Зат есім

 

 

Мектеп: Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп
САБАҚ: Қазақ тілі

ТАҚЫРЫБЫ: Зат есім

Күні: Мұғалімнің есімі: Молдахан Ж.А

 

Сынып: 4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

4.1.6.1-белгілі бір тақырыпта берілген мəтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Оқыған мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін, негізгі ойын анықтайды.

мəтіннің мазмұнын болжайды жəне өз ойын дəлелдейді

Көптеген оқушылар: Мəтіндегі негізгі жəне туынды зат есімді табады.

Кейбір оқушылар: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Мəтін бөліктерін ажыратады.

Мəтіннің айырмашылығы мен ұқсастығын табады.

Мəтін мазмұнын болжайды.

Құндылықтарды дарыту Адамгершілік, еңбекқорлық.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім  Сөз таптары.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығулар Ресурстар
Басталуы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әр оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерді айтады, қалған оқушылар «Бұл КЕРЕМЕТ» деп бас бармақтарын көрсетіп, қолпаштайды.

Балалар парта үстінде тұрған түрлі-түсті қағазды таңдайды.Топқа бөлініп отырғызып, әр топ өзіне атау қойып, топ басшысын сайлайды.

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

1. Қазақ тілінде неше жалғау бар?  (4)

2.Тәуелдік жалғауы неше жақта тәуелденіп қолданылады?

3.Жалқы есім дегеніміз не?

4. Жалпы есім дегеніміз не?

«Миға шабуыл» әдісі

Тақтада тұрған, сөзжұмбақты шешу

Сұрақтары жұмбақ арқылы берілген

1.     Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,

Қарасам толып жатыр көзін ашып

Үйіме сәулеленіп түссе жарық,

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып   (Жұлдыз)

2.     Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып

Жүргенде жол салады табандатып   (Қалам)

Әрбір жұмбақты табу арқылы, жаңа сабақтың тақырыбы шығады. «ЗАТ ЕСІМ»

Оқушылардан зат есімнің ережесін сұрау

 

 

 

 

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

Ортасы Оқулықпен жұмыс

22-жаттығу. 13-14 бет, (Т) Мəтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақ қою.

Дискриптор:

1.Мәтінді оқиды

2.Мәтіннің негізгі ойын анықтайды

3.Негізгі және туынды зат есімді анықтайды

«Сұрақ қоюшы қалпақ» ойыны арқылы əр топтан бір оқушы қалпақ киіп, мəтін бойынша қалған топтарға сұрақ қояды.

Болжамды сұрақтар:

– Мəтін не туралы?

– Орман ағаштарын ауруға шалдықтыратын құрт қалай аталады?

– Жұлдызқұртты қандай құс тазалайды?

– Ұзақ немен қоректенеді?

– Ол қайда ұя салады?

– Ұзақты «дəрігер құс» деп атауға бола ма? Неге?

– Ұзақ тағы немен қоректенеді?

– Ұзақтың зиянынан пайдасы көп дегенді қалай түсінесің?

– Мəтіннің мазмұны мен тақырыбы бір-біріне сəйкес келе ме?

Топтық жұмыс . Берілген тапсырма бойынша постер қорғау

«От шашу » арқылы бағалайды

23-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Жаңылтпашты жатқа жазу.

Шыншыл еңбекшіл-өрмекші,

Өрмекші- шын өрнекші

КБ: Туынды зат есім дегеніміз не?

Сергіту сәті (Оқушылар орнынан тұрып, сергіту сәтін орындайды)

24-жаттығу. (Ө; Ж) Зат есімдерге -шы, -ші жұрнақтарын жалғау арқылы туынды зат есімдер жасау Негізгі зат есімдерді бір бағанға, туынды зат есімдерді екінші бағанға жазу

Негізгі зат есім Туынды зат есім
мүсін биші

 

25-жаттығу. (ЖЖ) Кестені толтыру. Қоян туралы не білетінін анықтау. Ол үшін жетекші сұрақтар қою. Сұрақтар:

– Қоянның түрі қандай?

– Ал түсі қандай болады?

– Қоянның қасиеті туралы не білесіңдер?

– Оның қандай пайдасы бар?

Дескриптор:

кестені толтыру үшін мәліметтер жинақтай алады.

Кестеде берілген тірек сөздермен мəтін құрастыра алады.

 

 

 

Тапсырма

ны орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

Аяқталуы

 

 Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады екен?

Құрылымы бойынша нешеге бөлінеді?

Сұрақтары қандай?

Мысалдар келтіру

Білім алушыларды мадақтау

Үй тапсырмасы

Негізгі және туынды зат есімдерді қатыстырып 5-6 сөйлем құрау

 

 

Соңы Кері байланыс

Оқушылар стикерге жазып, ағашқа жапсырады

Нені білдім?

Не қызықты болды ?

Қиындықтар тудырды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *