Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі

Күні: 18.11.19

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері ·         Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айта алады.

·         Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айтады

·         Сөздерді,дыбыстарды дұрыс айта алады.

 

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, музыка
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым, бейне ролик
Тілдік құзыреттілік М дыбысы мен әрпі.
Бастапқы білім Ы ы дыбысы мен әрпі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Ұйымдастыру

«Көңіл күйді бағалау»

—          Балалар, бүгін көңіл – күйіміз қандай? Қане, бір – бірімізге қарап , мимикамыз арқылы көрсетейікші. Ендеше, балалар, осындай керемет көңіл – күйімізбен сабағымызды бастаймыз.

 

—          Балалар, енді өткен сабақты еске түсірейік. Миымызға шабуыл жасаймыз. Қандай әріппен таныстық?

«Ы дыбысы мен әрпі»

Үй тапсырмасы бойынша оқулықтағы сөздер мен мәтінді тізбектей оқу.

 

Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту

 

Жаңа сабақ

Актуалдау.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам,

Балан үйрек –әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.

Біз үйде нешеуміз?

Біз үйде – бесеуміз.

—          Балалар, ата, әже, әке, ана дегендерді бір сөзбен не деп айтамыз?

—          Дұрыс айтасыңдар. Отбасы деп айтады екенбіз.

—          Балалар, БҮГІН БІЗДЕРДІҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫМЫЗ  «МЕНІҢ ОТБАСЫМ» деп аталады.

2 КРИТЕРИЙ

—          Отбасыларыңызда қанша адам бар?

—          Ендеше, отбасы мүшелерін үш тілде айтып көрейік.

(Отбасы мүшелерін үш тілде айту)

—           Жұмбақ шеше аламыз ба?

—          Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешіп көріңдер.

Жұмбақ шешу.
Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті- қолын жуады.

(Мысық)

Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза.

(мысық)

Жауабындағы сөзге мән беріп қарайықшы. МЫСЫҚ.  Қандай дыбыс естіледі? Буынға бөліп көрейік.

№1 Тыңдалым.

1  КРИТЕРИЙ ЖӘНЕ 3 КРИТЕРИЙ

 

«М м әрпіне байланысты бейнеролик»

—          М дыбысынан келетін қандай сөздер айтылды?

—          Сөздерді буынға бөліп көрейік.

—          М әрпі сөздің қай бөлігінде кездеседі?

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

 

 «Көңілді көтер» биі Сергіту сәтіне арналған жинақ
 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

М м әрпін жазу

 

Топтық жұмыс

І топ. Буындардан сөз құрау

ІІ топ. М әрпінен келетін сөздерді топтап жабыстыру

ІІІ топ. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау

ІҮ топ. Берілген суреттерде м әрпі сөздің қай бөлігінде орналасқан? Соны тауып, қорапшаларға салу.

Дескриптор:

Ø  Буындардан сөз құрайды;

Ø  М әрпінен келетін сөздерді тауып, жабыстырады, топтастырады.

Ø  Сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

Ø  М дыбысының сөздің қай бөлігінде келетінін ажырата алады.

ҚБ:  «От шашу», «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Үш шапалақ»

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

 

Қорытындылау.

«Шеңбердегі доп» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Шарты: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім кез келген оқушыға сұрақ қойып , жауабын алады.

Пирамида құрастыру
—- 1. Бүгін танысқан әріп (М)
——— 2. Буын (Ма)
———— 3. Сиыр, қой, ешкі, жылқы бір сөзбен қалай аталады? (Мал)
—————— 4. Киім неден тігіледі? (Мата)

 

Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»

 

 

 

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?  

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *