Берекелі — Алтын күз!

Берекелі Алтын күз!

Ертеңгілік

                                                                                                     Тәрбиеші: Садуова А.Б.

 

№9 «Шұғыла» ортаңғы тобы

Мақсаты:Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкеністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жоспар:

  • Балалардың кіруі
  • Тақпақтар
  • Ән «Күн суытты далада»
  • Күз ханшайымы кіреді.
  • Би «Қолшатыр» қыздар
  • Тақпақтар
  • Көрініс «Дәрумендер» бізге қажет пе?
  • Би ұлдар «Жемістер мен көкеністер»
  • Ойын «Жемістер мен көкеністер»
  • Тақпақтар
  • Ән «Күзгі жапырақ»
  • Тақпақтар
  • Би «жапырақтар»
  • Ән «Алтын күзге молшылық»

1-жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып

Алтын күз бізге нұр төгіп.

2-жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Бұл қай мезгіл балалар? (Күз мезгілі)

Күз мезгіліне арналған тақпақтарды тыңдайық

 

Ділдә:

Сыңғырлайды қоңыраулар

Қыркүйектің айында

Жас ұландар бара жатыр

Өнер білім бағында

Ислам:

Қазан айы басталды

Құстар қайта бастады

Туыстық адал достықпен

Бейбіт өмір жалғасты

Дария:

Күздің қараша айында

Жиын терін бітеді

Жапырақтар сарғайған

Сыбдыр сыбдыр түседі

Жания:

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз

Айзере:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын күз

Сайрандаған күліп ойнап

Келді міне алтын күз.

 

2-жүргізуші:

Ән: «Күн суытты далада» туралы ән айтайық

1-жүршізуші: Балалар бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты, ол кім болды екен?

Музыка әуенмен күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым

Өмірге көп қосқаным

Молшылыққа кенеліп

Шаттық әнге салыңдар.

2-жүргізуші: Сәлеметсізбе күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет менің достарым! Мен сендерге жұмбақ ала келдім.

  1. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұнға да,

Айналар нанға да.

(Бидай)

  1. Сырты қатты,

Іші тәтті.

                 (Қарбыз)

1-жүргізуші: Сұлу қыздардың биін тамашалайық.

Би: «Қолшатыр»

 

2-жүргізуші: Мерекені ары қарай жалғастырамыз. Балалардың күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық

 

Диляра:

Бір-біріне жер аспан

Мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз деген.

Амирхан:

Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты сары күз

Жер қызығын қиялмай

Маужырап тұр сары күз.

Айару:

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан

Қаздар қайтып барады

Қайтқан елдей жайлаудан

Бағдат:

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті

Әнге бөлеп жастарды

Асан:

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөле көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді


2-жүргізуші: Енді қазыр балалардың көрінісін тамашалайық.

Көрініс: «Дәрумендер» бізге қажет пе? Көрейік.

Диляра: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Бойымнан әл құрып, көздерім бұлдрлап басым айналып барады!

Айзере: Енді не істейміз? Диляраға қалай көмектесеміз!

Айару: Сабыр сақта, саспайық, дәрігерді шақырайық!

Диляра: Жо-жоқ! Дәрігер керек емес! Қазір өзім тұрамын тез.

Айзере: Алло, алло дәрігер.

Сезім: Алло, тыңдап тұрмын.

Айзере: Біздің Диляраға көмек керек тезірек келіңіз.

Сезім: жақсы қазір келемін.

Жедел жәрдем дауысы

Дәрігер(Сезім) Мені неге шақырдың, не болды?

Айару: Әсел құлап қалды.

Дәрігер(Сезім): Қазір қарап шығайын, не болғаның ұғайын. (тыңдайды) Дәрумендер жетіспейді. Көп-көп жемістермен көкеністер жеуге тырыс.

Диляра: Жақсы енді жемістер мен көкеністерді жейтін боламын. Сізге рахмет. Сау болыңыз!

Би: Ұлдар « Жемістер мен көкеністер»

1-жүргізуші:

Ойын: «Жемістер мен көкеністер»

Шарты: Екі жақтан екі екіден бала шығып камазбен көкеністерді жинау керек.

1-жүргізуші: Тақпақтар

 

Амира:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл туман жерді басқан

Білмеймін тонғаны ма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Арсен:

Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз

Шелек-шелек балымыз

Ағыл-тегіл ағымыз.,

Жалғас:

Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Балауса:

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығына ырзамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз

Алана:

Жепті жидек алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

 

Күз ханшайымы: Бәрекелді балалар, тамаша!

Ән: «Күзгі жапырақ»

2-жүргізуші: Кезекті тақпаққа берейік.

 

Аружан:

Сап-сары ғып даланы

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен

Ерназ:

Алтын нұрдай тамшылап

Жапырақтар төгіледі

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді

Арслан:

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Сезім:

Жайдарлы күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр

Мөлдір:

Күзде жауын. Бұлт.Тұман.

Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйытқыған

Сапырады ауаны.

 

1-жүргізуші:

Би: «Жапырақтар»

Ән: «Алтын күзге молшылық»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Жақсы балалар менің сендерге арналған сыйлығым бар. Апайларын топта береді.

Жүргізуші: Бүгінгі «Берекелі Алтын күз» — атты ертеңгілігіміз аяқталды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *