Тобы: «Қарлығаш» МАД тобы. Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Жаратылыстану. Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.

Мақсаты: Жанды және жансыз табиғат олардың белгілері туралы түсінік беру. Жансыз табиғат нысандарын ажырата білу. Табиғат нысандарына тән сипат бойынша топқа бөле білу. Пайымдау, дәлелдеу, топта жұмыс істеу дағдыларын арттыру. Табиғат, жансыз табиғат, жансыз заттар мен денелерді бақылау. Қоршаға ортаны таза ұстауға, ластамауға, ондағы жан-жануарларға, өсімдіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, оқу, жазу, ойын, сұрақ-жауап, тыйым сөздер,т.б.
Қолданылатын көрнекіліктер: Табиғат суреттері, тапсырмалар, дид/қ ойындар, слайдтар, т.б.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық. 1. Шаттық шеңбері.

Табиғат біздің анамыз,
Жер-ана біздің панамыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

Балалар бүгін топ болып жұмыс жасаймыз, қай топ жақсы қатысып тапсырмаларды дұрыс орындаса осындай фишка беріп отырамын, қай топта көп фишка сол топ жеңімпаз, келістікпе?
-Жарайсыңдар!
-Олай болса балалар үстел үстіндегі суреттерді таңдайсыңдар, сол бойынша топқа бөліне қойыңдар. Ай, күн тобы болып бөлінеді.

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен және қонақтармен амандасты.

Балалар ай, күн тобы болып екіге бөлінеді.
Ұйымдастыру-іздестіру. 2. «Миға шабуыл» Сұрақ-жауап.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы?
-Балалар, НАУРЫЗ, СӘУІР, МАМЫР қай жыл мезгілінің айлары?
-МАУСЫМ, ШІЛДЕ, ТАМЫЗ айлары ше?
-ҚЫРКҮЙЕК; ҚАЗАН, ҚАРАША ше?
-ЖЕЛТОҚСАН, ҚАҢТАР, АҚПАН айлары ше?
-Балалар бізді қоршаған ортаны не деп атаймыз?
Дұыс айтасыңдар балалар, бізді қоршаған ортаны табиғат деп атаймыз. Бұл төрт жыл мезгілдері де табиғаттың заңыдылығына сәйкес ауысып отырады. Бұны табиғи құбылыс дейміз.
-Сендер қандай табиғи құбылыстарды білесіңдер?
Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз. Бізді қоршаған орта: жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.
Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?
-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

3. «Жанды және жансыз табиғат» Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма слайдпен жұмыс.
Дұрыс айтасыңдар,балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп-өнетіндердің барлығы жатады екен.
Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал жансыз табиғат өспейді, тыныс алмайды, көректенбейді. Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады?
Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен. Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Жанды табиғатты жасыл түске, жансыз табиғатты қызыл түске белгілеп боя..

4. Сергіту сәті. (ВИДЕО)

3- тапсырма. Топтық жұмыс.

1ші топ: “Қыстырғыштар” дид/қ ойыны.
2ші топ: “Көлеңкесінен тап” дид/қ ойыны.

4-тапсырма

1ші топ: “Тек жанды табиғатты тап және боя”
2ші топ: “Қайсысы артық?”

5. Табиғатты аялайық. Экокарточкалармен жұмыс.

-Қыс мезгілі.
-Балалардың жауабы.
-Көктем.

-Жаз.
-Күз.
-Қыс.

Табиғат.

Балаладың жауаптары.

Балалар өз ойларын ортаға салады.

Балалар жанды және жансыз табиғаттың суреттеріне қарап, мұқият естеріне сақтайды.

Тапсырамны орындайды.

Рефлексифті-түзетушілік. 6. «Ашық микрафон» қорыту.

1. -Біз қандай табиғатқа жатамыз?
2. -Сусыз тіршілік болама?
3. -Тас өсіп көбейеме?
4. -Сиыр мен бақа тірі табиғатқа жатама?
5. -Ай мен күн қайда орналасқан?

Жанды табиғатқа нелер жатады?

Жансыз табиғатқа нелер жатады?

Жанды табиғат – өсіп-өнетін, көбейетін табиғаттың бір бөлшегі. Олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан — жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады.
Жансыз табиғат – қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Сондықтан олар бір — бірімен тығыз байланысты.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажетілігін;
Нені игереді: Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансыз табиғатсыз жанды табиғаттын өспейтіндігін, олардың өзара байланысын;
Нені меңгерді: Ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп-баптауды;

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *