Т.Ж.Омарғалиева, Б.Ж.Ноғайбекова

Тіл дамытудың ғажайып әлемі    «Аруна»  баспасы

 

Құрастырушы-автор:  Г.Ә.Досымова

Облыстық оқу  орталығының шығармашылық топ мүшесі,

№32 «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *