Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не?

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5

Сабақ тақырыбы: Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не?

САБАҚ: Мектеп: 18
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Есполова Г.К.
Сынып: Қатысқандар саны:                    қатыспағандар:
Осы сабақты меңгеруге көмектесетін Оқу мақсаттары 1.5.3.1.Дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаттары Табиғи дыбыс көздері мен олардың таралу ерекшеліктерін түсіндіру, бақылау

Барлық оқушылар: табиғи дыбыс көздерін біледі

 

Көптеген оқушылар:табиғи дыбыс көздерінің ерекшеліктерін атайды

 

Кейбір оқушылар:табиғи дыбыс көздерінің таралуының не екенін біледі

Бағалау критерийлері Табиғи дыбыс көздерін атай біледі.

 

Табиғи дыбыс көздерінің ерекшеліктерін атай біледі

 

Тілдік мақсаттар Дыбыс -звук- sound

Табиғи дыбыс- природные звуки- natural sounds

Құндылықты дарыту Табиғатты бақылауға,күтуге, қорғауға тәрбиелеу, сүйіспеншілігін арттыру.
Пәнаралық байланыс Сауат ашу, көркем еңбек
АКТ құзыреттілігі (Мұғалім тарапынан) Aktiv inspire мен дыбыстар тыңдату
Бастапқы білім Дыбыстың не екенін біледі. Дыбыстың айтылатындығын, естілетіндігін, қолмен ұстай алмайтынын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт 45 минут Жоспарланған іс-әрекет ресурстар
Сабақтың басталуы

1 минут

 

 

 

12 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері:

Өмір қандай көңілсіз

Дауыстарсыз, дыбыссыз!

Әнсіз, күйсіз, шуылсыз

Айналамыз сұрықсыз.

Әр дыбыстың мәні бар

Мәнін тауып ұғып ал!

(Т) «Құпия зат» әдісі.

Әр топқа табиғи дыбыс көздері бар сурет таратылады. Сол суретке байланысты әр топ 5 сұрақ ойластыруы қажет.

1- топ  Құс суреті

2- топ  Арыстан суреті

3- топ  Маса суреті

4- топ  Ара суреті

Сұрақтар дайын болғаннан кейін бір-бірлеріне сол құпия затты жасырады. Қалған топтар табады. Құпия зат табылғаннан кейін сол заттың дыбысын салады.

Бағалау. Сұрақтардың дұрыс қойылуы және құпия заттың дұрыс табылғанын бағалау.

Балалар басбармақ арқылы бағалайды.

— Балалар, біз қазір не істедік?

Жұмбақ шешкізу.

Естиміз, бірақ көре алмаймыз.

Айтамыз, бірақ жаза алмаймыз.

Бұл не?(Дыбыс)

Дыбыс дегеніміз не?

Ал орысша және ағылшынша осы дыбыс сөзін кім айтады?

«Дыбыс -звук- sound»,  жақсы.

Олай болса бүгін біз сендермен дыбыстар туралы білетін боламыз.  Сендер дыбыс көздерімен жәнедыбыстың таралу ерекшеліктерімен  танысасыңдар.

 

 

 

 

 

Құс, арыстан, маса, ара суреттері

Сабақтың ортасы

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

10 минут

(Ұ)Тақтаға назар аударайық!

Орман суреті. (Оқулықтың беті) Оны суреттеп беріңдерші.Кім осындай жерде бұрын болып еді? (Егер бар болса әңгімелеп беруін сұрау)

— Суретте қандай дыбыс көздерін көріп тұрсыңдар?( Сарқырама,жел ,жапырақтар, еліктің аяғының астында жатқан бұтақтар, аралар, Негеш пен Эврика)

— Олар қандай дыбыс шығарады?

(Балалардың жауабы тыңдалады)

«Дыбыстарға еліктеу» ойыны.

Құс қалай сайрайды? Жел қалай соғады? Эврика қалай күліп тұр? Шынымен солай ма екен, кәне тыңдап көр.

Балалар еске түсірейікші, жарықтың қандай түрлері бар еді? (Табиғи және жасанды.) Неге оларды табиғи деп атайды? Ал қалай ойлайсыңдар, жаңа естіген дауысты қандай дыбыстарға жатқызуға болады? (Табиғи) Неліктен? (Оқушылардың жауабы) Оқушылар табиғи дыбыс көздеріне табиғи нысандар жататыны туралы шешімге келеді.

Есте сақта! Табиғи дыбыс көздеріне табиғат құбылыстарының, адам және жан-жануарлардың дыбыстары жатады. Оларды табиғи дыбыс көздері деп атайды.

Сергіту сәті. 1 топ дыбыс шығарады, ал екіншісі ненің дыбысы екенін табады

(Т)

1- топ Әртүрлі суреттер беріледі. Сол суреттердің ішінен табиғи дыбыскөздері бар суреттерді бояйды

2- топ 2 сурет беріледі. табиғи дыбыс көздерін белгіле және 5 айырмашылықты тап.

3- топ Суреттерден табиғи дыбыстарды анықта және дыбысын сал

4- топ  Сабақта тыңдалмаған 5 түрлі табиғи дыбыс сал.

Дескриптор

Табиғи дыбыс көздерін анықтайды

— Айырмашылықтарын табады

— Табиғи дыбыстарды келтіреді

Бағалау.Топтар шапалақ арқылы бірін-бірі бағалайды.

Aktiv inspire мен орындалған флипчарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

Сабақтың соңы

8 минут

Серпілген сұрақ әдісі арқылы қорытындылау.

— Табиғи дыбыс көзіне нені жатқызар едің?

-Дыбыстар қалай ерекшеленеді?

-Табиғат құбылыстары табиғи дыбыстарға жата ма? Мысал келтір.

-Адамның күлуі, жылауы табиғи дыбыс па?

Рефлексия

Бүгін не білдім?

Мен үшін не қызықты болды?

Әлі де не түсініксіз

доп

 

 

 

 

 

Бағдаршам

Қосымша ақпарат
Саралау Бағалау Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушыларға жеміс-жидектердің муляжын  таратып қандай жануарлардың жақсы көретін азығы екенін , сол жануадың қандай дыбыс шығаратынын , қалай шығаратынын сұрау. Оқу үлгерімі төмен оқушыларға өздерінің жақсы көретін затының дыбысын шығаруды ұсыну. Құпия зат әдісі. Серпілген сұрақ. Бас бармақ, шапалақ, бағдаршам әдістерін қолдану арқылы бағаланады Сауат ашу, көркем еңбек. 

Табиғатқа саяхатқа шыққанда сақ болу керек. Әр түрлі жәндіктердің шағуынан, жыланның шағуынан. Табиғат аясында от жағуға болмайды. Қоқыс тастап, табиғатты ластамау керектігін ескерту.

Пайымдаулар

 

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не нәрсеге үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолдан келді ме?

Мен уақыттық кестені ұстандым ба? Мен жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ бойынша бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап  беріңіз.
 
Қорытынды бағалау

 

Неғұрлым жемісті екі сәтті атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға ықпал ететіндей екі жайтты атаңыз (сабақ беруде де, оқытуда да)?

1:

 

2:

 

Мен сынып пен жекелеген оқушылар туралы жаңа нені білдім және бұл менің келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *