мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың әдістері

  1. ВНИМАНИЕ

    Теперь Вы можете пройти обучение на курсах без оформления и отправки бумажных документов (Вам не придется распечатывать договор и отправлять его и другие документы почтой). Подробнее

    ИнфоурокДошкольное образованиеКонспекты«Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі» (Баяндама)

    «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі» (Баяндама)

    библиотека
    материалов
       

    Атырау облысы

    Құрманғазы ауданы

    МКҚҚ «Өркен» бөбекжай балабақшасы

    БАЯНДАМА

    Тақырыбы: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясының элементтерін

    қолдану тиімділігі»

    Тәрбиеші: Садыкова Г. М.

    2018-2019 оқу жылы

    «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясының элеметтерін қолдану тиімділігі»

    Садыкова Гулжан Маратовна

    Атырау облысы Құрманғазы ауданы

    МКҚК «Өркен» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

    «Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен

    байланысты әлемдік стандартқа сай

    мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

    Н.Ә. Назарбаев

    Заман көшіне  ілесе отырып, жаңашыл бағытта  жұмыс жүргізу —  барша  педагог алдында  тұрған   негізгі  міндеттердің бірегейі. Бүгінгі күні балабақша ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Әр педагогтің  шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол берілген. Қазіргі кезде педагогика сөз қорына “педагогикалық технология” ұғымы кіріп отыр. Педагогикалық технология – мұғалімдер мен оқушылар үшін жұмыс  орны дайындалған, жан-жақты ескерілген, оқу процесін, педагогикалық қызметті жобалауды, ұйымдастыру мен өткізуге арналған үлгі.

    Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірі — Дамыта оқыту технологиясының жаңа әдіс-тәсілдері — шығармашылық жұмысының арқауы болып отыр.

     Дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдалану – өмірталабы. Сондықтан да оқыту үрдісінде қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет етеді. Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, яғни ой еркіндігіне зор маңызы береді. Сөйтіп, балалардың зейін қойып ойлауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады.

    Бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеуші ғалым Ф. Янушкевич «Жаңа технологиялық сабақ педагогтың өз тәжірибесін жаңғыртуға емес, баланың пайдасына, қажеттілігіне арналуы қажет, сонда ғана сапалы нәтиже болады»-деген. Қазіргі кезеңде білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларды жетік меңгерген, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл педагог болуын қажет етеді.

    Менің де тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым – балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, құштарлығын танытуға бағыттаймын. Соңғы кездері өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қоданып келемін. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту технологиясының стратегиялары балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға, ойнай отырып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Жаңашыл тәрбиеші ретінде әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиеленушілердің қызығушылық-тарын тудыратын әдіс-тәсілдерді саралап, топтағы әр баланың деңгейін ескеріп, өзіндік пікір, идеялар, өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін тапсырмалады дайындап келемін.

    Дамыта оқыту технологиясы — күрделі құрылымды, біртұтас педагоги-калық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында, педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты бала тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар: бала тұлғасын дамыту, оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан білім беру жүйесінің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

    Әр технологияның зерттеуші авторы болады дегендей, дамыта оқыту технологиясының авторлары: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев. Бұл технологияның басты мақсаты: баланың жалпы жандүниесіне, оның сезіміне әсер етіп, логикалық ойлауын дамыту және сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті — оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесе отырып жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді шешу, түсіндіру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет 3 бөліктен тұрады:

    1. Оқу мақсаттарының қойылуы

    2. Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру

    3. Шешудің дұрыстығын дәлелдеу

    Бұл үшеуді Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

    Көп жылдар бойы өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының төмендегі әдіс-тәсілдерін қолданып келемін:

    1. «Ой қозғау» әдісі — (немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады). Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. «Миға шабуыл» стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса, баланың стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Топ құрамын да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінемін. Барлық балалар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағаным, бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

    — Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.

    — Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп  болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).

    — Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.

    — Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

    «Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынандай ережелерді ұстану қажет:

    • Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау;

    • Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау;

    • Кез-келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу;

    • Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.

    Бұл әдісті көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданамын. Мысалы: жұмбақ, сөзжұмбақ, суретті ребустар шешу арқылы оқу іс-әрекетінің тақырыбын өздері тауып, ашады. 

    hello_html_m621461c6.jpghello_html_1e29a4a9.jpg

    1. «Ассоциация» әдісі — бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы: жалпы сөз «Отбасы»: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, т.б. Бұл әдіс арқылы тәрбиеші балалардың сөздік қорын тексере отырып, сауатты сөйлеуге дағды-ландыра алады.


    hello_html_ma6fe97f.jpghello_html_34b451be.jpg

    1. Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – «Салыстыру» әдісі. Бұл тәсілдің басты мақсаты: объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Бұндай тапсырмалар арқылы баланың қиялы, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйреніп, байқампаздығы артады.

    hello_html_728f11a3.jpghello_html_m6b16ceff.jpg

    hello_html_m29e521ad.png

    1. Дамыта оқытудың мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағы бір тиімді тәсілдерінің бірі — «Раунд – Робин» әдісі. Бұл әдіс өткен тақырыпты немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін өте қолайлы. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не білетінін бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай, түгел айтып шығуы тиіс. Мысалы: «Гүлдер» тақырыбында Гүл — өсімдік, гүл — әдемі, гүлді жұлуға болмайды, гүл — хош иісті, т.с.с 


    hello_html_408a328d.pnghello_html_66e7de44.jpg

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *