Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстың тиімділігі

Іле аудандық білім бөлімі

«Ыдырыс Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебі» МКМ

 Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары

Тақырыбы:  «Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстың тиімділігі»

Орындаған: Алмабекова Гүлзира Бакдаулетовна

Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстың тиімділігі

 

“ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. ”

(Н. Ә. Назарбаев.)

Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.

“Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.

Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы өткізу оқушылардың  зейінін ашып,қызығушылықтарын оятады.Соның бірі- сыныпты топқа бөлу.

Оқушылардың топтық жұмыс немесе  ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.

Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

Топтың жұмыстың маңызды сәті – сыныпты топқа бөлу. Бөлудің көптеген әдісі бар, олар оның топтағы кейінгі жұмысы қалай ағатыны және бұл топ қандай қорытындыға шығатынын көптеген жағдайларда анықталады.Топта 4-тен 6 адамға дейін болуы мүмкін.

Жалпы оқыту мен оқу процесінде неліктен топтық жұмысты ұйымдастырамыз?

  • Біріншіден, 21 ғасыр дағдысының бірі – ынтымақтастықта жұмыс жасай білу.
  • Екіншіден, адамдар қалай оқиды? Зерттеулер бойынша адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста жақсы қолайлы сезінеді, олардың танымдық және әлеуметтік дағдылары қалыптасады және артады.
  • Үшіншіден, себебі «Мәңгілік ел» құндылықтарында ынтымақтастық және бірлік. Осының бәрін біле отырып, мұғалім оқыту мен оқу процесінде топтық жұмысты ұтымды қолдануға тырысады.

 

Топпен жұмыс кезінде қойылатын ережелер

  • Жұмыла жұмыс істеу
  • Бір біріне көңіл бөлу.
  • Жоспар бойынша жұмыс істеу.
  • Бастаған істі аяқтау.
  • Бәрін тыңдау.
  • Бір шешімге келу.
  • Барлық топ қорытындыға жауап береді.

Топта жұмыс істеудің нәтижесі:

  • Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
  • Оқу тапсырмаларды орындау үшін маханикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
  • Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
  • Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметттік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
  • Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап,өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдаалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Бұл арқылы топтарда жұмыс істеуде, оқушыларға тапсырма жасату барысында да қолдау көрсетіп,нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсету.
  • Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы сөз қозғаған кезде мұғалімдер де «оқушыларды топқа қалай біріктірсем?», «топқа біріктірудің қандай жаңа әдістері бар?» деген сұрақтарды қойып жатады.

                              Топқа бөлудің түрлері:

 

       Біріншіден, кездейсоқ топ. Топтық жұмысты орындау үшін бір топта қандай оқушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда мұғалім  осы ұсынған 17 немесе мейлі 20 әдіспен оқушыларды шағын топқа біріктіреді. Топтың мүшелері кездейсоқ бірігеді. Мұғалімге сыныптағы оқушылардың бір-бірімен мейлінше араласқаны маңызды.

Екіншіден, аралас топ. Мұғалім мақсатты түрде шағын топқа әртүрлі деңгейлі оқушыларды біріктіреді. Себебі,  бұл топтық жұмыс  жаңа оқу мақсатына  жету үшін қажетті алдыңғы білімдері мен біліктерін қайталап, бір-бірінің есіне түсіру мақсатында ұйымдастырылған. Яғни бір тақырып бойынша білімі бар балалар мен білімі аз балалар топтарға бірігеді. Мұғалім алдын ала бұл топтың мүшелерінің кім болатынын жоспарлайды.

Үшіншіден, деңгейлі топ. Мұғалім ерекшеліктеріне қарай топтарға біріктіреді. Қызығушылығы бір оқушылар бір топта немесе жоғары деңгейлі, орта және төмен деңгейлі оқушылар. Оларға арнайы тапсырмалар дайындалады. Бұл топтық жұмысты жоспарлау кезінде мұғалім неліктен оқушыларды дәл осылай біріктіретінін және неліктен осы тапсырмаларды беретінін нақты түсінеді.

Төртіншіден, қалаулы топ. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша отыруға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын білу үшін бұл әдісті пайдалану болады. Сыныпта қандай да бір топтық жоба жұмыстарын жасау керек болған кезде бұл әдісті қолдану тиімді болар деп ойлаймын.

Бесіншіден, қыз-ұл деп бөлуге болады. Бұл әдіспен оқушыларды біріктіру мұғалімге қыз балалар мен ер балалардың оқудағы ерекшеліктерін терең зерттеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі басты бағыт бұл орайда орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні білім беру жүйесінде  «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым – қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады». Халық даналығы да осыны растап тұр: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас!» Екі жарым мың жыл бұрын қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін !» Міне, осы себептерге байланысты оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрауы керек, әрбір оқытушы интербелсенді құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің төрінен көру қажет. Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, құзырлылық, машықтарды иемденеді: терең және жүйелі ойлану; ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, оның ішінен керектісін таңдап алу; ақпаратты жан – жақты талдау және бағалау; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; өз біліміне, өміріне деген жауапкершілікті тереңінен сезіну; басқалармен тиімді қарым – қатынас құру. Бұл дағдылар мен құзыреттіліктер болашақта білім алушыларды бүгінгі күні тіпті де болжауға мүмкін емес проблемелардың шешімдерін таңдуға жетелейді. Қазір Батыс мемлекеттердің мектептерінде «дәптер» және «кітап» ұғымдарының орнын «планшет» ұғымы басқан. Замануи маман ақпараттық коммуникациялардың осындай түрлерінің құлағында ойнауы қажет, онсыз ол бүгінгі күн талаптарына сәйкес келмей қалмауы ықтимал. Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивті) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған (конструктивтік) білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Қайталау емес, өздігімен білім құрастыру қажет бұл күнде. Ал бұл мақсатқа әр сабақта интербелсенді әдістемені қолдану арқылы ғана жетуге болады. Интербелсенді оқуда оқушылар өз біліміне және өзгелердің біліміне деген жауапкершілікті өздеріне жүктеп алады, ал педагог ұйымдастырушы, басқарушы, бағыт – бағдар беруші, қолпаштаушы болады.

Мен,өз сабағымды  өткізу кезінде бағдарламада ұсынылған жеті модульде қарастырылған идеяларды пайдалана отырып, сабақтарымды өткіздім. Оқушыларды әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға тарттым. Топтық жұмыстардың ережелерін оқушылармен бірігіп құрастырдық. Топтық жұмысты жасауда ынтымақтастық атмосфера жасадым. Топтасу барысында әр оқушы қамтылды. Оны  тренингтер арқылы жүзеге асырып отырдым. Сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетті. Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, әрқайсысының пікірі құнды екенін білді. Алғашқы сабақта оқушыларды біріктіру үшін топтарға бөліп отырғыздым. Кейінгі сабақтарда топтағы оқушылар орындарымен ауыстырылды.Әр сабақта топтарды өзгеріп отырғанын қадағалауға тырыстым. Өткізген сабақтарымдағы менің ендігі рөлім бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, топтық ережелерді сақтау барысын қадағалаушы, оқушылардың білім деңгейін бағалаушы, бақылаушы. Сабақ барсынды АКТ-ны жиі пайдаланып отырдым.Өйткені  АКТ арқылы оқушылардың  ойлау қабілеті мен тіл байлықтары дамыды.

Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырды. Жаңа бағдарлама бойынша өткізген сабақтарымда оқушылар жауаптарын ауызша айтып ғана қоймай, ойларын жеткізу мақсатында қағаз бетіне түсіріп немесе презентация құрып, тіпті тақырып бойынша көрініс көрсетіп, өлең жолдарын шығарды. Бұдан  қорғаудың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетуге мүмкіндік болды.

Топтық жұмыс әдебиеттік оқу сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысымда мынадай өте қызықты  сабақ өтетінін  білген жоқпын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушыларым жалығып отырушы еді. Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылар қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай  біледі. Орташа оқитын оқушы  төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр. Ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында  топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінді. Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал  түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы  кеңінен талқылап отырды.  Менің ойымша осы сабақтарда  сыни тұрғыдан ойлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беру үшін  бағалау және оқуды бағалау, білім берудегі басқару және көшбасшылық және талантты мен дарынды балаларды оқыту модульдері араласып өтілді. Әсіресе, әдебиетік оқу пәнінде «Адам болам десеңіз» тарауы бойынша өтілген әрбір тақырыпты  өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын. Сабақ тиімді өту үшін көп ізденушілік, жауапкершілік керек.

Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім беру­дегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Пе­да­гогтарды бұл бағытта даяр­лау нәтижелі жүруде. Соның бірі соң­ғы 2-3 жыл көлемінде қо­ғамда пайда болған, шетелдік әріп­тестер үндеген «Facebook», «WhatsApp» тәрізді әлеуметтік желі бағ­дарламаларын қолдану педагог үшін аса қиындық соқтыра қойған жоқ. Бұл – қуа­нышты жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады. Нәтижесінде мұғалім жеке уақы­тын, қаржысын үнемдеуге, заманауи технология­ны жеке басына пайдалана білуге үйренеді. Мұндай ұстаз пе­да­го­гикалық қызметіне де жаңа тех­нология­ны толыққанды қолдана білу дәре­жесіне көтеріледі.

«Сабақ кезеңдерінен …..»

Тақырыбы: «Тазалық-денсаулық кепілі».

Оқу мақсаты:

3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру,спорттың қандайда бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің бойындағы қабілеттерін анықтау

 

Қорытынды:

К.Ушинский айтты, оқытушының ең маңызды міндетінің бірі – оқыту жұмысын балаға қызықты қылу. Топтық жұмыс осы талапқа толық мәтінде жауап береді.

Сабақ барысында мұғалім оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекеттерің қамтамасыз ету керек, оның ұыймының әр түрлі формасын қолдануымен. Соның ішінде топтық жұмысты ерекше атап айтуға болады.Оқушыларды топқа бөлу арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартып,өзіндік пікірі,айтатын ойы қалыптасады.Өз ойын басқалар пікірімен слыстыру арқылы жеткізеді.Ең маңызды тиімділігі оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелейді.Сол себептен де топқа бөлу әдісі көп қолданылатын,оқушылардың қызығушылығын тудырып,оқушыларға ұнайтын әдістің бірі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  • «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану»  Оқу құралы /Әлімов А.Қ., Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.
  • «Ел және мұғалім» газеті, №5 (0014), 10 ақпан, 2017 ж.
  • Аймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек) Қазақ баспасы, 1929.
  • Н.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014ж.
  • ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010
  • Білім технологиялары» №3, 2014ж. .

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *