«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,елжандылыққа тәрбиелеу,Отан туралы түсініктерін кеңейту,патриоттық сезімдерін ояту.Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім  менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!

Құрметті тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»   атты тәрбие сағатымызды  назарларыңызға ұсынамыз.

ҚР гимні орындалады.

Мерекелік тақпақтарымен балаларды ортаға шақырамыз

Саян :

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік – ұлы той.

Азиза:  

Көтерілсе шаттығым,

Ынтымақты ел іші.

Желбіресе көк туым,

Тәуелсіздік жемісі.

Құндыз:         

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған,

Аға, әпкелеріміз.

Би: «Домбыра» (Азиза, Қазына, Жаннұр, Инаят, Гүлнұр, Инабат)

Тілші: -Сәлеметсіздер ме балалар,қонақтар!Басталып кетіпті, мені кешіріңіздер,мен Қазақстан телеарнасынан келген тілшімін,бүгінгі тәуелсіздікке арналған ертеңгіліктеріңіз туралы сұхбат жүргізбекшімін рұқсат болса?

Жүргізуші:

-Әрине рұқсат.

(Тілші балаларға сұрақ қояды)

— Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

— ҚР президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

— ҚР рәміздеріне не жатады? (Ту,елтаңба, гимн)

Жүргізуші:

-Рәміздер туралы тақпақтарымен балаларымызды ортаға шақырамыз:

Әділжан:     Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің Қазақстан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің,Қазақстан!

Гүлнұр:       Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанаты,

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

Ханәли:     Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ.

Төбесінде жұлдызы,

Тұр ғой әне жарқырап.

Нұрзат:         Аялап ару  ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстан.

Нұрдәулет:     Әнұраны елімнің,

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Тілші:

-Тамаша балалар бәрін біледі екенсіңдер!

Жүргізуші:

-Тілші мырза сіз бүгін сұхбат алып үлгеріңіз және біздің балаларымыздың бүгінгі мереке арналған ән,би, тақпақтарын да тамашалаңыз.

Ән  «Нұр Отан»

Жүргізуші: Слайдтан суреттер Желтоқсан туралы.

Желтоқсан – заман толғағы  байтақ  даланың,

Шарпыған сәті үміт пен  күдік қаланың.

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира,

Құрбаны болған жаланың.

Ал қоғамның  адамнан  барма  асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан  зар басылып.

Желтоқсан  құрбандарын есек алып, бір сәт үнсіздік жариялайық.

-Жарайсыңдар балалар,Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтеріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты.Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев,Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды.Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Осы аға — апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.

Көрініс: «Савицкийдің өліміне кінәлі»

Әділ (Қайрат): Қара қазақ ханы үшін,

Қарусыз шықты қабанға.

Алыстан әскер алғызып,

Кіріп салды – ау тоғанға.

Кез болдық сонау заманға,
Савицкий еді гой

Басты себеп жан-жалға.

Қазына(Тергеуші):  Тоқтат , өшір үнінді, алып келіңдер мынаны.Ей, маған не деп отырсын. Савицкийді өлтірген  сен ба!

Қайрат: Жоқ мен емес.

Тергеуші:  Сен мойнына ал!

Жоқ мен емес өлтірген, мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала  жапппаңыз.

Тергеуші:  Әй бағана анана не үшін бардың.

Азаттық үшін.

Тергеуші:  Мә саған азаттық үшін ба,жазасын беріңдер.

Инаят(Анасы): Жоқ балам Кетіңдер, Тейіспендер. Құлыным — ау. Құдайым — ау не жаздым мен саған.

Анасы:  Құлыным –ау  сенің де анаң бар шығар. Ақ жаулығымды  сыйландаршы . Кешіріңізші оны. (анасы басындағы орамалын шешеді)

Тергеуші:  Оны итеріп жібереді.

Қайрат: Көтер оны, Көтер ана басынды, Өтті кетті, шығарма көз жасынды.Қазақпын  гой мың өліп мың тірілген.Көрсетпе көз жасыңды.

Анасы: Өншен иттер,оңбағандар, қарғы сатсын сендерді. Иттер, оңбағандар

Тергеуші:  Алып кетіңдер мынаны.

Анасы: Жоқ балам. Жіберіңдер, Жібер менің балапанымды. Құлыным ды жіберіңдер жібер.

Қайрат: Соңғы ақтық сөзім   бар  тыңдандар.

Қайрат: Тоқтаңдар,айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар
21 де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең,алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең,атам десең атыңдар!

Тергеуші:  Алып кетіңдер, жаның беріңдер.

Жүргізуші:  -Ал енді балалар қонақтарға 16-шы желтоқсан туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Жаннұр:        Желтоқсанның ызғары-ай,

Кірпікке қатқан мұздар-ай.

Елім-ай деп есілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.

Асылхан:        Жасай берші ұлы күн,

Үміті боп елімнің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп ананың.

Айана:             Отан-Тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің ер халқын.

Отан-өлкең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Нұрислам:        Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерекесі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Жүргізуші:

-Келесі кезекті мерекелік биімізге береміз.

Би:«Қазақша биі»

Тілші:

-Жарайсыңдар, балалар! Апай рұқсат болса мен ата-аналарға сұрақ қойсам.

Жүргізуші:

-Рұқсат қоя берініз.

Тілші:

-Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіз?

— Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

— Біздің бас қаламыз қай қала?

— Ал балалар сендер Астана қаласы туралы тақпақтар білесіңдер ма? (Ия)

Инабат:       

Гүл жайнаған Астана

Қазақстан жүрегі.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар отаны.

Ақүміт:   

Жас Астана, жас қалам,

Тарихың бар ашпаған

Ордасы боп ойшылдың,

Ей, бас қалам, Астанам.

Дария:         

Әсем қалам – Астанам,

Әлемдегі жас қалам.

Әр күн сайын өзгеріп,

Бой көтерді бас қалам.

Жүргізуші:

-Келесі кезекті мерекелік биімізге береміз.

Би:«Алға Қазақстан» Ұлдар биі

Тілші:

-Балалар сендер Отан, туған жер туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? (Ия)

Мансұр:         

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Ерсаят:     

Отан –елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

Мейіржан:        

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

Ақжібек:    

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Ән: «Көк тудың желбірегені!» 

Жүргізуші:

-Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз,келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *